23 Отбасыға әлеуметтік институт ретінде талдау жасау. Отбасы -институты қоғамдағы ең басты институт. Себебі, тұлғаның туғанынан, жеке тұлға болып қалыптасқанға дейін қоғамға биімдейтін отбасы институты болып табылады.
Отбасы – адамдардың қандық туыстық негізінде біріккен шағын әлеуметтік тобы. Отбасы – адамзаттың түрлі әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған , тұрақты ұйымдасу формасы мен құрылымдық иерархиясы бар арнайы құрылған әлеуметтік институт. Ал неке – қоғам тарапынан арнайы мемлекеттік орган, діни орган, дәстүрлі ақсақалдар рұқсаты және т.б. мекемелермен санкцияланған яғни, ықпал еткен жыныстық қатынастардың тұрақты формасы. Отбасының атқаратын қызметтеріне мыналар жатады : Репродуктивтік яғни, заңды некеде ұрпақ жалғастыру. Келесі Регулятивтік яғни, жыныстық қатынастар мен отбасылық рольдерді, қызметтерді реттеу. Әлеуметтендірушілік тәрбиелеу және қоғамға биімдеу. Одан кейін шаруашылық – экономикалық яғни, шаруашылыққа икемдеу. Және мәдени – рухани уақытты бос өткізбей, тиімді , пайдалы дамуға жұмсау. Соңғысы рекреациялық – релаксациялық , бұл отбасымен демалысқа шығып, түрлі ойындарға қатысып, күш жинау.
Отбасы түрлері : Басқару принципі бойынша :
Эгалитарлық отбасы -яғни ерлі -зайыптылар тең басқарады.
Авторитарлы отбасы- ерлі зайыптылардың біреуі басқарады.
Ал құрамына карай:
1)Нуклеарлық отбасы-бір некелік жұп және балаларынан тұратын отбасы.
2)Күрделі отбасы- нуклеарлық отбасы мүшелері.
3)Толық емес отбасы-ерлі -зайыптылардың біреуінің болмауы.
Ал бала санына карай : Көп балалы,орташа , бір баласы бар,баласыз отбасы.
Қосымша: Атқаратын қызметтерін анықтап беріңіздер. «Отбасы», «үй іші» — бұл тарихи ұғым. Ол өмірдің даму, жоғары қарай өрлеу баспалдағы арқылы қалыптасқан. «Отбасы — қимылы өте шапшаң құбылыс. Ол еш уақытта қозғалыссыз тұрмайды. Қоғамның төменгі сатысынан жоғары сатысына қарай өрлеген даму қарқынымен ілесіп, төменгі қалыптан жоғары қалыпқа ауысып отырады», — деп жазады америкалық ғалым Морган Луис өз зерттеуінде. Барлық анықтамаларға түсіндірме бере отырып, біздің түйіндеуіміз бойынша, «отбасы» — халықтың өсіп өркендеуіне, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабамыздың мұра еткен әлеуметтік тұрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте маңызды рөл атқаратын қоғамның құрамдас бөлігі.