«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Сыбайлас жемқорлықпен күрестің әдістері мен тетіктерін атаңыз



бет19/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

19 Сыбайлас жемқорлықпен күрестің әдістері мен тетіктерін атаңыз
Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.
Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:
● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;
● қоғамдық бақылау институттарын енгізу;
● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;
● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Осы бағыттар шеңберінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымын қайта қарастыруға және жемқорлық құқықбұзушылықтар арасына нақты шек қоюға, мемлекет тіршілігіне азаматтық бақылау жүйесін құру және енгізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ азаматтардың көпшілік ақпаратқа еркін рұқсат алуын қамтамасыз ететін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы», «Қоғамдық бақылау туралы», «Көпшілік ақпаратқа рұқсат туралы» жаңа заңдары дайындалып, қабылданатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің сыбайлас жемқорлық тұрғысынан құқық бұзушылықтарға әсер ететін құқықтық тетіктері толық іске қосылмаған және әлсіз жұмыс істейді. Құқықтық тетіктер екі бағытта жұмыс істейді:
1) ретроспективалық шаралар;
2) интроспективалық шаралар.
Ретроспективалық жауапкершілікнақты тұлғаларға қатысты, олар жасаған құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлі шараларын қолдану.
Интроспективалық (перспективалық) – адамдарды заңды түрде оң жауапкершілік деп аталатын үлгілі мінез-құлқы үшін ынталандырудан және көтермелеуден тұрады. Жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін ретроспективалық жауапкершілік шаралары сыбайлас жемқорлық жөніндегі қолданыстағы заңнаманы қайта қарауды және нақтылауды қажет етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді негіздерінің бірі – сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен қылмыстық-құқықтық күрес жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет