Әлеуметтік- экономикалық бағыттың "Математика" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы


Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақстан тарихы" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет19/28
Дата30.09.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146216
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
6. Әлеуметтік-экономикалық (1)

Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақстан тарихы" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақстан тарихы" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мақсаты – отандық тарихтың негізгі оқиғалары мен процестерін оқыту негізінде тарихи санаға, азаматтылық пен отансүйгіштік қасиеттерге ие, тарихи білім мен дағдыларды оқу және қоғамдық іс-әрекеттерде тиімді және шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
3. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі мәселелері туралы білім қалыптастыру;
2) тарихи қалыптасқан мәдени, ұлттық дәстүр, әлеуметтік және адамгершілік нормаларды білім алушылардың түсінуі негізінде оларда азаматтылық пен қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды тәрбиелеу;
3) әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны мен рөлі туралы жалпы тұтас түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
5) өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
7) әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
8) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
9) коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдану.
4. Оқу бағдарламасы тарихи ойлаудың негізгі дағдыларын қалыптастыруға бағытталған: тарихи дереккөздерді түсіндіру, уақыт пен кеңістіктегі бағдар, тарихи талдау және түсіндіру дағдылары.
Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ "Қазақстан тарихы" пәні бойынша оқыту мақсаттарын тиімді іске асыру: 1) өзгеріс пен сабақтастық; 2) себеп пен салдар; 3) дәлел; 4) ұқсастық пен айырмашылық; 5) маңыздылық; 6) интерпретация.
Пәннің мазмұны 8 бөлімнен тұрады:
1) өркениет: даму ерекшеліктері. Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы. "Орталық Азия" ұғымының тарихи және географиялық аспектілері. Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы. Орталық Азия өркениеттері пайда болуының факторлары. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктері. Ұлы Дала өркениеті. "Ұлы Дала" ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы. Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі). Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті. Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығы және өзара байланысы. Ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсері. Орталық Азия және әлемдік өркениет. Орталық Азия халықтарының әлемдік материалдық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі. Орталық Азия халықтарының әлемдік рухани мәдениеттің дамуына қосқан үлесі;
2) этникалық және әлеуметтік процестер. Қазақ халқының шығу тегі. "Антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдары. Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер. Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырлық этникалық процестердің нәтижесі. Мәдени-генетикалық код - ұлттың негізі. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы. Қазақтарда ру-тайпалық құрылым қалыптасуының тарихи шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. "Ауызша тарихнама", "шежіре", "ру", "тайпа", "ата-жұрт", "атамекен", "ел" ұғымы. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлі. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. "Ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдары. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың қызметі;
3) мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы. "Мемлекет", "билік", "саяси ұйым" ұғымдары. Ұлы Дала көшпенділерінің империялары. Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Ұлы Түрік қағанатының қалыптасуы мен дамуы. Түркі империясының мұрагерлері. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігі. Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы түркі империясының рөлі. Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері. Шыңғысханның әлем тарихындағы рөлі. Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуы. XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер етуі. Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет. Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақ хандарының Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі. Қазақ хандығының саяси институттары. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Бабаларымыздың ұлан-ғайыр аумақты қорғап сақтаудағы рөлі. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуы. Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген ұлт-азаттық күресі. Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендіктің қалпына келтірілуі. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі. "Автономдық кеңес республикасы", "Кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтары. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі – тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялары мен бағдарламалары;
4) мәдениеттің дамуы. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы. Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері. "Мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдары. Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің эволюциясы және сабақтастығы. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. "Әдет-ғұрып" "рәсім", "салт-дәстүр", "діл (менталитет)" ұғымдары. Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтары: әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсету- шынайы патриотизмнің көрінісі. Дала өркениеті тарихымен мәдениетінің ескерткіштері. Тарихи және мәдени ескерткіштердің классификациясы. Қазақстанның рухани құндылықтары – ұлттық бірегейліктің негізі. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы: бастауы, дәстүрі, қазіргі уақыттағы дамуы. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет. Қазақстандық мәдениеттің дамуы. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесі;
5) өркениет: экономикалық даму ерекшеліктері. Қазақтардың тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік. Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсері. "Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі", "қоныстану жүйесі", "экожүйе" ұғымдары. Дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерінің классификациясы. Қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесіндегі кәсіптері мен қолөнері. Қазақтардың қолөнері мен кәсіптерінің этнографиялық зерттелуі. Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары. Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Отырықшы және көшпенді халықтардың экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынасы және өзара әсері. Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. "Экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдары. ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторлар. Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болашағы;
6) саяси-құқықтық процестер. Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы. "Аграрлық саясат", "көші-қон саясаты", "моноэтностық құрам" ұғымдары. Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдері. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның қалыптасуы. "Депортация", "арнайы қоныс аударылғандар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлері. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты. "Көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдары. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтары. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі;
7) қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. "Зар заман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары. "Алаш" – қоғамдық ой және ұлттық идея. "Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастары ("Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары). "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі. Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары. "Мәңгілік Ел" идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығы. Мемлекеттің идеология саласындағы саясаты;
8) білім мен ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы. Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен ойшылдары. XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы. XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулер. Зерттеушілердің Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесі. XIX ғасырда Қазақстанда оқу орындарының пайда болуы мен дамуы. XIX ғасырда -ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өмір сүрген білім беру мекемелерінің ерекшеліктері. Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары. Сауатсыздықты жою. Мектептік, кәсіби және жоғары білім беру. Кеңестік білім беру жүйесінің реформалары. Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым академиясының рөлі. Қазақстанның көрнекті ғалымдары. Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтары және қарама-қайшылықтары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің дамуы: жетістіктері, проблемалары және болашағы. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жаңғыртылуы. Қазақстанның әлемдік білім және ғылым кеңістігіне кірігуі. Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы стратегиялары мен бағдарламалары. Қазақстан Республикасының "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасы. Қазақстан Республикасының инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдары.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 72-96 сағатты (3-4 кредит) құрайды.
2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Бөлім, бөлімше және тақырып атаулары

Сағат саны

Барлығы

Сабақтар

теориялық

практикалық

1 бөлім. Өркениет: даму ерекшеліктері.







1.1.Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы.

+

+

+

1.11-тақырып. Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері.







Тақырып 1.1.2.Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы.







Тақырып 1.1.3. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары.







1.2."Ұлы Дала" өркениеті.

+

+

+

Тақырып 1.2.1. "Ұлы Дала" ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы.







Тақырып 1.2.2. Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі).







Тақырып 1.2.3. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті.







1.3.Орталық Азия және әлемдік өркениет.







Тақырып 1.3.1. Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі







Тақырып 1.3.2. Зерттеу жұмысы. Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала







2 бөлім. Этникалық және әлеуметтік процестер







2.1. Қазақ халқының шығу тегі.

+

+

+

Тақырып 2.1.1. Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер.







2.2. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы

+

+

+

Тақырып 2.2.1. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары.







Тақырып 2.2.2. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері.







Тақырып 2.2.3. Зерттеу жұмысы. Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.







3 бөлім. Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан.







3.1. Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер.

+

+

+

Тақырып 3.1.1. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы.







3.2. Ұлы Дала көшпенділерінің империялары.

+

+

+

Тақырып 3.2.1. Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері.







Тақырып 3.2.2. Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері.







3.3. Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет.

+

+

+

Тақырып 3.3.1. Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі.







Тақырып 3.3.2. Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары.







3.4. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы.

+

+

+

Тақырып 3.4.1. Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі.







Тақырып 3.4.2. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі.







Тақырып 3.4.3. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы.







3.4.4. Зерттеу жұмысы. Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.







4 бөлім. Мәдениеттің дамуы.







4.1. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы.

+

+

+

Тақырып 4.1.1. Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері.







Тақырып 4.1.2. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы.







Тақырып 4.1.3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының қалыптастырудағы орны.







Тақырып 4.1.4. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтері.







Тақырып 4.1.5. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы.







4.2. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті.

+

+

+

Тақырып 4.2.1. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар.







4.3. Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет.

+

+

+

Тақырып 4.3.1. Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы.







Тақырып 4.3.2. Зерттеу жұмысы. Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды







5 бөлім. Өркениет: экономикалық даму ерекшеліктері.







5.1. Қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі.

+

+

+

Тақырып 5.1.1. Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы.







Тақырып 5.1.2. Қолөнер мен кәсіптер.







5.2. Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері.







Тақырып 5.2.1. Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі.







Тақырып 5.2.2. Ұлы Жібек жолының әлеуметтік-мәдени маңызы. Х ғ.-ХІІ ғ. қала мәдениетінің дамуы.







Тақырып 5.2.3. Экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынас және өзара әсері.







5.3. ХVІІІ –ХІХ ғғ.Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы.







Тақырып 5.3.1. ХХ ғасырдың басындағы қазақтың дәстүрлі шаруашылығының күйреуі.







Тақырып 5.3.2. ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы.







Тақырып 5.3.3. Қазақстан Республикасының экономикалық даму бағыты.







Тақырып 5.3.4. Зерттеу жұмысы. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.







6 бөлім. Саяси-құқықтық процестер.







6.1. Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы.

+

+

+

Тақырып 6.1.1. Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы).







Тақырып 6.1.2. Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы.







6.2 Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты.







Тақырып 6.2.1. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты







Тақырып 6.2.2. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі.







Тақырып 6.2.3. Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі.







Тақырып 6.2.4. Зерттеу жұмысы. Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры.







7 бөлім. Қоғамдық-саяси ойдың дамуы.







7.1. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы.

+

+

+

Тақырып 7.1.1. Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы.







Тақырып 7.1.2. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы.







Тақырып 7.1.3. "Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары.







Тақырып 7.1.4. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары.







7.2. "Алаш" –қоғамдық ой және ұлттық идея.

+

+

+

Тақырып 7.2.1. "Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері.







Тақырып 7.2.2. "Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары.







7.3. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы - ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз.







Тақырып 7.3.1. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі.







Тақырып 7.3.2. Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары.







Тақырып 7.3.3. Зерттеу жұмысы.Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі.







8 бөлім. Білім мен ғылымның дамуы.







8.1. Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы.

+

+

+

Тақырып 8.1.1. Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы.







8.2. XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы.







Тақырып 8.2.1. XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер.







Тақырып 8.2.2. XIX - ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы оқу орындарының қызметі.







Тақырып 8.2.3. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы ғылыми мекемелер мен кешенді зерттеулер.







Тақырып 8.2.4. Кеңестік кезеңдегі халық ағарту ісі.







Тақырып 8.2.5. Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары.







Тақырып 8.2.6. Қазақ КСР Ғылым Академиясы – КСРО-ның ірі ғылыми орталығы.







8.3. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі.







Тақырып 8.3.1. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі өзгерістер және зияткерлік білім.







Тақырып 8.3.2. Қазақстан Республикасы білімімен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы.







Тақырып 8.3.3. Зерттеу жұмысы. Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары.







3-тарау. Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері

Бөлім атауы

Бөлімше атауы

Оқыту нәтижелері

Бағалау критерийлері

Өркениет: даму ерекшеліктері

Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы

1)"Орталық Азия" ұғымын аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану.

1) "Орталық Азия" ұғымының тарихи және географиялық ерекшеліктерін талдайды;
2)Әлемдік өркениеттегі Орталық Азия өркениетінің рөлін талдайды

1) Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірлері негізінде қорытынды жасау.

1) Орта Азияның әлемдік өркениетке қосқан рөлін анықтайды;
2) әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірлерін талдайды.

1) Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау.

1) Орта Азияның ежелгі өркениетінің ерекшеліктерін анықтайды;
2) орталық Азия өркениетінің ежелгі ошақтарының қалыптасуы мен дамуын талдайды.

"Ұлы Дала" өркениеті.

1)Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру.

1)"Ұлы Дала" тарихи-географиялық аймағын анықтайды;
2) Тарихи дерек көздерді талдау негізінде "Ұлы Дала" ұғымының мәнін түсіндіреді.

1) Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау.

1) Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін анқтайды (энеолит, қола дәуірі);
2) Ұлы дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдайды.

Орталық Азия және әлемдік өркениет

1) Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін анықтау.

1) Отырықшы-егіншілік және көшпелі өркениет арасындағы сауда-экономикалық байланысты сипаттайды;
2) әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесін саралайды.

Этника
лық және әлеуметтік процестер

Қазақ халқының шығу тегі

1) Этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау.

1) Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдаланады;
2) Қазақстан аумағындағы ежелгі және ортағасырлық тарихи оқиғалар арқылы этногенездің кезеңдерін сипаттайды.

Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы

1) Тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау.

1) Қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа", "жүз", "ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдаланады;
2) қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарын атайды;
3)Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымына баға береді.

1) Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін ашып көрсету.

1)Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек ", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдаланады;
2) қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлін анықтайды.

Мемлекет соғыс және революциялар тарихынан

Қазақстан территория
сындағы ерте мемлекеттер

1) Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру.

1) Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттерді анықтайды;
2) Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін анықтайды;
3) Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымы туралы дереккөздері мәліметтерін саралайды.



Ұлы Дала көшпенділе
рінің империялары

1) Деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау.

1)1) Түркі империясының саяси-экономикалық даму ерекшелігін түсіндіреді.

1) Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуын зерттеу.

2)1) Мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің ерекшелігін талдайды

1) XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау.

1) XIII-XVғ.ғ. мемлекеттердің Еуразиядағы басты тарихи оқиғалардағы белсенділігін сипаттайды.

Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет

1) Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру.

1) Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттайды.

1)Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде зерттеу.

1)Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдайды.

1) Мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін зерттеу.

1) Қазақ хандығының саяси институттары мен ерте көшпелі мемлекеттерін салыстырмалы талдау негізінде көшпелі өркениеттердің мемлекеттік құрылымы нысандарының сабақтастығын дәлелдейді.

Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттілік
тің қайта жаңғыртылуы

1) Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау.

1) Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтайды;
2) қазақ жеріндегі әскери бекіністердің мақсатын талдайды.

1) Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресін зерттеу.

1) Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің кезеңдерін сипаттайды.

1) Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі кезеңіндегі қоғамдық-саяси дамуындағы жетістіктері мен қарама-қайшылықтарын талдау.

1) "Автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдалану арқылы Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін талдау;
2)Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктерін сипаттайды;
3)Қазақстанның кеңестік кезеңдегі қоғамдық-саяси дамуындағы қайшылықтардың себебін анықтайды.

1) Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау.

1) Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын саралай келе қазіргі кезеңдегі қол жеткізген табыстар мен салыстырады;
2) Қазақстанның болашақтағы дамуына байланысты болжамдар жасайды.

Мәдениеттің дамуы

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы

1) Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнердегі жеткен жетістіктерін талдау.

1) "Мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдарын пайдалану арқылы қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттайды;
2) Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін сақтауда материалдық мәдениет пен қолданбалы өнердің орнын айқындайды;
3) Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын талдайды.

1) Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы Ұлы Дала өркениетінің жалғасы екендігін дәлелдеу.

1) "Әдет-ғұрып" "рәсім", "салт-дәстүр", "діл (менталитет)" ұғымдарын пайдалану арқылы қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтайды.

1) Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының қалыптастырудағы орнын анықтау.

1) Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының қалыптасуына көшпелі өркениеттің тигізген әсерін талдайды.

1) Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтердің ерекшелігін сипаттау.

1) Қазақтың дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтерін сипаттайды.

1) Қазақ әдебиеті мен музыкалық мұрасының маңызды жетістіктерін халықтың рухани -адамгершілік құндылықтары тұрғысынан сипаттау.

1) Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтайды;
2)Фольклор және зерттеушілер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениеттің бастаулары мен ерекшеліктерін айқындайды.

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті

1) Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтарды талдау.

1) Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтайды;
2) Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдайды.

Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет

1)Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы сипаттау.

1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттайды;
2) Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіреді.

Өркениет: экономикалық дамудың ерекшеліктері

Қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі
Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері

1) Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы ерекшеліктерін айқындау.

1) Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттейді;
2) Көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің ерекшеліктерін "тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі" , "қоныстану жүйесі", "экожүйе" ұғымдарын пайдалана отырып талдайды.

1) Қазақ қолөнері мен кәсібінің дамуын этнографиялық материалдар негізінде сипаттау.

1) Қазақ қолөнері мен кәсібінің дамуын этнографиялық материалдар негізінде талдайды;
2) Қазіргі қазақ қолөнерінің даму бағыттарын сипаттайды.

1) Қазақстандағы қала мәдениетінің дамуына Ұлы Жібек жолының тигізген рөлін талдау.

1) Картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттейді;
2) Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөліне баға береді.

1) Отырықшы және көшпелі өркениет арасындағы өзара байланыстарды сипаттау.

1) Сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесінде көшпелі және отырықшы халықтың өзара қарым-қатынасын сипаттайды;
2) Дереккөздер негізінде көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін талдайды.

1) Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысын сипаттау.

1) Сауда-экономикалық қатынастар жүйесіндегі отырықшы және көшпелі халықтың мәдениетінің өзара әсерін сипаттайды;
2) Отырықшы және көшпелі халықтың өзара мәдени байланысын талдайды.

1) ХVІІІ –ХІХ ғғ. Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық дамуын сипаттайтын факторларды талдау.

1) Қазақстанның XVIII-XIX ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайтын оң және теріс факторларды айқындайды;
2)Ресейдің отарлау саясаты кезеңіндегі өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды.

1) ХХ ғасырдың басындағы қазақтың дәстүрлі шаруашылығының күйреу себебін анықтау.

1) Дәстүрлі мал шаруашылығының бұзылуына Ресейдің отарлау саясатының тигізген әсерін талдайды;
2)Кеңес өкіметінің жүргізген экономикалық реформаларының қазақ ұлтының жойылып кету қаупіне тигізген әсерін зерттейді.

Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік- экономикалық дамуы

1) ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы бағыттарын айқындайтын факторларды талдау.

1)"Экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалана отырып, Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктеріне талдау жасау;
2)ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының даму бағыттарындағы басымдылықтар мен қайшылықтарды талдайды.

1)Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы кезеңдері мен ерекшеліктерін талдау.

1)Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдайды, олардың қазіргі кездегі ерекшеліктерін анықтайды;
2)Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын талдайды;
3)Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болашағына болжау жасайды.

Саяси-құқықтық процестер

Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы

1)Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу.

1) "Аграрлық саясат", "көші-қонсаясаты", "моноэтностық құрам" ұғымдарын пайдалана отырып, Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісіне талдау жасайды;
2)Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеруінің себептерін анықтайды;
3)Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеруінің себептерін талдайды.

1)Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның полиэтникалық қоғамның қалыптасуы ерекшелігін сипаттау.

1)Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру себептерін талдайды;
2)Кеңестік кезеңдегі Қазақстан этностарының өзара мәдени байланысын зерттейді.

Қазақстан Республикасы
ның этносаралық қатынастар саласындағы саясаты

1)Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты талдау.

1)Көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін "көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдарын пайдаланады;
2) Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын талдайды.

1)Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін талдау.

1) Мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісіне баға береді.

1)Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі айқындау.

1)Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін анықтайды.

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы

1)Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын талдау.

1) Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын анықтайды;
2)Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесіне баға береді.

1)Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын талдау.

1)Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларының мемлекеттің біртұтастығын сақтаудағы рөлін зерттейді.

1)"Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтарын анықтау.

1) Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдері идеяларының маңыздылығын зерттейді.

1)ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастарын талдау.

1)Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесіне баға береді.



"Алаш" –қоғамдық ой және ұлттық идея

1)"Алаш" ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау.

1) Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдайды;
2)Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау арқылы қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға береді;
3) Қазақ зиялыларының Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойының дамуына қосқан үлесін бағалайды.



1) "Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастарын талдау.

1)"Алаш" қозғалысының ұлттық сананың оянуына тигізген әсерін анықтайды;
2)ХХ ғасырдың басындағы ұлттық баспасөздің рөлін анықтайды.



1)Алашорда автономиясының ұлттық демократиялық бағытын сипаттау.

1)Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызмет зерттейді;
2)Алашорда автономиясы мен қазақ зиялыларының тарихи маңызына баға береді.



1)Алашорда үкіметінің мемлекеттік бағдарламасын талдау.

1)Алашорда үкіметінің мемлекеттік бағдарламасын талдай отырып, ұлттық мемлекеттің формасын, білім берудегі негізгі бағыттарды анықтайды.

"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы - ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз

1)"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізін анықтау;
2)Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтарын талдау.

1)"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізін анықтайды;
2)"Мәңгілік Ел – патриоттық актісін" және "Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын" зерттеу негізінде мемлекеттің идеология саласындағы саясатын түсіндіреді.

Білім мен ғылымның дамуы

Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы

1)Ғылымның дамуына Қазақстандағы ортағасырлық ғалымдардың қосқан үлесін зерттеу.

1) Ортағасырлық ойшылдардың Қазақстанның ғылыми білімін дамытуға қосқан үлесін бағалайды.

XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы

1)XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулерлердің негізгі бағыттарына талдау жасау.

1)XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтайды;
2)XVIII-ХХ ғасырдың басындағы білім беру мекемелерінің негізгі қызметін талдайды.

1)XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағында оқу орындардың дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты анықтау.

1)XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағында оқу орындардың бағыттарын анықтайды;
2) XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда өмір сүрген білім беру мекемелерін қызметтік ерекшеліктеріне сәйкес жіктеп баға береді.

1)ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағында жүргізілген ғылыми экспедициялардың мақсаты мен маңызын сипаттау.

1)ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағында жүргізілген ғылыми экспедициялардың өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген әсерін анықтайды;
2)Қазақ зиялыларының қалыптасуының ұлттың оянуына тигізген әсерін талдайды.

1)Қазақстандағы кеңестік халық ағарту ісінің жүргізілу бағыттарын анықтау.

1)Дала өлкесіндегі ауылдық мектептердегі білім беруді сипаттайды.
2)Жоғарғы оқу орындарының ашылуын талдайды.

1)Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтарын талдау.

1)Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесінің даму кезеңдерін сипаттайды;
2)Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесін реформалауды талдай отырып, жетістіктері мен қайшылықтарын анықтайды.

1)Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым академиясының рөлін анықтау.

1)Қаз КСР Ғылым Академиясының Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесіне баға береді;
2)Кеңестік кезеңдегі ғылымның дамуына Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қосқан үлесін бағалайды.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі

1)Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін жаңартудың алғышарттары мен маңызын талдау.

1)Қазақстан Республикасының стратегиялары мен бағдарламаларын зерттеу негізінде білім және ғылым жүйесін жаңартудың алғышарттары мен маңызын талдайды;
2)Білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жетістігіне баға береді.

1)Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі өзгерістер және зияткерлік білім берудің негізгі бағыттарын сипаттайды.

1)Қазақстан Республикасының білім және ғылымының әлемдік білім және ғылым кеңістігіндегі интеграциялануының негізгі бағыттарын сипаттайды.

1)Қазақстан Республикасы білімімен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы, әлемдік ғылымның даму бағытын сипаттау.

1)Әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ену үшін инновациялық ғылыми жаңалықтарды қазақстандық білім беру жүйесіне енгізудің маңыздылығын бағалайды.


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
30-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет