Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



бет125/138
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#22148
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   138
Тест тапсырмалары
1. Авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат түрі қалай аталады?

А) мінездеме

В) өмірбаян

С) түсінік хат



D) өтініш хат

Е) арыз
2. Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөз табын белгілеңіз.

А) сын есім

В) есімдік


С) үстеу

D) етістік

Е) еліктеуіш сөздер


3. Құрамында үстеу бар сөз тіркесін табыңыз.

А) сыйлық алды

В) алда келеді

С) ғимараттың алды



D) бұйрық алды

Е) хат алды


4. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) алтыға

В) үшке

С) онға


D) екіге

Е) беске
5. “Өмірбаян” сөзінің орыс тіліндегі баламасын көрсетіңіз.

А) Автограф

В) Автобиография

С) Автопортрет

D) Автореферат

Е) Автобиблиография

26-сабақ
Жеке іс қағазы

(Личное дело)


Әр қызметкерге құрамында төменгі тәртіп бойынша көрсетілген құжаттар кіретін жеке іс қағазы толтырылады:

  1. құжаттардың тізімдемесі;

  2. жеке еңбек шарты;

  3. анкета немесе кадрлық есепке алудың жеке қағазы;

  4. өмірбаяны;

  5. білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

  6. мінездеме немесе ұсыныс хат;

  7. бұйрықтардың көшірмелері (жұмысқа қабылдау, жұмысқа ауысу, жұмыстан шығару жөніндегі)

  8. сол адамға қатысты анықтамалар және басқа да құжаттар.

Тұрған жерінен анықтама, дәрігерлік анықтама басқа да екінші дәрежелі

құжаттар жеке істен бөлек топтастырылады.

Қажетті жағдайларда жеке іс қағазына ғылыми және өнертапқыштық еңбектерінің тізімі; еңбек ұжымдары немесе құрылтай жиналыстары хаттамаларының көшірмелері (қызметке сайланған басшылар үшін), т.б. қосылады.

Уақыт өтуіне байланысты жеке іс қағазына анкеталық өмірбаяндық мәліметтердегі өзгерістерді (неке туралы куәліктің көшірмесі, тегінің өзгеруі) рас-тайтын және кәсіби, іскерлік, жеке басының қасиеттерін сипаттайтын (мысалы, аттестациялық қағаз, пікірлер, қызметке тағайындау туралы ұсыныстар, анықтамалар т.б.) құжаттар қосылып отырады. Қызметіне байланысты жаңа мәліметтерді енгізу үшін жеке іс қағаздарында «Жеке іс қағазына қосымша» және «Жеке іс қағазына мадақтауды есепке алу бойынша қосымша» деген мазмұндағы белгілер қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет