7-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Шағым – келісім-шарт міндеттемелерін және осы міндеттемелерді бұзған тараптардың шығындарды өтеу туралы талаптарын бұзғандығы жөніндегі құжат. Шағым тауардың (жұмыстың және қызмет көрсетудің) сапасы, оны жеткізудің көлемі мен мерзімі, орау, таңбалау, төлемде және келісім-шарттың басқа талаптарына қатысты жасалады. Шағымда шағым жасауға негіздеме, дәлелдер (құжатқа сілтеме, мысалы, коммерциялық акт, сапа сертификаты), шығындарды өтеудің нақты талаптары көрсетілуі тиіс. Растау құжаттары шағымға қосымша ретінде ресімделеді.
Тест тапсырмалары 1. Келісім-шарт міндеттемелерін және осы міндеттемелерді бұзған тараптардың шығындарды өтеу туралы талаптарын бұзғандығы жөніндегі құжат
А) арыз
В) шағым
С) қолхат
D) сенімхат
Е) кепілхат
2. Шағымға қосымша ретінде қандай құжаттар ресімделеді?