Әлеуметтік-гуманитарлық Ғылымдар факультеті


БАЛАЛАРДАҒЫ АУТИСТІК СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЛАРЫН



бет3/6
Дата10.12.2023
өлшемі103,99 Kb.
#136289
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бөж Нұрсұлтан инклюзив

2. БАЛАЛАРДАҒЫ АУТИСТІК СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЛАРЫН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
ЖАҒДАЙЫНДА ТЕКСЕРУ
ПМПК жағдайында АСА бар балалардың эмоциялық сферасының
ерекшеліктерін тексеру маңызды орын алады және оны мамандардың
пәнаралық тобы жүзеге асырады:
- дәрігерлер: психиатрлар, невропатологтар, офтальмологтар;
- педагогтар: психологтар, логопедтер, дефектологтар.
Зияттың дамуының диагностикасы стандартталған бейімделген, соның
ішінде вербалды және бейвербалды әдістер бойынша жүргізіледі.
Эмоциялық-коммуникативтік дамуды және мінез-құлық ерекшеліктерін
диагностикалау кезінде негізінен бақылау және әңгімелесу әдістері
қолданылады.
M-CHAT тесті ұсынылады, ол 30 айға дейінгі балалардың атааналарымен толтырылады [9] және аутизм қаупінің болуын анықтайды. Бұл
әдістеме ата-аналардың өз баласының ерекшеліктерін субъективті
қабылдауына негізделеді. Әдістеме «өтірік жауаптың» болуын болжамайды,
нәтижесінде мамандар ата-аналардан толық емес мәліметтер алады. Мәселен,
ПМПК тәжірибесінде мамандар баланың мінез-құлқының өзгеше
ерекшеліктерін байқайтын жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, бала тексеру
барысында өз атына жауап бермейді. Ал ата-аналар M-СНАТ-тағы «2. Өз
атына жиі жауап бермейді» – деген сұраққа керісінше жауап береді.
ПМПК мамандарының пәнаралық тобымен АСА бар балаларды
тексерудің бағыттары мен мазмұнын толығырақ қарастырайық.
Педагог-психологтың тексеруі. ПМПК-ның педагог-психологы
эмоциялық-еркі және мінез-құлқы бұзылған балаларды тексеру кезіндегі
жетекші маман болып табылады, олардың қатарына АСА бар балалар
жатады. Бұл категориядағы балалардың басты ерекшеліктері байланыс пен
әлеуметтік өзара қарым-қатынастың күрделі бұзылуынан, мінез-құлқы мен
іс-әрекеттерінің стереотиптік формаларынан, психикалық дамудың
асинхрондылығынан тұрады.
Логопед-мұғалімнің тексеруі. ПМПК-нің Логопед-мұғалімі
логопедиялық диагноз қоюда О.С. Никольская бойынша жіктемені
қолданады .
Бірінші топ:
- мутизм (сөйлеу қарым-қатынасына талпынысы болмауы салдарынан
сөйлеу тілінің болмауы);
- өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін эпизодтық сөздер мен сөз
тіркестерін айту;
- коммуникативтік бағытсыз сирек сөздердің, кешеуілдеген
эхолалиялардың болуы (аутостимуляция құралы ретінде пайдалану);
- өзіне айтылған сөздерге назар аудармау, нұсқауларды елемеу;
- қызығушылық танытқан жағдайларда, өзіне жеке айтылмаған
сөздерді түсіну;
- әртүрлі вокализациялар, шыңғыру, гуілдеу, ысқыру сияқты
дыбыстарды жиі шығару;
- арнайы оқытусыз ішкі және жазбаша сөйлеу тілін дамыту .
Екінші топ.
- алғашқы сөздердің (ерекше), жеке сөз тіркестерінің ерте немесе
уақтылы пайда болуы;
- сөйлеу тілінің коммуникативтік бағыттылығының болмауы немесе
төмендеуі, сөйлеуді аутостимуляция құралы ретінде пайдалану: бір
өлеңдерді, аффективті сөздер мен сөз тіркестерін, жеке анық сөз тіркестерін
стереотипті түрде қайталау;
- сөйлеу тілін белсенді пайдалану қиындықтарының болуы:
эхолалиялар, сөйлеу стереотиптері мен штамптар, есімдіктерді дұрыс
пайдаланбау, диалогқа қатыспау және өз ойын жеткізе алмау, айтылған
сөздерді түсінудегі қиындықтар;
- сөйлеу тілі просодикасының бұзылуы: өзіндік интонациясы бар
сөйлеу тілі
- тілдік дарындылық көріністері: неологизмдер, мағынасы күрделі
сөздер .
Үшінші топ:
- ерте жастан және сөйлеу тілінің жоғары дамуы, сөздік қорының
Байлығы, күрделі сөз тіркестер мен сөйлемдердің болуы;
- ересек адамдардың сөздерін, штамптар мен цитаталарды өзгермеген
түрде қолдану;
- монологтардың болуы, бірақ диалогқа түсудегі қиындықтар (жеке
сұраққа жауап бере алады, бірақ диалогқа түсу қиын немесе мүмкін емес);
- сезімдерін, мұқтаждықтарын, ниеттерін және әсерлерін білдіре алмау;
- сөйлеу ырғағы мен дыбысталуының бұзылуы: сөйлеу тілі жылдам,
анық емес, бірсарынды, интонациялық кідіріссіз, дыбыстар мен сөз
бөліктерін "жұтып қою" .
Төртінші топ:
- сөздерді қабылдау қиындықтарының болуы: баяу түсіну, толық
сөйлемдерді нашар түсіну;
- контекстік сөйлеуді түсіну қиындықтарының болуы;
- қарым-қатынас барысында сөйлеуді белсенді және орынды
пайдалануды білмеу;
- сөйлеу тілінің бұзылыстары: сөйлеу тілі анық емес, дислалиялы,
лексикалық кедей және грамматикалық дұрыс емес.
АСА бар балаларды логопедиялық тексерудің ерекшелігі –баламен вербалды қарым-қатынас орнату қиындығы, кейдетіпті мүмкін еместігі. ПМПК-нің логопед-мұғалімі педагогпсихологтың тексеруі барысында баланы бақылау және атаанадан сұрау арқылы баланың тілдік дамуына баға береді.
ПМПК тәжірибесінде ата-аналар сабақ кезіндегі немесе балаға үйреншікті үй жағдайындағы баланың сөйлеу тілінің белсенділігін бейнематериалдарын ұсынуы мүмкін.
Дефектолог-мұғалімнің тексеруі. ПМПК-дегі дефектолог-мұғалімнің
педагогикалық тексеру мазмұнына мыналар кіреді: қоршаған орта туралы
жалпы түсініктері мен білім қорын анықтау, әлеуметтік-тұрмыстық
дағдыларды және жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын меңгеруін,
жетекші қызметтің қалыптасу деңгейін анықтау және білім берудің әртүрлі
сатысындағы бағдарламаларды меңгеру деңгейін анықтау.
Бірінші және екінші топтағы аутистік баланың мінез-құлықтық
ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық тексеру жүргізу өте қиын. Бұл
жағдайда ПМПК-нің дефектолог-мұғалімі мәліметтерді ата-аналармен
әңгімелесуден, білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен педагогтарының
мінездемелерінен және баланы бақылаудан алады.
Жеке салалардағы (тарих, әдебиет, биология, шахмат және т.б.)
білімдерің жоғары деңгейде қалыптасқанымен, бұл балалардың білімін,
іскерлігін, дағдыларын тек белгілі жағдайларда ғана пайдаланатындығын
атап өту қажет.
Тексеруді баланың белсенділігін, оның заттық, ойын әрекеттерінің
әртүрлілігін белгілей отырып, баланың өзіндік қызметін бақылаудан бастаған
жөн. Егер бала ойыншықтармен әрекет жасамаса, ересек адамның
ойыншықтарды және олармен әрекет жасау тәсілдерін біртіндеп өзі қосып,
ұсына бастайды, ойынды өз бетімен ойнай бастайды. Бұл жағдайда
төмендегілерді зерттеу қажет:
- өзінің ойынын ұйымдастыру қабілеті;
- баланың ересек адамның ойыншықтармен әрекет ету тәсілдеріне
еліктеу мүмкіндігі мен қабілеті;
- баланың ересектермен бірлескен ойынға қатысу мүмкіндігі[9].
- Заттық және ойын іс-әрекетінің сипаттамасы мен бағалауын келесі
ерекшеліктер бойынша жүргізу ұсынылады:
- заттық іс-әрекеттер мен ойынға деген қызығушылығының болмауы
немесе төмендеуі;
- заттық және ойын іс-әрекетінің дамуының жасына сәйкес келмеуі;
- заттық және ойын әрекеттерінің дұрыс болмауы; стереотиптілік, ісәрекеттердің біртектілігі;
- жетекші әрекеттің орнын басатын басқа да қызмет түрлерінің болуы:
кітаптар, музыка тыңдау, мультфильмдер қарау, сурет салу, құрастыру,
мүсіндеу және т. б.;
- эмоциялық әсерлердің бұзылуы
Психологиялық-педагогикалық тексеру барысында
анықталған аутизмі бар балалардың заттық және ойын ісәрекеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері мен бұзылыстары педагогикалық қорытынды түрінде ресімделеді: 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін "коммуникативтік
бұзылыстарға байланысты заттық қызметтің қалыптасуының тежелуі" және үш жастан кейінгі балалар үшін "коммуникативтік бұзылыстардыға байланысты ойын ісәрекетінің қалыптасуының бұзылуы".
Психиатр-дәрігердің кәсіби жеке диагнозы ПМПК мамандарының кәсіби жеке диагнозымен бекітілген, яғни бірғана жеке пікірдің нәтижесі болып табылмайды
(емханалардағы психиатр-дәрігерлерден айырмашылығы).
Психологтың АСА диагностикасының ерекшелігі – оның балаға икемделуі немесе имитация әдісін қолдануы. АСА бар баланың еркін мінез-құлқында оның қозғалыс ырғағына икемделіп, оның әрекеттерін қайталап, осындай қарымқатынас орнату арқылы өзіне бейімдеу, кейін алдымен жеңіл және одан әрі күрделі тапсырмалар ұсыну қажет.
Лорна Винг триадасы көріністеріне назар аударатын болсақ, ол әлеуметтік өзара байланыс, қарым-қатынас/коммуникация және қиял салаларындағы бұзушылықтарды қамтиды. Осыған байланысты АСА бар балаларды тексеру кезінде осы салалардағы бұзушылықтарға назар аудару қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет