Принциптербағалау және сараптамалық зерттеу жұмыстарында ерекше мәнге ие. Олар әрдайым өңделіп және жандандырылып отырады. Мысал ретінде 2004 жылы Американдық бағалаушылар ассоциациясы қабылдаған «Бағалаушылар басшылыққа алатын негізгі принциптердің» соңғы редакциясын ұсынамыз (Guiding Principles for Evaluators, 2004):
A. Зерттеудің жүйелілігі.
B. Зерттеушінің (бағалаушы, сарапшының) біліктілігі.
C. Зерттеудің Тазалығы және Честность.
D. Адамдарға құрмет.
E. Зерттеушінің қоғам қызығушылығы мен қоғамдық благоға жауапкершілігі.
Сонымен қатар, бағалау, сараптамалық жұмыстар жүргізудің құндылықтары мен этикалық нормаларын сақтаудың мәні зор.
Сараптама жасағанда ғылыми зерттеу нәтижесінде алынатын мәліметтің объективітілігін қамтамасыз етеді. Яғни бұлайша кең мағынадағы сараптамалық жұмыс жасау бұл тек қана біреудің пікірі ғана емес, сарапшы-зерттеушілердің (көбіне зерттеушілер топтары немесе ғалымар) сараптамалық сұрақтар бойынша негізделген жауаптардың зерттеу нәтижесін көрсетеді. Негізгі айырмашылық дәлелді, дәйектелген қорытындылау талап етеді. КМС жасауда сарапшының функциясының шеңбері кеңейеді. Бұл тұста оның тек жеке білімі, жеке тәжірбиесі мен оны жеткізу қабілеті ғана емес, ендігі жерде зерттеу жүргізу біліктілігіне баса назар аударылады. Сұрақтың жауабын ол білу, білмеу деңгейі емес, сұраққа жауап таба білу, толыққанды зерттеу жүргізе білу қабілеті есепке алынады.
Сауаланамалық сараптама жасаудан гөрі зерттеу сараптамасы таным әдісіне жатады, әрі мынадай артықшылықтары бар:
Күрделі және жан жақты зерттеу, ұзақ және еңбекті талап етеді;
Нәтижелері мен қорытындыларында көп дәлелдер мен шынайылыққа қол жеткізу мүмкіндігі бар;
Зерттеу процедураларын таңдағанда еркін таңдау бар;
Зерттеудің этикалық нормалары, құндылықтары мен мақстттарын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді;
Сарапшы «өлшеу құрылғысы» ретіндегі субъект ғана емес, зерттеу сарпатамасының авторы, ұйымдастырушысы болады, ол нәтижелерді талдайды, қортынды шығарады және оларға жауапты болады;
Кең және тар мағынада сараптама жасау көтерілетін мәселенің ауқымы мен өзектілігіне байланысты қолданылады.
Қатаң және жұмсақ саратама жасау деп бөлудің себебі, оның формальдандыру деңгейімен тығыз байланысты. Мсәелен, қатаң сараптамада, оның әр бөлігі, кезеңі, құрылымдық элементтері қатаң тәртіп, заң, ережемен бекітіледі. Ал жұмсақ сарптамада біртекті ережелер жоқ, көп нұсқалық белең алады. Қатаң сараптама жасалынғанда оның барлық элементтерінің біртекті, анық құқықтық негізі болады. Мысал ретінде көптеген мемлекеттік сараптамалады келтіруімізге болады. Мәселен сот-сараптамасында мақсат, міндет, нысан, пәні, сараптама жүргізудің принциптері мен кезеңдері, әдістері мен қолдану шарттары, сараптамалық қорытынды жасасау талабы анық заңнамалық құжатпен анықталған. Бұл сарпатама қорытындысы заңдық күші бар құжат болып есептелінеді.
Жұмсақ сараптама жасу керісінше, ешқандай бекітлген ережелер мен нормалар мен талаптарсыз қолданылады.