Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәні бойынша дәрістер Дәріс №1. Кіріспе. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология»


Дәріс №15. Әлеуметтік сараптау технологиясы



бет28/31
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52085
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Технология 15 дәріс

Дәріс №15. Әлеуметтік сараптау технологиясы
Жоспары
1. Әлеуметтік сараптама жасаудың қадамдары
2. Сараптаманың мақсаты, принциптері
3. Сараптаманы әлеуметтік саясатта қолдану

Әлеуметтік сараптама жүргузіде кешенді жұмыс жүргізудің қадамдары мынадай:


• әлеуметтік нысанның өз жағдайына диагностика жасау (экология, әлеуметтану, демография, медицина, заң, атқарушы және заң шығарушы биліктің көмегімен);
оның қоршаған ортасы туралы ақапарат (геология, сәулет, тарих, биология, гидрология, т.б.);
• ендігі өзгеріс салдарын анықтау, басқару шешімдері мен әлеуметтік жобалау үшін ұсыныстар дайындау (түрлі сала сарапшыларымен).
Әлеуметтік сарптаманың пәні – адамға әсер ететін немесе адам әрекеттестікке түсетін дүниелер болуы мүмкін. Оған біздің өмірімізге, әлеуметтік тәжірбиемізге енетін кез келген новациялар (ғылыми, техникалық, әлеуметтік, т.б.) мен технологияларды (жаңа әлеуметтік бағдарламалар мен заңнама, т.б.) жатқыза аламыз. Тек қана жаңа тәжірбиелік қолданысында кері әсері бар немесе оның адамдарға әкелер пайдасы мен зиянын анықтауды қажет ететін қолданыстағы технологиялар мен бағдарламалар да бола алады
Тапсырыс беруші сараптама жасалынуы тиіс мәселені сарапшы алдында айқын, нақты, оның білікітілігі шеңберінде қоя білуі керек. Сараптамалық жұмыс бір тұлға немесе комиссиямен жүргізілуі мүмкін. Комиссиялық - бір сала мамандарының бірігуімен біртекті сараптама және әр түрлі сала мамандарымен кешенді сарпатама болып бөлінеді. Кешенді сараптама: көпсубъектілі ( әр түрлі білім салаларындағы түрлі мамандар) және моносубъектілі (бір сарапшы әр түрлі саланы игерген) болып бөлінеді.
Сараптама жасаудың сауалнама немесе сұхбаттан айырмашылығы ақпарат көзі респонденттер (қарапайым адамдар көп жағдайда) емес сарапшылар (белгілі бір саланың мамандары) болып табылады. Белгілі бір әлеуметтанулық мәселеге өз көзқарасын білдіретін субъектіні де біз «Эксперттік сауалнамада» сарапшы-эксперт деп атаймыз. Бірақ бұл нақты сарпшылық сауалнама емес, репрезентативті сауалнамаға жатқызамыз. Біз қарастырған әлеуметтік сараптамада кәсіби біліктілігі, білімі, тәжірбиесі жоғары субъект алынады.
Ал эксперттік сауалнамада кездейсоқ немесе іріктелініп таңдап алынған, зерттелінген тақырыпқа қатысы бар субъект сарапшы ретінде алына береді.
Сарапшы пікірі не үшін құнды, бәлкім «халық айтса қалып айтпайды» деген аксиомаға сүйеніп, дүстүрлі сауалнама әдісін қолданып, кез келген мәселенің оң шешімін табуға болатын шығар. Бірақ «бірдің білгенін мыңның біле бермесі анық». Тарихтан мысал келтірсек, жер айналады деп тұжырымдаған «сарапшылар» Бруно, Галилей, Коперникке қарсы шыққан қарсы топтың және аса сене қоймаған қара халықтың, яғни «қоғамдық пікірдің» бұрыс екендігі анық.
Сонымен жақсы сарапшыны анықтайтын мынадай негізгі талаптарды атап өтуге болады:
- Кәсіби қызмет бойынша еңбек өтілі;
- Кәсіби қызметтің күрделілігі;
Кәсіби қызметінің әртүрлілігі және сәттілігі.
Жалпы алғанда сараптаманы қолданудың өзі көпшілік пікірге қарсы шығып отырады. Мәселен, кейбір мәселе бойынша қоғамның көпшілік пікірі мен сарапшы пікірі сәйкес болмай шығуы қалыпты жағдай. Себебі сараптама жасағанда біз үшін құндысы көп таралған пікір емес, білікті, негізделген пікір болып табылады. Білікті, ғылыми, т.б. негізделген пікірді сарапшы айтады. Ал кез келген маманның сарапшы болуы үшін мынадай талаптар бар: кәсіби біліктілік, авторитарлы тұлға, тәжірбиелік өтіл, мағыналы сараптамалық ақпарат беру қабілеті мен дайындығы. Ал сарпшының деңгейін анықтауда: құжаттық, тестілік, өзін өзі бағалау, т.б. әдістерін қолдануға болады. «Сарапшы – бұл жақсы аналитик, асқан ғалым, зерттеуші, керемет ұйымдастырушы, білімді және білікті бағалаушы, өз саласының білгірі, ғылыми және тәжірбиелік кеңістікті анықтайтын маман, мәндес мамандар арасындағы шебері». Сарапшыны бұлайша бағалау Ресей секілді посткеңестік мемлекеттрде басым. Ал АҚШ пен Батыс Еуропада мұндай бағалау жоқ. Мәселен сарапшы белгілі бір сала бойынша білімі бар кез келген адам бола алады. Ал сарапшылық қауымдастықтардың толыққанды мүшесі болу үшін біліктілікпен қатар, тәжірбие, еңбек өтілі де көп сұралады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда сауалнамалық сараптама БАҚ-та кеңінен қолданылады. Мәселен Айқын, Жас Қазақ, т.б. газеттер мен Хабар, Қазақстан, т.б. арналарының тілшілері сарапшы пікірлерімен жиі санасады. Осы тұста белгілі бір мәселені бойынша сарапшы таңдағанда негізінен мынадай талаптарға сүйенетіні анықталды

  • Сарапшының танымал болуы маңызды;

  • Сарапшының беделі бар, оң имиджді болғаны дұрыс;

  • Сарапшы мәселенің тікелей қатысушысы немесе сол саланың кәсіби маманы;

  • Сарапшының біліктілігі маңызды;

  • Сарпашының саяси көзқарасы маңызды (оппозициялық, билік).

Сараптамалық жұмыстың мәні – бұл көбіне сұрақтың қойылу деңгейін кеңейтеді. Тапсырыс берушімен қойылған мәселені сарапшы жан-жақты қарастыра, көре білуі керек. Сонымен сарапшының негізгі міндеті – жағдай, тәуекелдің ашылмаған, жасырын аспектілерін ашу. Сараптамалық жұмыс ақиқатты табу үшін емес, мәселенің мәнін анықтау, шешімдерді (шешім емес) табу үшін керек.
Сарапшы субъективтілік, жауапкершілік, тәуекелшілдікпен сипатталады. Дегенмен, сарапшы талдаудың толықтығы мен түсініктілігіне, ойларының негізділігіне жауап береді.
«Сарапшы – жақсы аналитик, зерттеуші-ғалым, тамаша админстратор. Сарапшы – белгілі бір пән, саладағы зерттеуші, данышпан бағалаушы, қажетті саланың білгірі, ғылыми және тәжірбиелік кеңістіктегі маман».
Сараптамалық зеттеудің мақсаты – әр нақты жағдай бойынша қойылады. Зерттелінетін нысан бойынша анықталуы тиіс сұрақтар шеңберінде жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет