Сараптамалық жұмыстың талаптары (критериилер) – evaluative research теориясы мен практикасының классигі Майкл Скривен (Scriven) пікірі бойынша, «талаптарды таңдау бағалау логикасының бірінші қадамы болып табылады». Талаптардың жүйесін жасаудың жолы – зерттеудің мақсатты негізгі ұғымдарын опреационализациялау және мәнін ашу.
Сараптамалық зерттеу жұмысының әдістері мен процедураларының әдісі әр түрлілікті қамтитын болғандықтан өте күрделі тақырып болып табылады. Барлық жағдайға қатысты анық немесе универсальды әдістер жүйесін дөп басып айта алмаймыз. Мұнда да сараптамалық сауалнама оның кез келген деңгейінде: болжамдар жасау, мақсаттарды қою, нәтижелерді қорытындылауда қолданылады. Бұл ғана емес сараптамалық зерттеу кез келген сапалық зерттеу түрінен бас тартпайды. Кешенді әдістерді саналы түрде қолдану, интерфейс принципі қолданылады.
Кез келген сараптамалық жұмыс жасаған кезде мынадай ортақ талаптар сақталынса, атқарылған жұмыстың нәтижелілігі мен сапасы жоғары болады:
- Тәуелсіздік. Белгілі бір мамандар, тәуелсіз сарпшылар, мекеме, ұйыммен жүргізілген, ұйымдастырылған сараптама оның нәтижесіне мүдделі топтраға тәуелді болмауы керек немесе олардың ықпалы болмауы керек. Бұл жүргізілген сараптамалық жұмыстың объективтілігіне кепілдік береді
- Біліктілік. Сараптамалық жұмытың субъектілері (яғни сарпшылар) жеткілікті дәрежеде кәсіи біліктілігі жоғары болуы тиіс.
- Ғылыми-әдіснамалық негізділік. Сараптамалық жұмыс жасау барысныда қолданылатын әдістер мен технологиялар ғылыми негізделген және дәлледенген, сараптамалық қауымдастықтар бекіткен талаптарға сай болуы керек.
- Регламент. Сарпатамалық ұмыс жасаудың жалпы ережесі заңмен бекітілуі немесе сараптамалық қауымдастықтармен қабылдануы керек.
- Жариялылық. Жүргізілген сараптамалық жұмыстың нәтижесі қоғамға жариялануы тиіс.
- Бәсекелестік. Сарпатамалық жұмыстың қорытындысы альтернативті сараптамаламен бәстесе алуы керек. Публикалық дәлелдер жасау мүмкіндігі болуы керек.
Жоғарыда аталған талаптар мен принциптер сараптамалық жұмыстың шынайы және сапалы болуын қамтамасыз етеді.