Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.
- обьективтілік, алынатын ақпараттың өзара бірін-бірі толықтыруы және тексеруі;
- клиентоцентризм (проблемаға клиенттің қызығушылығына сәйкес қарау);
- конфиденциалдық, әдістер мен әдістемелердің адекваттылығы;
- клиенттің жеке өміріне араласпау құқығын сақтау және ұсынылатын әрекетке оның реакцияларының мүмкін болатын варианттарын алдын-ала көру.
Отбасын диагностикалау – ойластырмаған іс-әрекет пен қорытындылар жасамауды талап ететін ұзақ процесс.
Отбасындағы жағдаяттың дамуын диагностикалау үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу. Шешім қабылдау, түзету бағдарламаларын жасауға шкалалық, үлестірме қағаздық, проективті, ассоциативті, экспрессивті әдістемелер көмегін тигізеді. Көптеген пайдалы ақпараттарды маман отбасы, оның мүшелеріне қатысты өмірбаяндық және құжаттарды талдау әдістері арқылы ала алады.
Алынған диагностикалық материалдардың негізінде оның мүшелері, жастары, ата-аналары мен балаларының білімдері, олардың мамандықтары, ерлі-зайыптылардың жұмыс орындары, отбасы кірістері, денсаулық жағдайлары, тұрмыстық жағдайлары, отбасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі проблемалар туралы мәлімет көрсетілген отбасының әлеуметтік картасын құрастыруға болады. Бұл картада мүмкіндігінше отбасының экономикалық дамуына болжау жасау, көмек вариантын (жедел, тұрақтандырушы, профилактикалық) ұсыну және реабилитацияның қажеттілігін аргументтеу керек. Картаны толтыруға әлеуметтік-педагогикалық паспорттағы мәліметтерді пайдалануға болады.
Отбасында баланың тәрбиелену құқығын әлеуметтік педагогикалық қорғау
Балалық шақта әлеуметтік педагогикалық қолдау жүйесінің негізгі мақсаты отбасының тәрбиелік потенциалын қайта қалпына келтіру болып табылады. Себебі, ешқандай мемлекеттік мекеме, ол интернат болсын, балалар үйі, дағдарыстық орталық және т.б. бала үшін отбасының орнын алмастыра алмайды. Сондықтан барлық күш-жігерді оның әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және басқа қатынастары бойынша оңалтуға жұмсау қажет.
Көптеген құзырет органдары бұл балаларға барынша көмек көрсетуде. Дегенмен, органдар мен әртүрлі мекемелердің іс-әрекеттері бөлінгендіктен, олардың тиімділігі төмен. Көп жағдайда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі жайсыз отбасылардан балаларды тартып алып тиісті мемлекеттік мекемелерге тапсыру болады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жетімдікті көбейтеді. Қазіргі уақытта өткір мәселе осы әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу болып саналады.
Кәмелетке толмағандардың мүліктік, баланың білім алуға, денсаулығын қорғауға, денсаулығын қорғауға, қабілеттерін дамытуға, еңбектік іс-әрекетке қатысу құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау
Балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау
Балаларға арналған интернаттық мекемелер – балалардың тұруы мен оларды ұстау үшін жағдай жасайтын балалар үйі, әлеуметтік-педагогикалық мекемелер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, көмекші мектеп-интернаттар, арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттар, арнайы емдеу-тәрбиелеу мекемелері және басқа мекемелер.