Әлеуметтік педагогика бойынша әлеуметтік педагогиканың пәні мен мазмұны


Оқу-тәрбие мекемелері – өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институттары



бет4/10
Дата14.06.2022
өлшемі44,67 Kb.
#36853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқу-тәрбие мекемелері – өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институттары.

Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ұлт болашағы. Ал, болашақ – ғылым мен техниканың шарықтау шыңы болса, сол болашақ қазіргі жас ұрпақ қолында. «Әрбір бала – бір жұлдыз, өзіндік жеке тұлға. Сол тұлғаны қалай қалыптастырсаң , қалай жарқыратсаң не өшірсең, ол сенің қолыңда. Сондықтан мүмкіндігінше, мұғалім әрбір оқушының жүрек кілтін тауып, аша білуі керек. Демек, егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне – өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.



  1. Тұлғаны әлеуметтендіру процесіндегі мектептің ролі

Жалпы орта білім беретін мектеп – мектеп жасындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлдерін игеруге ықпал ететін барлық қажетті жағдайлардың барлығын орындап отыратын әлеуметтендіру институты. Әлеуметтендіру идеяларын іске асыру біртұтас педагогикалық процесте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықты талап етеді.

  1. Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзету жолдары.

Олигофрения туа пайда болатын, туғаннан кейінгі ақыл кемістігі.
Кемтар балалардың үшінші тобы- ақыл-ойы кем балалар. Олардың орталық нерв жүйелері бұзылған, бұл- балалар организміндегі аса үлкен кемістік.
Ақыл-ойы кем балалар ой- өрісінің тарлығы, кемдігі дәрежесіне қарай айқындалған жеке топтарға бөлінеді.
Ақыл- ой кемдігінің ең жеңіл түрі дебильдік деп аталады. Дебильдік- олигофренияның жеңіл түрі. Мұндай жағдайда арнайы бағдарлама бойынша қосымша мектепте оқытуға және мамандықтың жеңіл түрін үйретуге болады. Дебильдер өмірдің күрделі емес жағдайында өз бетімен үйреніп, қиналмай- ақ үйленеді. Жоғары абстракциялар оларда жоқ, бірақ сөз қоры мен механикалық есі орташа болуы мүмкін. Дебильдіктің орташа деңгейінде эстетикалық, интелектуальдық өнегелік сияқты жоғары эмоциялар болуы мүмкін. Жылдар өткен сайын ақыл кемістігі аз білінеді. Дебильдіктің жеңіл түрінде еңбекпен айналадағы ортаға толық әлеуметтік бейімделу болады. Олар қосалқы мектепте(негізгі оқу мерзімі еңбекке үйретуге жұмсалатын арнайы оқу программасы бар 8 жылдық мектепте) оқиды. Дебильдер ондай мектепті бітіргеннен кейін: столяр(ағаш шебері), слесарь, киім тігуші, сылақшы, токорь, кітап түптеуші және т.б. мамандықтар алады. Олар жұмысқа орналасқаннан кейін барлық адамдармен бірдей еңбек етіп, өз отбастарын барлық адамдармен бірдей еңбек етіп, асырап, шамасы келгенше қоғамымызға пайда келтіреді.
Екінші топтағылар- интелектілік дамуы едәуір кейін қалған, ақыл- ойы кем имбецил балалар. Абстрактілі ойлауға мүлде қабілеті жоқ, тілі мүкіс, сөз қоры ондаған сөздермен шектеледі. Аз мөлшерде санауды біледі және қарапайым арифметикалық әрекеттерді керекті мысалдар арқылы жасай алады. Олардың тіршілігі тамақты қабылдауы және жыныстық сезіммен шектеледі, әуестіктің өзі бұзылған. Оларда өзін- өзі қарауды дағдыландыруға болады. Еңбек істеу қабілеті жоқ. өз бетімен өмір сүре алмайды, үнемі бақылауды қажет етеді, туған- туысқандарына жақын болады. Олар қуанады, ұялуы, қорқуы мүмкін. Қосымша мектептерде оқи алмайды. Олардың жүріс- тұрысы рабайсыз. Имбецильдердің реакциялары ерекше болып, кейде ашуланшақ және қауіпті болады. олардың сенгіштігі мен еліктеушілігі жоғары болғандықтан әлеуметке қарсы әрекет жасайды. Қазіргі кезде қосалқы мектептерде имбецил балалар үшін сыныптар ашылуда.
Үшінші топтағылар- нақұрыс балалар. Ойлау мен сөйлеу қабілеті дамымаған, тек түсінік дыбыстар шығарады. Айналадағыларға реакциясы төмен болады. Нақұрыстар психологиялық және денесінің өсуі жағынан алғандағы өзгерістер терең байқалады. Эндокриндік өзгерістер, бас сүйегі мен қаңқа құрылысындағы тұрпайылық, көріксіздік байқалады. Іс- қимылды үйлестіру, әсіресе қолдың ептейлі қимылында қатты бұзылады. Сөзді айтқанда олар жеке- жеке дыбыстарға бөліп айтады. Төңірегіндегілерге көз тоқтатып, ойлай алмайды, өзіне- өзі қызмет көрсетуге шамасы келмейді. Оларды ұдайы қадағалап, күтуге тура келеді. Ондай балаларға әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері тарапынан қамқорлық жасалады.
Мұндай балалардың бұл кемістігі әр түрлі кезеңде орталық нерв жүйесі зақымданудан болады. Біреуінде зақымдану ол құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде ол туғаннан кейін, 3 жасқа жейін болады. Процестің өзі тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануы органикалық зақымдану деп, ал балалардың өзін арнайы педагогикада олигофрендер деп атайды.
Сонымен бұл категориядағы аномальді балалардың орталық нерв жүйесінің бұзылуы түрліше себептерден ерте кезден болғандықтан, олардың бәрінің бұдан былайғы дамуы кемістік негізінде пайда болады. Сөйтіп мидың зақымдануынан жоғары нерв жүйесінің қызметі қатты бұзылады, демек осыдан барып бүкіл психологиялық процестердің дамуы бұзылады.
Алайда олигофрен балалар мен кем ақыл балаларға тән болатын бүкіл психикалық процестер – ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және басқа қабілеттер дамуының бұзылуы. Ақыл- ой кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік ойлану процестерінің жетілмеуі, атап айтқанда қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы болып табылады. Ойлаудың төменгі дәрежесі- олигофрендердің негізгі кемістігі




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет