Қазақстанда әлеуметтік педагогика ғылымының пайда болуы мен даму тарихы.
Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика рөлінің артып отыратындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдің жан-жақты демократияландыруы мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік – қоғамдық тәрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе.
Адамды әлеуметтендірудің негізгі концепциялары
Отбасы – адамды тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдениет ортасы ретінде.
Отбасы әлеуметтенуі – әлеуметтік білімнің маңызды салаларының бірі. Қазіргі кездегі отбасы мәселелеріне деген қызығушылық көптеген қоғамдық проблемалардың негізінен отбасында туындауына байланысты. Әлеуметтану тұжырымы бойынша отбасы – бұл қоғамдық қатынастар мен процестердің көптеген түрлері біте қайнасқан және де әртүрлі әлеуметтік қызметтер атқаратын кешенді әлеуметтік құбылыс. Отбасы институты адам өмірінің негізі кезеңдері өтетін және әрбір индивидтің өмірімен тығыз байланысты болғандықтан оның барлық дамуына кешенді әсер ететін әлеуметтік ортаны білдіреді.
Отбасы – іргелі, универсалды әлеуметтік институт. Ғалымдар бұл институтты ұзақ жылдар бойы зерттеп, оның мәнін ашуға тырысқан. Мысалы, Джордж Мердок 250 түрлі мәдениеттегі отбасын зерттеп, мынадай анықтама ұсынған:
Отбасы – бұл ортақ тұрғылықты жерімен, экономикалық кооперациясымен, өндірісімен сипатталатын әлеуметтік топ. Әлеуметтанушылар отбасын әлеуметтік институт және әлеуметтік топ ретінде қарастырады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар және де басқа да туыстар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың, мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы. Отбасын әлеуметтік институт ретінде қарастырғанда мынадай мәселелерге назар аудару керек:
Некелік –отбасылық қатынас саласындағы қоғамдық сана;
Отбасылық мінез-құлық үлгісі;
Отбасындағы рольдік қатынас;
Отбасы институты арқылы өзінің негізгі қызметін жүзеге асырудың тиімділігі туралы мәселе;
Нормалар мен құндылықтардың өзгеруінің әлеуметтік механизмі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |