Әлеуметтік педагогика бойынша әлеуметтік педагогиканың пәні мен мазмұны


Әлеуметтік педагогикадағы принциптер түсінігі және олардың мәні мен түрлері



бет2/10
Дата14.06.2022
өлшемі44,67 Kb.
#36853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Әлеуметтік педагогикадағы принциптер түсінігі және олардың мәні мен түрлері

Әлеуметтік педагогиканың принциптері – бұл, тұлғаның қалыптасу және даму процесінің базалық принциптерін түсіну ғана емес, сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ондай принциптер қатарына – гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі, жүйелілік, поляризация және тәжірибе жатады.
1. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі принципi. «Гумандылық», «гуманизм» ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен аударылғанда «адамға деген құрмет» деген мағынаны білдіреді. Гуманизм қағидасы мынадай ережелерді сақтауды қажет етедi:
- қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық және әлеуметтік жағдайына карамай оларға деген дұрыс қарым-қатынас пен құрмет болуға тиіс;
- әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен дамуына көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау;
- мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы басқышы ретінде түсіну.
Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі, бағыттылығы принципi - адамның өмiрiн, оның дене, психикалық және адамгершiлiктiк саулығын, сондай-ақ рухани байлықтарын адамның жоғары құндылықтары ретiнде мойындау. Әлеуметтендiру процесiндегi педагогикалық
ықпалдың негiзгi мақсатының өзi оны тек танып қана қоймай, сол құндылықтарға қол жеткiзу болып табылады.
Тәрбиені ізгілендіру идеясы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде бастау алып, ол барлық елдер педагогтары тарапынан насихатталып келеді.
Әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік принципі ізденушілік және практикалық іс-әрекетте төмендегідей үш идеямен байланысты болады:
- адамды жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану;
- адамды қоғамдық дамудың мақсаты ретінде мойындау;
-адамды қоғамдық өмірдің жалпы барлық салаларын кез келген әлеуметтік-педагогикалық жобалар мен технологияларды бағалаудың жоғарғы критерийі ретінде тән алу.
Әлеуметтік педагогика үшін әлеуметтілік принципі - адамның интегралдық әлеуметтік болмысына, тұлғаның көп аспектілі қалыптасу және даму процесінің әлеуметтік
детерминациясы мен қызмет ету жағдайындағы тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты үш аспектіде принципиалдық маңызға ие.
Жүйелілік принципінің мазмұны төмендегі қағидалар арқылы айқындалады:
- тұлғаның қалыптасу және даму процесін зерттеу және қамтамасыз етуде пәнаралық қатынасқа бағдарлану;
- тұлғаның өмір сүру деңгейі мен әлеуметтендірудің барлық құрылымдық компоненттерінің субординациясы мен координациясының логикасын мазмұндық тұрғыдан қарастыру;
- жүйелілік қатынас негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияларды жасау.
Поляризациялау принципі әлеуметтендіру процесінің өзін диалектикалық бірлікте қарастыруды, қарама-қайшылықтар бірлігі ретіндегі тұлға болмысының табиғатын, оның өмір сүруінің жекелік деңгейін түсіндіруді мақсат етеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет