Әлеуметтік-саяси білімдер модулі


Платон (б.э.д. 427–347 жж.)



бет4/17
Дата04.11.2022
өлшемі4,29 Mb.
#47437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
download

Платон (б.э.д. 427–347 жж.)


антикалық дәуірде өмір сүрген, философия мен саяси ілімдерде өшпес із қалдырған ғұлама.
  • Платон мемлекетті дана философтар басқарғанын қалады. Өйткені, оның ойынша, ақыл, парасат, білім,

  • көрегендік философтарға тән қасиет.
  • Ойшыл мемлекетті басқарудың монархия мен аристократиялық түрін жақтады.
  • Тирания, олигархия және

  • демократияны басқарудың дұрыс
    емес түрлеріне жатқызған.

Аристотельдің саяси-құқықтық тақырыпта


Аристотель
(б.э.д. 384-322ж.)
жазылған бірнеше еңбектері бар: «Саясат»,
«Афина политиясы», «Этика», «Риторика».
Аристотель мемлекетті қауымның дамыған түрі,
ал қауым – отбасының дамыған түрі дейді. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке қол жеткізу үшін бірігеді. Қоғамды басқарудың
дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны, ал дұрыс емес басқару түрлері деп, тирания, олигархияны, демократияны есептеді.
Мемлекетті басқарудың дұрыс түрінде билеушілер халықтың қамын ойлайды, ал бұрыс түрінде өз пайдаларын көздейді деген ой айтты. Ұлы ойшылдың қоғамды адам емес, заң басқару керек деген пікірі оның даналығын дәлелдейді. Сол сияқты, оның қоғамдық меншікті жақтамай, әр адамның өзіне тиесілі жеке меншігі болуы
керек, сонда оның дәулеті молаяды, сапалы, көп өнім өндіруге деген қызығушылығы артады, осылайша, тұтас қоғам дамиды, деген ойы ойшылдың сол заманда асқан көрегендігінің
белгісі.
Марк Тулий Цицерон б.э. дейінгі (106-43жж).
Цицеронның «Мемлекет туралы», «Заң туралы»,
«Міндеттер туралы» деген еңбектерінде
мемлекет мәселелеріне маңызды орын берілді. Бұл еңбектерінде ол Полибий сияқтя мемлекетті аралас басқару формасын, яғни демократия,
аристократия және монархия жақсы жақтары өзара ұштасып, үйлесетін басқаруды қолдайды.
Ол республикалық басқару формасы еді.
Рим конституциясы, сондай-ақ, халық жиналысының, сенаттың, консулаттың бірлесіп басқаруы ол айтқан талапқа жауап бере алады
деп есептеді. Ол адамдардың бірдей мүлік теңдігіне қарсы болып, әлеуметтік жіктерге бөлінуін жақтады. Оның ойынша мемлекет
басшылары ақылды, шешен сөйлейтін, әділетті, мемлекет туралы ілімнен хабардар болуы керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет