Бауыржан (Бауржан, Бауырджан), Ержан (Иржан).
Осы тұрғыда Б. Әбдуәлиұлы антропонимдік норма мәселесін, оның ішінде
қазақ тіліндегі бір есімнің бірнеше нұсқада жазылуына байланысты
81
антропонимжасамдық норма мәселесіне терең мән берілу керектігі жайлы
айтады. Ғалым бұл мәселе төңірегінде мынадай тұжырым жасайды: «Қазақ
тіліндегі
төл
дыбыстық
болмысынан
ауытқыған
мұндай
есімдер
антропонимжасам талаптарына сай келмейді, өйткені тілдің табиғи даму
заңдылықтары бойынша емес, қолдан жіберілген қателер мен қателіктердің
нәтижесінде пайда болып отыр» [86, 47 б.].
Кесте 3 – 1980 жылы жиі таңдалған ер антропонимдері
№
Ер есімдері (1980 ж.)
Саны
1
2
3
1
Тимур
70
2
Нұрлан
56
3
Данияр
55
4
Руслан
52
5
Арман
50
6
Асқар
48
7
Рүстем
45
8
Бауыржан
38
9
Ержан
35
10
Марат
34
Аталған жылы жиі таңдалған ер есімдерінің шығу тегі, жасалу жолдары,
лексикалық астарлары мен білдіретін мән-мағынасына тоқталып өтейік:
Темір, қаз. темір – бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған
есім. Синонимі – Тимур [136, 125 б.];
Данияр, ир. – жақын, таныс [136, 54 б.];
Нұрлан, ар. – ажарлану, әрлену, нұрлы, бақытты болу [136, 2008, 102 б.];
Руслан, к.т. – Арыслан есімінің орыс тілінде өзгерген түрі [136, 111 б.];
Арман, ир. – тілек, арман, мақсат [136, 25 б.];
Асқар, қаз. – 1) ең биік, сеңгір тау, қарлы биік шың; 2) тірек, сүйеніш [136,
26 б.];
Рүстем, ир. 1) раода – жүз, келбет, бейне; 2) тама – күшті. Бұл есімнің
жалпы мағынасы – батыл, күшті, мықты, зор денелі [136, 111 б.];
Бауыржан, қаз. – ағайынға, туған-туысқа жан-тәнімен берілсін, жанындай
жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім [136, 43 б.];
Ержан, қаз. – батыл, өжет адам, батыр кісі [136, 62 б.];
Марат, фр. – Француз буржуазиялық революциясы қолбасшыларының бірі
Жан Поль Марат (1747-1793) құрметіне қойылған есім. Қазақ отбасында 1930
жылдан бері кеңінен қойылған [136, 90 б.].
Сирек
ер
есімдері.
Сирек
есімдер
жайында
А.В. Суслова,
А.В. Суперанская: «К редким относятся имена, которые в настоящее время
лишь единично даются детям» дейді [161, c. 130].
82
Сәбиге қойылатын ерекше есімдердің сипатын Н.И. Шейко: «Стремление
найти для ребенка необычное, оригинальное имя породило и ряд явно
неудачных имен-самоделок, вроде Ракета, Электрон, Дифференциал, Идея,
Эра, Лирика. Большинство подобных имен в лучшем случае вызывали
дедоумение. Они не найдут признания и не просуществует более одного
поколения» [162, c. 20] деп көрсетеді.
Яғни ерекше есім таңдауда қиялға ерік беру нәтижесінде кейбір есімдердің
құлаққа тұрпайы естілетін тұстары да болады, мұндай есімдер
антропонимикалық қорда белгілі бір кезеңдегі әлеуметтік-саяси және мәдени
жағдаяттарға қатысты туындап, уақытша көрініс тауып отырады.
1980 жылғы сирек ер антропонимдеріне: Ақансері (Ахансэре), Ақжайық,
Аққұлан, Алаш, Архам, Атил, Барат, Бұлан, Валентин, Вадим, Глеб, Дмитрий,
Ділмұхаммед, Камаладдин, Константин, Қалам, Құрмет, Лукиан, Марсель,
Мизамбек, Михаил, Ратмир, Оскар, Өрнек, Рауль, Раухат, Родион, Сүйеніш,
Энвер есімдері жатады.
Тілдік қатысымдылығы. Жалпы саны 1761 туу туралы акт жазбасынан –
374 ер есімі сараланды. Ер есімдерінің тілдік қатысымдылығы анықталып,
олардың сандық және пайыздық көрсеткіштері суретте (сурет 1) берілді.
1980 жылғы қазақ антропонимиялық қорында көне түркі, қазақ тіліндегі
есімдер, араб-парсы тілдерінен енген, орыс тілі арқылы өзге шет тілдерден
енген есімдер кездеседі. Жоғарыда берілген сандық мәліметтер бойынша араб
тілінде – 112 есім (29,95 %), қазақ (түркі тілдерінен) тілінде есімдер – 28,07 %),
парсы тілінде – 27 есім (7,22%), гибридті есімдер – 86 (22,99 %).
Сурет 1 – 1980 жыл ер антропонимдері тілдік қатысымдылығы
Сонымен бірге өзге шет тілдерінен енген есімдердің сандық және
пайыздық үлесі келесідей: лат. – 11 есім ( Валентин, Константин, Сергей, т.б. –
2,94 %), гр. – 10 есім ( Александр, Арсен, Юрий, т.б. – 2,67 %), слав. – 7 есім
( Борис, Вадим, Владимир, Ратмир – 1,87 %), к. евр. – 4 есім ( Илияс, Михаил,
Равиль, Яков – 1,07 %), монғ. – 4 есім ( Алтай, Ерден, Жайсан, Жамбыл) – 1,07
%, герм. – 4 есім ( Глеб, Рауль, Оскар, Роллан – 1,07 %); испан тілінен – 1 есім
83
( Диас – 0,27 %), кельт – 1 есім ( Артур – 0,27 %), фр. – 1 есім ( Марат – 0,27 %),
сканд. – 1 есім (Олег – 0,27 %).
Достарыңызбен бөлісу: |