(into smth) соғылу, соқтығысу, құлау т.с.с. (c)
тарс-тұрс ете, дүниенi аспанға көтере, астаң-
кестеңiн шығара жүру, қозғалу 2.гүрсiлдету,
тарсылдату 3.(компания, үкiмет ж.) омақасу,
құлау, құрдымға кету 4. (ауызекi) = gatecrash
5.(a)тез ұйқыға кету (b)бiреудiң үйiне түнеп
қалу 6.(idm) *~ing bore адамды мезi қылатын,
есiн шығаратын адам
crash barrier n (топты өткiзбеу үшiн
қойылатын, жолдағы қарама қарсы жөңкiлген
көлiктердi т.б. бөлетiн) қоршау, керме, қабырға
crash dive n (сүңгуiр қайық, ұшақ т.б. ж.) күрт
сүңгу, құлдилау
crash helmet n (мотоциклистiң, ұшқыштың)
шлем, басын қорғайтын бас киiм
crash land v құлай қону (ұшақтың сынғанына,
т.б. төтенше жайғдайға байланысты ұшақтың
əрең, кейде, қирай қонуы)
crash landing n құлай қону [қ-з: crash land]
crass [kræs] adj (кiтаби жақтырм) 1.мүлдем;
тым; барып тұрған ♦~ stupidity - барып тұрған
ақымақтық 2.кеще, миғұла; əумесер
crassly [‘kræsli] adv [қ-з: crass]
crassness [‘kræsnis] n [қ-з: crass]
-crat [kreit] comb form (зат есiмдердi құрайды)
♦democrat, technocrat, bureaucrat
crate [kreit] A.n 1.(a)үлкен ағаш жəшiк,
контейнер ♦a ~ of car components -
автомобильдiң қосалқы бөлшектерi салынған
жəшiк (b)бөтелкелер салуға арналған жəшiк
2.(a) (slang) тозған автомобиль (b) (slang)
ұшақ, самолет B.v ~ smth (up) жəшiкке салу
crater [‘kreitə(r)] n 1.кратер (вулканның
төбесiндегi ойық) 2.кратер (метеориттен
қалған шұңқыр) 3.ойық, шұңқыр (жарылған
боманың, снарядтың орны)
crater lake n кратер көлi (сөнген вулкан
кратерiнде пайда болған көл)
cravat [krə’væt] n крават (ерлер мойнына тағып,
жағаның iшiне қайырылатын əсем мата)
crave [kreiv] A.v 1.~ (for) smth ынтығу, iңкəр
болу ♦I was ~ing for a drink. - Мен қаталап
тұрған болатынмын. 2.(архаизм) жалбарыну,
жалыну ♦to ~ smb’s mercy, forgiveness - бiреудiң
мейiрiмiн өтiну, бiреуден кешiрiм сұрап
жалбарыну B.n ~ (for smth) ынтықтық,
iңкəрлiк
craven [‘kreivn] adj (кiтаби жақтырм)
сүмiрейген, қорқақ, сужүрек ♦~ behaviour
– сүмiрейiп жүру ♦~ submission - сүмiрейе
бойұсыну
crawfi sh [‘krɔ:fi ʃ] n (pl өзгермейдi) = crayfi sh
crawl [krɔ:l] A.v 1.(a)еңбектеу, жер бауырлау,
жорғалау (b)(көлiк т.б. ж) баяу жылжу 2.(жер
бауырлап жүретiн жəндiктерге жəне басқа
нəрселерге) толы болу, құжынау, қаптау ♦The
groun was ~ing with ants. - Жер құжынаған
құмырсқаға толы болды. ♦(ауысп. мағ.) The
area was ~ing with police. - Ол жерде полиция
қаптап жүрдi. 3.денесi шiмiркену, түршiгу
♦The sight of snakes makes my fl esh ~. - Жылан
көргенде денем түршiгiп кетедi. 4.~ (to smb)
(ауызекi жақтырм) маймөңкелеу, жылпостану
5.(idm) *to make one’s/smb’s fl esh ~/creep
fl esh
B.n 1.(a) (жақтырм) баяу жылжу, қозғалу (b)
еңбектеу, жер бауырлау, жорғалау 2.(көбiнесе
the ~) кроль, құлаштай жүзу
crawler [‘krɔ:lə(r)] n 1.(кiтаби жақтырм)
жылпос, маймөңке 2.~s сəби киiмi (сөзбе сөз:
еңбектегiш, орысша: ползунки)
crayfi sh [‘kreifi ʃ] n (pl өзгермейдi) өзен шаяны
crayon [‘kreiən] A.n фломастер, маркер; түстi
қарындаш B.v маркермен, қарындашпен сызу
craze [kreiz] n (a) ~ (for smth) қызығушылық,
құштарлық, құмарлық (b)құмартқызатын,
қызықты нəрсе
crazed [‘kreizd] adj (кейде half-crazed) ~ (with
smth) толқыған, есi кеткен, есi шыққан; есi
ауысқан, есiн бiлмейтiн ♦She was ~ with grief.
- Ол қайғыдан құса болды. ♦drug-~ fanatics -
есiрткiге бөккен фанаттар
crazily [‘kreizili] adv [қ-з: crazy]
craziness [‘kreizinis] n [қ-з: crazy]
crazy [‘kreizi] adj (-ier, -iest) 1. (ауызекi) (a)
есi ауысқан, алжасқан ♦That noise is driving
me ~/making me go ~. - Ана шу менiң есiмдi
шығарып барады. (b)ақымақ, топас ♦She is ~
to lend him the money. - О немеге ақша берiп
жүрген бұл да ақымақ. 2.~ (about smth)
(ауызекi) толқыған, қызған ♦The kids went ~
when the fi lm star appeared. - Балалар əйгiлi
актердi көргенде естерi кеттi. ♦She’s ~ about
him. – Ол (қыздың) о жігіттен есi кетiп жүр
(яғни, ғашық). 3.(тротуар, көрпе ж.) кедiр-
бұдыр, құрақ-құрақ 4.(idm) *like ~ (ауызекi)
тынбай; өте көп, тым ♦to talk, work like ~ -
сампылдап сөйлеу, өлгенше жұмыс iстеу ♦to
run like ~ - жынұрғанша жүгiру, далбалақтап
жүгiру
creak [kri:k] A.n сықыр, шықыр (топсасы
майланбаған есiктiң, тартпаның т.б.
ашылғандағы үнi) B.v шықырлау, сықырлау
♦The wooden cart ~ed as it moved along. - Ағаш
арба сықырлай жылжып бара жатты. ♦the
~ing joints of an old man - қарт адамның
сықырлаған буындары
creakily [‘kri:kili] adv сықырлай, шықырлай
[қ-з: creak]
creaky [‘kri:ki] adj (-ier, -iest) сықырлаған,
шықырлаған
cream [kri:m] A.n 1.қаймақ ♦Have some ~ in
your coffee. - Кофеңе бiраз қаймақ қат. ♦~
cake - қаймақты кейк 2.қаймақты я қаймаққа
ұқсаған тағам ♦ice-~ - балмұздақ ♦chocolate
~s - шоколад қаймағы 3.крем, май (косметика
я дəрi-дəрмек) ♦face-~ - бетке жағатын крем,
май 4.the ~ (кейде la crème de la crème), ~ (of
smth) «қаймақ», ең жақсы жерi, ең жақсысы
♦the ~ of the crop - астықтың ең жақсы
түсiмi B.adj қаймақ түстi, сарғыш ақ C.v
1.(пiсiрiлген көкөнiстi м: картопты сүт я май
қосып) езу, мыжу 2.қаймақ, крем жасау ♦to ~
butter and sugar - май мен қантты қосып езiп
458
459
крем жасау 3.(phr v) ~ smb/smth off iрiктеп
алу, сүзiп алу, iрiктеп алып тастау ♦The most
able pupils are ~d of and put into special classes.
- Ең жақсы деген оқушылар iрiктелiп алынып
арнайы кластарға жiберiледi. ♦Our best scien-
tists are being ~d off by other countries. - Бiздiң
ең жақсы деген ғалымдарымызды басқа елдер
алып жатыр.
cream cheese n қаймақ сыр, қаймақ iрiмшiк
(құрамында қаймақ көп, жұмсақ, ақ iрiмшiк)
creamery [‘kri:məri] n 1.сүт өнiмдерi дүкенi
2.сүт өнiмдерiн өндiретiн жер
creamy [‘kri:mi] adj (-ier, -iest) қаймақ сияқты;
қаймақты
crease [kri:s] A.n 1.бүктеу, сындыру сызығы;
қыр ♦to iron a ~ into one’s trousers - шалбарына
үтiкпен қыр түсiру ♦~-resistant cloth - қыр
түспейтiн мата 2.əжiм ♦~s round an old
man’s eyes - қарттың көз алдындағы əжiмдер
3.(крикет ойынында) доп соғушы тұратын
сызық B.v 1.қыр түс(iр)у, бүкт(ел)у ♦material
that ~s easily - тез қыр түсетiн мата ♦Pack
the clothes carefully so that you don’t ~ them. -
Киiмдерiңдi қыр түсiп қалмайтындай етiп
дұрыстап сал. 2.~ smb (up) (Brit ауызекi)
бiреудi күлдiру ♦Her jokes really ~d me (up).
- Оның қалжыңдары менiң iшек-сiлемдi
қатырды.
create [kri:’eit] v 1.жасау, дүниеге келтiру,
жарату, сомдау ♦God ~d the world. -Құдай
дүниенi жаратқан. ♦to ~ a role - (актер
ж.) рөлдi сомдау ♦to ~ more jobs - көптеген
жұмыс орындарын жасау 2.бiрнəрсеге
себепкер болу; жасау, шығару ♦His shabby ap-
pearance ~s a bad impression. - Оның сұрқы
нашар əсер қалдырады. 3.атақ, дəреже
беру ♦He was ~d Baron of Banthorp. - Оған
Банторптың бароны атағы берiлдi. 4. (Brit
ауызекi) ашулану, əлек салу
creation [kri:’eiʃn] n 1.(a)жасау, дүниеге
келтiру, сомдау (b)(əдетте the C~) құдайдың
дүниенi жаратуы 2.(көбiнесе C~) əлем, ғалам,
дүние 3.туынды, жасалынған зат, нəрсе
creative [kri:’eitiv] adj 1.творчестволық,
шығармашылық, жасампаздық ♦The
writer described the ~ process. - Жазушы
творчестволық процестi суреттеп бердi. ♦He
teaches ~ writing. - Ол шығарма жазу пəнiнен
сабақ бередi. 2.жасағыш, жасампаз ♦She is very
~; she writes and paints. - Ол өте жасампаз;
жазады əрi сурет салады.
creatively [kri:’eitivli] adv [қ-з: creative]
creativeness [kri:’eitivnis] n [қ-з: creative]
creativity [,kri:ei’tivəti] n [қ-з: creative]
creator [kri:’eitə(r)] n 1.жаратушы, тудырушы,
жасаушы ♦Shakespeare, the ~ of Ham-
let - Гамлеттi сомдаған Шекспир 2.the C~
Жаратқан, құдай
creature [‘kri:ʧə(r)] n 1.мақұлық, жануар
♦dumb ~s - аңдар, хайуандар 2.тiрi жан, пенде
♦What a lovely ~! - Неткен сұлу жаратылған
жан десеңшi! ♦a poor ~ - бейшара 3.(idm)
*smb’s ~/the ~ of smb (кiтаби жақтырм)
бiреуге толық тəуелдi жан, қолшоқпар,
итаршы, қуыршақ *a ~ of habits күнделiктi бiр
iске дағдыланып қалған адам
creature comforts тiрi жанға қажет нəрселер
crèche [kreiʃ, kreʃ] n 1.(Brit) балалар бақшасы
2.(US) = crib
credence [‘kri:dns] n (idm) *to attach/give ~ to
smth (өсекке, əңгiмеге т.б.) мəн беру, құлақ
қою ♦I attach little ~ to what she says. – Мен
оның сөздерiне онша бiр мəн бермеймiн. *to
lend ~ to smth/gain ~ назар аударарлықтай,
көңiлге қонарлықтай, сенерлiктей болу
credentials [kri:’denʃlz] n 1.~ (for/as
smth); ~ (to do smth) өкiлеттiлiк, мандат,
квалификация, қасиет, сапа ♦She has perfect ~s
for the job. - Оның бұл жұмысқа деген барлық
қасиеттерi бар (яғни, қай жағынан алғанда
да жарамды). 2. елшiнiң сенiм хаты 3.куəлiк
credibility [,kredə’biləti] adj 1.абырой, сенiм
♦This latest scandal has damaged his ~ as a
leader. - Соңғы жанжал оның басшы ретiнде
абыройына залалын тигiздi. 2.сенерлiк,
нанарлық нəрсе ♦There are serious questions
about the ~ of these reports. - Бұл ақпарларға
едəуiр күмəн келтiретiн сауалдар бар.
credible [‘kredəbl] adj сенерлiк, нанарлық,
иланарлық
credibly [‘kredəbli] adv сенерлiктей,
нанарлықтай ♦I am ~ informed that … - Маған
сенiмдi бiр адам … деп хабарлады.
credit [‘kredit] A.n 1.(a)алынған заттың
ақшасын кейiн төлеуге рұқсат я кейiн төлейтiн
жүйе, артынан төлеу, кредит ♦No ~ is given
at this shop. - Бұл дүкенде ешкiмге кредит
берiлмейдi. ♦I bought it on ~. - Мен мұны
кредитке алдым. ♦to give smb six months’
interest-free ~ - бiреуге алты айға өсiмсiз
(процентсiз) кредитке беру (яғни, алты ай
iшiнде ешбiр қосымша ақшасыз). (b)бiреудiң
банктегi есеп-шотындағы ақша ♦How much
do I have to my ~? - Менiң есеп-шотымда
қанша ақша бар? Your account is in ~. - Сiздiң
есеп-шотыңызда ақша бар. (c)кредит, несие,
қарыз ♦The bank refused further ~s to the com-
pany. - Банк компанияға одан əрi несие беруден
бас тартты. (d)(бухгалтерлiк iсте) кредит,
алынған төлем(нiң жазбаша тiзбесi) 2.~ (for
smth) мақтау; құптау; мойындау ♦He got all
the ~ for the discovery. - Ол ашқан жаңалығы
үшiн барынша мақталып-марапатталды.
♦I can’t take any ~; the others did all the work.
- Менi тiптi де мақтаудың керегi жоқ; iстi
тындырған басқалар. ♦She was given the ~
for what I had done. - Мен тындырған нəрсе
үшiн мақтаудың бəрiн ол алды. ♦His cour-
age has brought great ~ to/refl ects ~ on his
regiment. - Оның ерлiгi полкына даңқ əкелдi.
3.сенiм, сену; нану ♦The rumour is gaining
~. - Қауесетке сенушiлер көбейiп барады.
♦Recent developments lend ~ to previous re-
ports. - Соңғы оқиғалар бұдан бұрынғы
ақпарларды растайды. 4.~s (кейде ~ titles)
телепрограмманы, фильмдi т.б. жасауға
қатысқандардың көрсетiлiмнiң басында я
аяғында берiлетiн тiзiмi 5.(US бiлiм беру
жүйесi) студент табелiндегi, құжатындағы
оның белгiлi бiр пəн бойынша курстан
өткенiн бiлдiретiн тарау, орысша зачет ♦to
gain ~s in Math and English - математика
мен ағылшын тiлiнен зачет алу 6.атақ, жақсы
ат ♦This brilliant people is a ~ to his teachers.
- Мына тамаша оқушы оның мұғлiмдерiнiң
мақтанышы. 7.(idm) *to be to smb’s ~; to do
smb ~; to do ~ to smb/smth бiреуге жақсы ат
əкелу, жақсы етiп көрсету ♦Smith, to his ~, re-
fused to get involved. - Смит өзiн абыроймен
ұстап, килiгуден бас тартты. ♦It is greatly
to your ~ that you gave back the money found;
your honesty does you ~. - Табылған ақшаны
қайтарып бергенiң өзiңе абырой болған;
сенiң адалдығың саған жақсы ат əкеледi. *to
have smth to one’s ~ бiрнəрсеге қолы жету,
табысқа жету ♦He is only thirty, and already
he has four fi lms to his ~. - Ол небəрi отызда
болса да төрт фильм түсiрiп үлгерiптi. B.v
1.~ smb/smth with smth; ~ smth to smb/smth
(a)бiреуге/бiрнəрсеге телу, нану ♦The relics
are ~ed with miraculous powers. - Көне заман
жəдiгерлерiнде таңғажайып күштер бар
деп ойлайды жұрт. (b)бiреудiң есеп-шотына
келiп түскен төлемдердi тiркеу ♦The cheque
has been ~ed to your account. - Чек сенiң есеп-
шотыңа келiп түстi. 2.(көбiнесе сұрақтарда
я болымсыз сөйлемдерде) сену, нану ♦I
can barely ~ what she said. - Менiң оның
айтқанына онша сенiңкiремеймiн.
creditable [‘kreditəbl] adj ~ (to smb) мақтауға
тұрарлық; атағын, даңқын шығаратын,
аброй əперетiн ♦~ work, progress - мақтауға
тұрарлық жұмыс, iлгерiлеу ♦conduct that is very
~ to him - өзiне абырой əперетiн жүрiс-тұрыс
creditably [‘kreditəbli] adv мақтауға
тұрарлықтай, абыроймен
credit account (US charge account) кредиттiк
есеп-шот (бiреудiң дүкенде т.б. жерде
тiркелген, алынған заттарға бiрден емес,
белгiлi бiр уақыт өткенде төлеп тұруға
мүмкiндiк беретiн есеп-шоты)
credit card n кредит кард, кредиттiк карточка
credit note (коммерц) кредит қағаз, кредитнот
(тауарларды қайтарған тұтынушыға берiлген,
оған қайтқан заттың құнына тең мөлшерде
басқа тауар алуға мүмкiндiк беретiн қағаз)
creditor [‘kreditə(r)] n кредитор, несиешi
credit rating n кредит рейтиң (рейтинг),
кредиттiк көрсеткiш (бiреудiң кредитке алған
заттарының құнын төлей алу қабiлетiнiң
көрсеткiшi)
credit-side кредит жағы (есеп-шот қағазының
оң жағындағы кредит, яғни, алынған төлемдер
тiзбесi көрсетiлген тұс)
credit squeese кредиттiк қысым (берiлетiн
кредиттiң проценттiк ствакасын көтерiп,
несие алуды қиындату арқылы үкiметтiң
инфляцияны тiзгiнде ұстау саясаты)
credit transfer кредит трансфер, кредит-
аударым (бiр есеп-шоттан бiрден екiншiсiне
ақшаны чек қолданбай-ақ аудару)
credit worthiness n [қ-з: credit worthy]
credit worthy adj (адамдар, фирмалар т.б. ж.)
кредит беруге тұрарлық, кредит-сенiмдi
credo [‘kridəu, ‘kreidəu] n (pl ~s) сенiм, наным,
кредо
460
461
credulity [kri’dju:ləti; US -du:-] n аңқаулық,
сенгiштiк ♦ childish ~ - балаша сенгiштiк ♦ a
statement which stretches/strains one’s ~ to the
limit - сенуге мүлдем қиын мəлiмдеме
credulous [‘kredjuləs; US -ʤə-] adj аңқау,
сенгiш ♦ ~ people who belive what the advertise-
ments say - жарнамалар не десе соған сенетiн
аңқау адамдар
credulously [‘kredjuləsli; US -ʤə-] adv
аңқаулықпен, -лана, сенгiштiкпен т.с.с.
creed [kri:d] n 1.сенiм, наным ♦ people of all
colours and ~s - барлық нəсiл мен нанымның
өкiлдерi ♦ What is your political ~? - Сiздiң
саяси нанымыңыз қандай? 2. the C~ дiни
оқулар; дiни қағидалар жинағы
creek [kri:k; US кейде krik] n 1.( Brit) теңiз, өзен
я көлден құрғаққа су келiп жатқан жiңiшке
алап; қойнау 2.( US) шағын өзен; ағын 3.(idm)
* up the ~ ( ауызекi) қиын жағдайда ♦ I’m really
up the ~ without my car. - Көлiгiмсiз шынымен
қиналып тұрмын.
creel [kri:l] n балық салуға арналған себет
creep [kri:p] A. v ( pt,pp crept) 1.ақырын, ұрлана
жылжу ♦ The cat crept silently towards the bird.
- Мысық құсқа қарай ұрлана жылжыды.
♦( ауысп. мағ.) Old age ~s up on you before
you realize it. - Кəрiлiк қалай келiп қалғанын
бiлмей де қаласың. 2.(өсiмдiк ж.) өрмелей өсу
♦ Ivy had crept up the castle walls. - Шырмауық
қамал қабырғаларына өрмелей өсiптi. 3.(idm)
* to make one’s/smb’s fl esh crawl/~ fl esh
B. n 1.( ауызекi жақтырм) жымысқы, сұм адам
2.(idm) * to give smb the ~s ( ауызекi) (a)денесi
түршiгу, шiмiркену, сыздау (b)жынын келтiру,
зығырданын қайнату
creeper [‘kri:pə(r)] n шырмауық; шырмауық
сияқты өсiмдiк
creeping adj баяу, бiрте-бiрте
creepy [‘kri:pi] adj ( -ier, -iest) ( ауызекi) 1.жан
түршiктiретiн, қорқынышты ♦ a ~ ghost story
- əруақ жайлы жан түршiктiретiн əңгiме
2.оғаш, мазалайтын, қызық, алаңдататын
♦ That was a really ~ coincidence. - Оның бiр
бiрiне дөп келуiнде бiр гəп бар.
creepy-crawly [,kri:pi’krɔ:li] n ( ауызекi қалж)
қорқынышты шыбын-шiркей, құрт-құмырсқа
cremate [kri’meit] v, n кремациялау, мəйiттi
өртеп, күлге айналдырып жерлеу
crematorium [,kremə’tɔ:riəm] n ( pl ~s не -oria
[-ɔ:riə]) крематорий, кремациялайтын орын
crematory [‘kremətəri; US -tɔ:ri] = crematorium
crème de la crème [,krem də lα: ‘krem] = cream 4
crème de menthe [,krem də ‘mɒnθ] n ( Fr) тəттi,
жасыл түстi, күштi спирттi iшiмдiк
crennellated ( US -elated) [‘krenəleitid] adj
(қамал, бекiнiс ж.) тiстi, тiс-тiс (қамал
дуалының үстiңгi жағы тiс-тiс болып салынған,
жаумен атқыласуға ыңғайлы болу үшiн)
creole [‘kri:əul] n 1.креол тiлi (белгiлi бiр
европалық тiлдiң басқа бiр тiлмен я тiлдермен
араласынан түзiлген тiл) 2.(əдетте C~)
креол (Оңт., Солт., Америкадағы европалық
келiмсектердiң ұрпақтары)
creosote [‘kriəsəut] A. n креозот (ағашты сақтау
үшiн пайдаланылатын, ағаш я тас көмiр қара
майынан шығарылатын иiстi тұтқыр майлы
зат) B. v креозотпен майлау
crepe, crêpe [‘kreip] n 1.креп (жұқа шайы
кездеме) 2.(кейде ~ rubber) креп резина
(аяқ киiм табанын жасауға арналған, бетi
əжiмделген, жайпақ күйiнде шығатын резина)
crepe paper n креп қағаз (бетi толқындалған я
əжiмделген жұқа қағаз)
crept pt, pp of creep
crepitate [‘kreipiteit] v ( кiтаби, медиц)
сықырлау, шықырлау, қырт ету
crepitation [,krepi’teiʃn] n сықырлау,
шықырлау, қырт ету
crepuscular [kri’pʌskjulə(r)] adj ( кiтаби)
1.қаракөлеңкеленген, көмескi, қарауытқан
♦ ~ shadows - қарауытқан көлеңкелер 2.(аңдар
ж.) қараңғыда, қаракөлеңкеде, кешқұрым
я iңiрде белсендi ♦ Bats are ~ creatures. -
Жарғанат - қараңғыда əрекет ететiн жəндiк.
crescendo [kri’ʃendəu] A. adj, adv ( муз)
дыбыстың күшеюi, дыбысы күшейе, крешендо
B. n ( pl ~s) 1 . ( муз) дыбыстың күшеюi,
крешендо 2.( ауысп. мағ.) шарықтау шегi, шың
crescent [‘kresnt] n 1.айшық, жарты ай 2.жарты
шеңбер, пiшiнi орақ я айшық сияқты нəрсе
3.жарты шеңбер түрiндегi көше я ғимарат
4. the C~ ( ауысп. мағ.) Ислам, Ислам дiнi ♦ the
Cross and the C~ - христиандық пен ислам
cress [kres] n кресс, кресс-салат (ашқылтым
дəмдi, салат не сəндуич жасағанда қосылатын
өсiмдiк)
crest [krest] A. n 1.айдар, құс айдары (құстың
төбесi) 2.(a)адыр, қырқа, төбенiң я жотаның
үстi (b)толқын жалы, толқынның ақкөбiктенген
үстi 3.эмблема үстiндегi дезайн 4.(a)солдат
шлемiнiң төбесiндегi декоративтiк айдар,
шлем айдары (b) ( ауысп. мағ.) шлем, каска
5.(idm) * on the ~ of a wave (сөзбе сөз: толқын
жалында) бақыт я табыс шыңында, шарықтау
шегiнде B. v 1.төбенiң я жотаның үстiне шығу
2.(толқын ж.) жалдану, жал-жал болу
crested [‘krestid] adj 1.эмблеманың суретi
салынған, таңбаланған ♦ ~ notepaper -
мұқабасына эмблема, таңба басылған дəптер
2.(құстар ж.) айдарлы, айдары бар
crestfallen [‘krestfɔ:lən] adj күйiнген, ашынған
cretaceous [kri’teiʃəs] adj ( геол) 1.бор, борлы,
бор сияқты т.с.с. 2. C~ бор кезеңi (бор
жыныстары түзiлген геологиялық кезең)
Достарыңызбен бөлісу: |