Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет15/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Екінші проблема әскери кадрлар болып табылады.Тарихтың жүздеген жылдарынан бері мемілекеттердің әскер ұстауының екі әдісі болды: өз еркімен жалдамалы тәртіптегі және әскери міндет түріндегі. Қазіргі кезде Қазақстан Қарулы Күштерінде офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілер және әскери қызметші әйелдер құрамын жинақтаудың аралас тәсілі қолданылады: өз еркімен, жалдамалы түрде, шартпен (контрактімен) және мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңға сәйкес шақырылады. Соңғы кездері «жалдамалы армия» термині «кәсіпқой армия» терминінің баламасы болып жүр, сонда да Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізі кәсіпқой кадрлардан тұрады деп айтуға болады.
Сонымен бірге, бұл проблеманың өзіндік ерекшеліктері бар және оларды әскери мамандықтардың санын еске түсіру арқылы түсінуге болады. 1990 ж. КСРО Қарулы Күштерінің тізіміне 4 мыңнан аса мамандықтар кірді. Қазақстанның алдында номенклатура бойынша қажетті шамада әскери мамандар болуы керек және әскерлерді мамандармен қамтамасыз етудің бірден-бір тиімді нұсқасы контрактілік жүйеге өту болып табылады. Әрбір өз еркімен келгендер мемлекетпен шарт жасасады, онда қызмет ететін уақыты, ерекше жағдайдағы қызметі үшін өтемақысының тәсілдері көрсетілуі керек. Армияға, сонымен бірге, қаржымен және басқа да материалдық ресурстармен қамтамасыз етудің толықтырылған жүйесі қажет, әскери қызметтің мәртебесін халық арасында көтеру керек. Бұл үшін бағдарламалық саясат қажет және армиялық қызметтің баспасөзде, кинода, теледидарда, видиороликтерде және т.б. жарнамасы болуы керек.
Үшінші проблема – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қару-жарақпен, техниканың жаңа түрлерімен жабдықтау.
Төртінші проблема - Қазақстанның әскери кадрларын даярлаудағы Ресеймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Беларусьпен, Украинамен және әлемдік қауымдастықтың басқа да мемлекеттерімен өзара тәуелді қарым-қатынаста болуы. Жас егеменді Қазақстанның қарулы күштерінің құрылу және қалыптасу кезеңінде ұлттық офицер мамандардың жетіспеуі бірден-бір өткір проблема болды. Бірақ бүгінде, Қарулы Күштердің он жылдық өмірінде бұл проблема күн тәртібінен алынып тасталды. Қазақстан Республикасыынң құрылған және табысты жұмыс істеп жатқан жоғары әскеи оқу мекемелерінің, азаматтық оқу мекемелеріндегі кең тармақты әскери кафедралардың жүйесі қарулы күштерді жыл сайын қажетті мөлшерде билікті әскери мамандармен толықтыруға мүмкіндік береді. Әскери және ғылыми-педагогикалық кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, 1997 ж. 11 ақпанында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштердің әскери Академиясы құрылды.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері даму және жетілу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» деген халыққа Жолдауында ұлттық қауіпсіздіктің және қарулы күштердің дамуы мен жетілуінің бағытын, әсіресе кәсіптік даярлықтың мөлшері көтерілуінің қажеттілігін және армияны қазіргі заманғы қару-жарақ құралдарымен қамтамасыз етуді ерекше атап айтты. Бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді тәсілі көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсарту болып табылады.
Әскери кадрларды даярлаудағы мәселеде маңызды орынды өзінің мықты әскери экономикалық және ғылыми потенциялымен, мүмкіндігімен Ресей Федерациясы алады. Қазақстан Ресеймен әскери-экономикалық және стратегиялық тығыз байланыста. Бұған дәлел жоғарғы дәрежеде әскери делегациялардың алмасуы және Қазақстан мен Ресейдің бірігіп, Самарада болған «Редут-97» сияқты жаттығулар өткізуі. 1992 ж. бастап, Ресейдің жоғарғы әскери орындары мен абыройлы әскери академиялары Қазақстан азаматтарынан курсанттар мен тыңдаушылар қабылдап келеді және қарулы күштерге өте қажет мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды. [9]
Бұл салада жан-жақты қарым-қатынас Украинамен, Беларусьпен, Қырғызстан және Өзбекстанмен орнатылуда. 1997 ж. ғана осы мемлекеттердің президенттері әскери мамандарды өзара даярлауға, әскери техника мен қару-жарақты жөндеуге және өзара тасымалдау туралы шартқа қол қойды. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың әскери саласының тең құқықты мүшесі ретінде танылған.
Әлемнің басқа да мемілекеттерінде офицерлік кадрларды білікті түрде дайындау жүргізіліп жатыр.Бұл процесс тек теориялық түрде ғана емес, сонымен бірге тәжірибелік салада да өтіп жатыр. Бұл 1997 ж. Қазақстан мен Өзбекстан аумағында, Қазақстан ,Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Ресей және Түркіменияның құрамаларының қатысуымен өткізілген «Центразбат- 97 және 98» біріккен бітімгершілік жаттығуынан көрініс тапты.
Жоғарыда көрсетілген шарттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдіруге, ұйымдастыруға, оның әскери даярлығын арттыруға және қауіпсіздікті, егемендікті, аумақтық біртұтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндікті туғызады.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың көтерген бесінші пробемасы – бұл әскери киімдегі адамның мәртебесін көтеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет