Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Жауынгерлік дәстүрлердің мәні және оның тәбиелік маңызы



бет23/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Жауынгерлік дәстүрлердің мәні және оның тәбиелік маңызы.
Жауынгерлік дәстүрлер – бұл флот пен әскерде тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа берілетін әскери қызметті атқарғандағы және шайқастағы жауынгердің тәртіп нормалары мен салттары, ережелері.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері – бұл белгілі бір қоғамдық құрылым жасаған дәстүрлер, оларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалу ерекшелігі көрінеді. Оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қаһармандық ерлігі, Қазақстандық пролетариаттың төңкеріс оқиғалары алдында қаланды және Кеңес Әскерінің өткен қаһармандық жолының ең үздік дәстүрлерін бойына сіңірді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сарбаздарының жауынгерлік дәстүрлерінің ең маңыздысы болып табылады: тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасына және оның халқына шексіздік берілгендігі; басқыншыларға деген өшпенділік; өз күшіне деген сенімділік; Отанды қоғауға үнемі дайын тұруы; флот пен әскерге деген сүйіспеншілік, әскери антқа шын берілгендігі; шайқастағы көпшіліктің қаһармандығы; мызғымайтын жауынгерлік жолдастық, қолбасшыға деген құрмет және оны шайқаста қорғау; әскери шеберлікті жетілдіруге және әскери тәртіптің нығаюына үнемі ұмтылу, саяси білімін көтеру, әскер дайындық және жоғары қырағылық үшін тынымсыз күрес; ұжымшылдық пен интернационализм сезімі, ТМД жауынгерлерімен әскери ынтымақтастық, тәуелсіз демократиялық мемлекетті қорғауға даярлық.
Достық пен жауынгерлік жолдастық Қарулы Күштері жеке құрамының өмірі мен тұрмысына мықтап енді және жауынгерлік дәстүрлердің жалпы тізбегін құраушы болып табылады. Бұл дәстүрлерді сақтауды көптеген заңнамалық кесімдер талап етеді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы, әскери ант, әскери жарғылар және тағы басқалар. Ішкі қызмет жарғысы достық пен жауынгерлік жолдастықты, жолдасыңа сөзбен және іспен көмектесуді, оны жаман қылықтардан сақтауды талап етеді. Бұл ережелермен жүре отырып, жауынгерлер шайқаста, оқу мен еңбекте бір-біріне көмек көрсетуді, жолдасыңды қиындықта ешқашан және еш жерде тастамауды, оны қауіпте құтқаруды ардың ісі деп есептейді. Ұжымның бірлігі, өз жолдастарына деген сенім бойына батылдылық береді, сарбаздардың күшін арттырады, олардың шешімділігі мен ерік-жігерін көтереді, олардан әскер ант талап ететін әскери өмірдің қатал тауқыметі мен барлық ауыртпалығын жеңілдетуге көмектеседі.
Әскер антқа шын берілгендік - негіз болатын басқа әскери дәстүр. Әскери ант - өз Отанына, Қазақстан халқына деген шын берігендігіне серт беру. Қазақстан Республикасының әр азаматы Қарулы Күштері қатарына кіргенде әскери ант қабылдайды. Бұл құқықтық және моралдық-саяси маңызды кесім, бұнда флот пен әскердегі қызметтің мемлекеттік маңызы атап көрсетіледі. Әр жауынгер үшін әскери ант - өмірдің бұлжымас заңы, одан мүлде шегінуге болмайды.
Әскери борышта Отан қорғаушының рухани келбетін сипаттайтын барлық керемет ерекшелігі, оның моралдық-саяси және жауынгерлік сапалары көрінеді.
Басқа жауынгерлік дәстүрлерімен қатар әскери шеберлілікті жетілдіруге ұмтылу және әскери тәртіпті нығайту, саяси білімді көтеру, жауынгерлік дайындық пен жоғары қырағылыққа тынымсыз күрес те бар. Бұл дәстүрлер тұрақты әскери тәрбие – жауынгерлерді кешенді тәрбиелеудің құрамдас бөлігі әсерінен болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет