Қазақстан Республикасы қарулы күштері ішкі қызметінің жарғысында Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери бөлімдеріндегі, штабтарындағы, департаменттеріндегі ұйымдарындағы, әскери-оқу орындарындағы, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларындағы әскери өмір салтының негізгі ережелерін, ішкі тәртіп қағидаларын, әскери қызметшілердің, командирлердің жалпы құқықтары мен міндеттерін, әскерлердің қоғамдық іс-шараларға қатысуын айқындайды.
Студенттер бұл жарғыда жазылған талаптарды, әсіресе әскери қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттерін толық білуге тиіс. Бұдан студенттердің алатын тәрбиелік мәні әрбір студент өз әскери қызметшілер сияқты құқықтары мен міндеттерін білуі мен оны сенімді түрде орындауы.
Студенттердің бастапқы әскери дайындық сабақтарындағы міндеттеріне тоқталайық. Ол:
- Қазақстан Республикасының Конcтитуциясын қасиеттен бұлжытпай сақтауға;
- БӘД бойынша оқу сабағында студенттер мен оқытушы арасындағы өзара байланысты Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік Жарғыларының талаптарына сәйкес сақтауға;
- оқытушылардың, командирлердің бұйрықтары мен талаптарын адал
және сөзсіз, дәлме —дәл және шапшаң орындауға;
- Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекетінің ісі мен мүдделеріне адал болуға;
- әскери істі адал ниетпен оқып үйренуге, қиыншылыққа төзімді, қайсар, ержүрек, адал, шыншыл, тәртіпті, өз Отанының патриоты болуға;
- оқытушылардың үйреткендерін ынтамен берік есте сақтауға;
- лайықсыз істерге өзі де бармау, жолдастарын да ондайдан тартындыруға;
- оқытушылар мен аға шенділерге құрмет көрсету, сыпайылық, мінез-
құлық және сәлемдесу ережелерін қатаң сақтауға;
- оқу орындарында өзін инабатты да әдепті ұстауға, аумақта шуламауға, айқайламауға, апыр-топыр кимелемеуге;
- оқу орнының мүлкіне ұқыпты қарау, оқу-материалдық база жасауда оқытушыға көмектесуге;
- оқу сабағына дайындалып, белгіленген киім нысанын таза да ұқыпты киіп келуге, шашын ұқыпты қоюға;
- теориялық білімдері мен практикалық жаттығуларды жүйелі түрде және терең меңгеруге;
- оқу жоспарлары мен бағдарламаларында көзделген оқулық тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;
- ішкі тәртіп пен күн тәртіп ережелерін қатаң сақтауға;
- оқу орнының қоғамдық өміріне белсене қатысуға және т.б. міндетті.
Біріншіден, студент өз құқығы мен жоғарыда айтылғандай міндеттерін өте жақсы, анық білсе, онда ол барлық кезде не істесе де істеген ісінің дұрыс екеніне өзіне сенімді істер еді.