Эмбриология



Pdf көрінісі
бет144/273
Дата21.12.2023
өлшемі74,38 Mb.
#142367
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   273
Байланысты:
Гистология, эмбриология, цитологияАфанасьев 11

Алғашқы немесе 
диафизарлык 
сүйектену орталығы. 
Шеміршек бастама- 
сынын ішінде сүйектің түзелуі эндохондралды (грек тілінен 
ertdon —
ішінде) 
сүйектену деп аталады. Эндохондралды сүйектін даму үдерісімен катар 
оның остеокласттармен күйретілу белгілері де көзге түседі. Эндохондралды


8.2. Қаңқалық тіндер
235
сүйек тінінін күйретілуінің салдарынан бүрынғыдан да үлкен куыстар мен 
кеңістіктер (резорбция куыстары) түзеледі және акырында 
сүйек майының
қуысы
пайда болады. Бұл жерге енген мезенхимадан сүйек майынын стромасы 
түзеледі, оның ішіне канның және дәнекер тіннің дің жасушалары орнығады. 
Осы мезгілде, сүйек үсті кабыктан сүйектің жаңа трабекулалары пайда бола 
береді. Сүйек тіні, эпифизге карай ұзына бойлай өсе отырып, жуандай түседі 
де, сүйектің тығыз затын кұрайды.
Периосталды сүйектің кұралуы эндохондралды сүйектің кұралуынан 
өзгеше жүреді. Сүйек бастамасының ұзын осін бойлай бағытталған, осы жер­
ге енген кан тамырларының сыртындағы күйреп жаткан дөрекі-талшыкты 
сүйектің орнына, бір-біріне параллелді бағытталған жіңішке коллаген 
талшыктарынан және біріктіруші жасуша аралык заттан түратын, шенбер 
кұраған табакшалар пайда бола бастайды. Осылайша 
алғаиіқы остеондар
түзеледі. Олардың куыстары кен, табақшалардың шекарасы аса анык емес. 
Алғашкы остеондар легінен кейін периост жактан, сүйекті диафиз аймағында 
коршап жаткан, 
белбеулеи қоршаған (генералды) жалпы табақшалардың
да- 
муы басталады. Диафизге ілесе сүйектену орталыктары эпифиздерде де пайда 
болады. Бұған дейін хондроциттердің саралануы, коректенудің нашарлауы- 
мен, дистрофиямен және жасуша аралык заттың кальциленуімен алмасатын, 
олардың гипертрофиясы өтеді. Әрі карай жоғарыда сипатталған сүйектену 
үдерісі жүреді. Оссификация эпифизге тамырлардың кіріп өсуімен ере жүреді.
Диафиз бен эпифиздің аралык аймағында шеміршек тіні сакталады, ол 
сүйектің ұзынына өсу аймағы болып табылатын 
метаэпифизарлық шеміршек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет