4.1. Жасушалық теория
57
кұрылымдарды, олардын жалпы жасушалык физиологиялык үдерістерге
катысуын, бүл үдерістерді реттеу жолдарын, жасушалардын және олардың
органеллаларының жаңадан өндірілуін, жасушаның сырткы орта жағдайына
бейімделуін, әр түрлі факторлар әсеріне реакциясын зерттейді. Цитология-
ны зерттеу медицина үшін маңызды, өйткені адамның бүкіл аурулары әр түрлі
жасушалык закымданулардың немесе әр түрлі мүшелер тіндерінің кұрамындағы
жасушалардың кызметтері бұзылуынын нәтижесі болып табылады.
4 .1 . ЖАСУШАЛЫҚ ТЕОРИЯ
Жасушалык теория — тіршіліктің бірлігі ретінде жасушалардын кұрылысы,
олардың жаңадан өндірілуі және көпжасушалы организмді калыптастырудағы
маңызы туралы жалпыланған түсінік.
Жасушалык теорияның жеке
кағидаларынын пайда болуы және
тұжырымдалуына дейін біршама ұзак (300 жылдан астам) уакыт бойы әр түрлі
бір жасушалы және көп жасушалы организмдер, өсімдіктер және омырткалы
жануарлардың кұрылысы жайында білімдерді жинау кезеңі болды. Мұның бәрі
Т. Шванның (1838) тұжырымдаған организмдер кұрылысынын жасушалык
теориясының негізіне алынды (3-тарауды караңыз). Жасушалык теорияның
дамуына неміс патологы Р. Вирховтың жұмыстары үлкен эсер етті.
«Целлюлярная патология как учение, основанное на физиологической и па
тологической гистологии» (1855—1859) атты кітабында ол жасушалык дамудын
сабактастығы туралы негізгі кағиданы тұжырымдады. Р. Вирхов, Т. Шваннға
және М. Шлейденнге карсы болып, жана жасушалардын күрылымдарсыз тірі
субстанция — «цитобластемадан» емес, бұрыннан бар жасушалардын бөлінуі
аркылы
Достарыңызбен бөлісу: