Эмбриология



Pdf көрінісі
бет209/273
Дата21.12.2023
өлшемі74,38 Mb.
#142367
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   273
Байланысты:
Гистология, эмбриология, цитологияАфанасьев 11

т ү й ір ш ік т і
немесе 
г р а н у л я р л ы қ
түрі.
Қыртыстың 
миелоархитектоникасы. 
Үлкен мидың жарты шарларынын 
кыртысының жүйке талшыктарының арасында, бір жартышардың жеке 
аймактарын бір-бірімен байланыстыратын ассоциативті, карама-карсы 
жартышарларды бір-бірімен байланыстыратын — комиссуралды, және, 
афферентті де және эфферентті де болатын, кыртысты орталык жүйке 
жүйесінің төменгі бөліктерінің ядроларымен байланыстыратын, проециялык 
талшыктарды ажыратады (11,6-суретті караңыз, 
б).
Жартышарлардың 
кыртысында бұл талшыктар радиалды бағытталған сәулелерді түзейді, олар 
пирамидалык кабатта аякталады. Жоғарыда сипатталған молекулярлык 
қабаттын тангенциалдык өрімінен басқа, ішкі түйіршікті және ганглионарлык 
кабаттардың деңгейінде афферентті талшыктардың аяккы тармактарынан 
және кыртыс жасушаларының, мысалы, пирамидалык нейрондардың, 
нейриттерінің коллатералдарынан түзелетін миелинді жүйке талшықтарының 
екі тангенциалды кабаттары — сыртқы және ішкі жолактар орналаскан. 
Горизонталды талшыктар кыртыс нейрондарымен синапстық байланы- 
стар күрап, ол жерде жүйке импульсінің кеңінен таралуын камтамасыз 
етеді. Үлкен мидың әр түрлі бөліктерінің кыртысынын қүрылысы өте 
үлкен айырмашылыктарымен ерекшеленеді, сондыктан оның жасушалык 
күрамынын және талшыктарының жолдарын зерттеу арнайы курстың үлесі


334
11-Тарау. Жүйке жүйесі
болып табылады. Үлкен мидын жартышарларының кыртысында трофика- 
лык, корғаныш, тіректік және шекаралық кызметтерді аткаратын жаксы да- 
мыған нейроглиалдык аппарат болады.
1 1 .4 . АВТОНОМДЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Организмнің висцералды: ас қорыту жүйесі мүшелерінің моторикасы мен 
секрециясы, канның кысымы, тер бөлу, дене кызуы, зат алмасу үдерістері 
және т.б. тәрізді кызметтерін кадағалаушы жүйке жүйесінің бөлігін 
автономды
(вегетативті) жүйке жүйесі деп атайды. Өзінің физиологиялык ерекшеліктері 
және морфологиялык белгілеріне байланысты автономды жүйке жүйесі 
симпатикалык,
және 
парасимпатикалық
деп бөлінеді. Көпшілік жағдайда екі 
жүйенің екеуі де мүшелерді жүйкелендіруге бір мезгілде қатысады.
Автономды жүйке жүйесі, бас миынын және жұлынның ядроларынан 
кұралған — орталык және жүйке бағандарын, түйіндерді (ганглийлерді) және 
жүйке өрімдерін біріктіретін шеткері бөліктерден тұрады.
Автономды жүйке жүйесінің орталык бөлігінің ядролары орталык жә- 
не сопақша мида, сондай-ак, жұлынның кеуделік, бел және сегізкөздік 
сегменттерінің бүйірлік мүйіздерінде орналасады. Симпатикалык жүйке жүйе- 
сіне жүлынның кеуде және жоғарғыбел бөліктерінің бүйірлік мүйіздерінің 
автономды ядролары, ал парасимпатикалыкка — бас сүйек жүйкетерінің III, 
VII, IX және X жұптарының автономды ядролары және жүлынның сегізкөздік 
бөлігінің автономды ядролары жатады. Орталык бөлік ядроларының мульти- 
полярлы нейрондары автономды жүйке жүйесінің рефлекторлыкдоғаларының 
ассоциативті
нейрондары болып табылады (11.7-сурет). Олардың нейриттері 
орталык жүйке жүйесінен жүлынми жүйкелерінің алдыңғы түбіршектері не- 
месе бас сүйек жүйкелері арқылы шығып, шеткері автономды түйіндердің 
бірінің нейрондарында синапстармен аяқталады. Бұл автономды жүйке 
жүйесінің 
преганглионарлық
талшықтары, әдетте олар миелинді болып 
келеді. Симпатикалык және парасимпатикалык автономды жүйке жүйесінің 
преганглионарлык талшықтары 
холинергиялық
болып келеді. Олардың терми- 
налдарында ашыктүсті синапстык көпіршіктер (40—60 нм) және жекелеген ірі 
күңгірт везикулалар (60—150 нм) аныкталады.
Автономды жүйке жүйесінің 
шеткері түйіндері 
мүшелерден тыс 
(симпатикалык паравертебралды және превертебралды түйіндер, бастың 
парасимпатикалык түйіндері), сонымен бірге, ас қорыту жолдарының
жүректің, жатырдың, куыктың т.б. интрамуралды жүйке өрімдерінің 
кұрамында, мүшелердің кабырғаларында да орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет