Эмбриология



Pdf көрінісі
бет149/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   279
241
1
д
5
1
8 .3 4 -с у р е т. 
Түтікшелі сүйектің жара- 
қаттанудан кейінгі қалпына келуі: а — 
жарақаттың орны; б - г — бекітусіз ор- 
нына қойылған сүйектердің қалпына 
келуінің дәйекті сатылары (б,, е, — 
фрагменттер); д  — сынықтарды бекі- 
туден кейінгі регенерация. 1 — сүйек 
үсті қабығы; 2 — дөрекі-талшықты 
сүйек 
тінінен 
қүралған 
трабекула- 
лар; 3 — ш емірш ек аралшықтары бар 
дәнекер тіннен қүралған регенерат; 4 — 
дөрекі-талшықты сүйек тінінен құрал- 
ған сүйек регенераты; 5 — бірігу жолағы 
(Р. В. Крстич бойынша, өзгерістерімен)
иілістерінде табакшаның ойыс және дөңес жактарының арасында белгіді 
потенциал айырмашылыктары пайда болатын көрінеді. Біріншісі теріс за- 
рядталып, екіншісі оң зарядты болады. Теріс зарядталған беткейде үнемі 
остеобласттардың белсенуі және сүйек тінінің аппозициялык өсуі аныкталып, 
ал оң зарядталған беткейде, керісінше, оның остеокласттардың көмегімен 
резорбциясы жүреді екен. 
Потенциалдын жасанды 
айырмашылығын 
калыптастыру да осындай нәтиже береді (8.35-сурет). Нөлдік потенциал, 
сүйек тініне физикалык күштің түспеуі (ұзак уакыт козғалыссыз (иммобили­
зация), салмаксыздык жағдайында болу т.б.) остеокласттардың кызметін арт- 
тырып, тұздардың шығарылуына себеп болады.


2 4 2
8-Тарау. Дәнекер тіндер
Сүйск тінінің және сүйектердің 
күрылымыиа дәрумендер (с, a, d), 
калканша, калканша маны жәнс 
баска эндокриндік бездердін гор- 
мондары да ыкпал жасайды.
Атап айтканда, организмде С дәру- 
менінің жеткіліксіздігі жағдайында (мы- 
салы, кыркұлак (дінгене, цинга) кезінде) 
коллаген талшыктарының пайда болуы 
тежеледі, остеобласттардың жүмысы әл- 
сірейді, олардың фосфатазалык белсен- 
ділігі азаяды, ал бүл сүйектін өсуінін 
толык токтауына әкелуі мүмкін, өйткені 
сүйек тіндерінің органикалык негізінін 
түзелуі саябырлайды. D дәруменінін 
жеткіліксіздігінде (мешел, рахит) сүйек- 
тің органикалык матриксінің толык 
әктенуі жүрмейді де, сүйектін жұмсаруы 
(остеомаляция) байкалады. А дәрумені 
сүйектің өсуін демейді, бірак оның ша- 
мадан артык мөлшері остеокласттардын 
метаэпифизарлык 
шеміршекті 
сүйектің өсу аймағын — күйретуін үдетіп 
жібереді де, сүйектердің ұзаруын баяула- 
тады. Калканша маңы безінін гормоны 
паратириннің артык 
мөлшері 
жағ- 
дайында остеокласттардын белсенділігі 
жоғарылап, сүйектін резорбциясы кар- 
кындайды. Калканша безінің С-жасу- 
шаларының өндіретін тирокальцитонин 
гормоны оған карама-карсы бағытта 
жүмыс жасап, бұл гормонный рецептор- 
лары бар остеокласттардын кызметін 
төмендетеді. Калканша безінін гипофункциясы жағдайында ұзын түтікшелі сүйектердің 
өсуі баяулайды, өйткені остеобласттардын белсенділігі және оссификация үдерісі 
тежеледі. Бұл жағдайда сүйектін калпына келуі нашар жүреді әрі толык болмайды. 
Тестикулярлык 
жетілмеу 
немесе 
препубертаттык 
кастрация 
жағдайында 
метаэпифизарлык табакшаның сүйектенуі кешігеді, осының салдарынан мүндай адам- 
да кол-аяғы ұзын, денесіне сәйкес емес болады. Әйелдерде климакс кезеңі басталғаннан 
кейін, эстрогендердің жеткіліксіздігі кезінде остеопороз дамиды. Ерте жыныстыкесею 
жағдайында адамның бойының өсуі токтауы сүйектердің диафизоэпифизарлык бітісіп 
кетуінің нәтижесінде болады. Сүйектердін өсуіне аденогипофиздін соматотропты гор­
моны белгілі жағымды ыкпалын тигізеді, ол адамнын жас (жасөспірімдік) кезінде 
канканың сәйкес өсуін және ересектерде сәйкес емес (акромегалия) өсуін ынталан- 
дырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет