1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Моғолстан мен Ақорда билеушілерінің одағы Əмір Темір мемлекетінің экспансиясына қарсы күресі?



бет21/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55

Моғолстан мен Ақорда билеушілерінің одағы Əмір Темір мемлекетінің экспансиясына қарсы күресі?




Əмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мəуереннахрда билік еткен. Əмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Ордан
əлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған əскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Əмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды.
Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Əмір Темірге тəуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Əмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс əскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Əмір Темір əскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады…..
Əмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Əмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Əмір Темірге жеке дара қарсы тұра алмайтындарын байқады.Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға əрекет жасады.Одақтың құрылып жатқанын білген Əмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тəуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мəдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет