1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?



бет22/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55

Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?




Əбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті). 15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы əлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тəуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Əбілқайыр хандығы. Билеушісі Əбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Əбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Əбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы
«Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Əбілқайыр хандығы » деп аталады. Əбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Əбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған. Əбілқайр хан жас болсада жалғыз өзі елді дамытуға көп күш салады. Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Əбілқайыр жеңіске жетеді. Бұл жеңістің нəтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді.
Əбілқайыр ханның ендігі мақсаты Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Алайды бұл ұзаққа созылмайды , Хандықтың ішінде алауыздықтар көбейіп кетеді. Халқының арасында əлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жəнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Əбілқайырды қолдаған жоқ.Əбілқайыр 1456-1457- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан
жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мəжбүр болған. Əбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмəнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одан сайын наразылықты туғызып Керей мен Жəнібек Жетісуға көшіп кетеді. Əбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Əбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде əлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосылады. Нəтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет