1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


Химияны оқытуда қызықты химиялық экспериментті қолданудың әдістемелік тәсілдері



бет35/65
Дата28.12.2023
өлшемі360,43 Kb.
#144510
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Химияны оқытуда қызықты химиялық экспериментті қолданудың әдістемелік тәсілдері.

Эксперимент – бұл білім алушыларды химия ғылымына қызықтыруға мүмкіндік беретін, теориялық білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытушы химиялық заттар және олардың айналулары туралы білім көзі.


Химиялық эксперимент сан түрлі дидактикалық қызметті әр түрлі формада, әр түрлі әдістер мен оқу құралдарын пайдалана отырып орындай алады. Толықтай ол білім алушының өзіндік қабілетін біртіндеп арттыру принципін қолдану жүйесін көрсетеді. Химиялық экспериментті алынған нәтижелер мен шығарылған қорытынды дұрыстығының критерийі ретінде қарастыруға болады.
Химиялық эксперимент кезең-кезеңімен жүргізіледі: бірінші кезең - тәжірибе құрылымын негіздеуекінші кезең - жұмысты жоспарлау және жүргізу, үшінші кезең - алынған нәтижені бағалау. Білім алушылардың белсенді іс-әрекеті - химиялық эксперимент барысындағы маңызды компонент болып табылады.
Химиялық эксперимент – заттар және химиялық реакциялар туралы білім көзі, химияны оқытудың маңызды формасы болып табылады. Химиялық эксперименттер арқылы білім алушылардың құзіреттіліктерін дамытуға болады және оның химия бойынша қалыптасатын төрт тобын бөлуге болады:



  1. Эксперименттік (әртүрлі сандық өлшемдер әдістерін қолдану, химиялық тәжірибелерді орындау, реактивтермен және құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс жасау, эксперимент жоспарын құру, кесте сызу, реакция теңдеуін жазу, анықтамалық және ғылыми әдебиеттер көмегімен нәтижені жазбаша жазу);


  2. Коммуникативті (эксперимент нәтижесін талқылау, экспериментті жоспарлау және оның теориялық негізі, бақылау және өзін-өзі бақылау критерийлерін қолдану, барлық тәжірибелердің реттілігін өзіндік анықтау);


  3. Интеллектуалды (эксперимент мақсаты мен міндеттерін анықтау; құбылыстар мен үдерістерге тән белгілерді бақылау және орнату, синтез, талдау жүргізу, қорытындыны тұжырымдау);


  4. Бақылау-бағалау (эксперимент барысында өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру, жолдастық іс-әрекетті бақылаудың алуан түрлерін қолдану).

Химиялық эксперимент проблемалық жағдайды құруда және шешуде үлкен мүмкіндіктерді ашады. Эксперимент нақты бір сұрақтарды оқыту кезінде сабақтың маңызды бөлігі болуы керек. Химиялық эксперименттің мынадай типтері бар:







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет