1-билет Сынтасты мәдениеті


Президенттік «Болашақ» бағдарламасы



бет10/25
Дата06.06.2023
өлшемі67,53 Kb.
#99231
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
2. Президенттік «Болашақ» бағдарламасы
1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.
1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды.
Сондай-ақ, 2005 жылы шетелде оқуға арналған елдер тізімі өсіп, үміткерлер АҚШ,Ұлыбритания, Германия, Ресей, Аустралия, Австрия, Венгрия, Дания,Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланд, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция,Чехия, Швеция, Швейцарияға сияқты елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдайтын болды.
3.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
*Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды*

13-билет

  1. Андрон мәдениеті туралы әңгімеле.

* Андрон мәдениеті – қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың алғашқы жартысынан бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Сібір мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар мәдениеті.Солт. шекарасы Батыс Сібір ормандарымен, ал оңт. Памир, Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтай тауларымен тұйықталады. Андрондықтар мекен еткен аумақ батыстан шығысқа қарай 3000 км, ал меридианды бағытта 1500 км-ден астам жерді алып жатты. Физ.-геогр. тұрғыдан алғанда, андрондық мәдени-тарихи қауым Еуразия құрлығына дендеп енген. Андрондық мәдени-тарихи қауымдастықтың тұрғындары төрт ландшафтыны, яғни, орманды даланы, даланы, жартылай шөлейтті, шөл даланы қамтиды. Әр алуан ауд. археол. ескерткіштерді саралап қарағанда, андрондар үшін ең қолайлы аймақ орманды дала мен далалық жерлер болып табылады.Андронов мәдениетін жасаған тайпалар егін егу, мал өсіру, аң аулау кәсіптеріне қолайлы өзен, көл жағаларында, бұлақтары мол тау аңғарларында тұрған. Алғашқы қоныстары биік дуалдармен, сырты ормен қоршалған, іші бөлек қамал-қала типтес болған. Орта және соңғы кезеңдерінде ауылдар ұлғайып, 20–120 үйлік қоныстар пайда болған. Қорғаныс дуалдары, орлары жоқ. Үйлері шымнан, бөренелерден салынып, кейде іргесіне тас қалаған немесе жалпақ тастарды тігінен көмген. Пішімі төртбұрышты, трапеция, сопақша (аум. 60–160 м2). Соңғы кезеңдерінде көшіп-қонуға ыңғайлы дөңгелек, құрастырмалы (диам. 6–10 м) үйлерде тұрған. Зираттарын ауылдан өзен, бұлақ, сай немесе жота бөліп тұрады. Қайтыс болған адамдарды тігінен, қырынан немесе жалпағынан қалап шығарған тас қоршаулар мен қоршауы бар обалар ішіндегі тастан өрілген немесе жалпақ тастарды қырынан қойып қиюластырған жәшік-көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қырымен басын батысқа, кейде шығысқа бағыттап жерлеген*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет