25. Сабақтағы оқу жетістіктерді бағалаудағы психологиялық педагогикалық тəсілдер саралаңыз.
Әдістемелік құралда бастауыш мектептегі инклюзивтік білім беру жағдайында білім берудің жаңартылған мазмұнын МЖБС талаптарын жүзеге асырудың ерекшеліктері, яғни инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың міндеттері мен функциялары, критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар, бағалаудың критериилері мен тәртібі қарастырылған.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне,
мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының мамандарына арналған. Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді:
- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялықпедагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқуәдістемелік әзірлеу;
Білім беру мазмұны білім алушылар өз әрекеттерімен меңгеретін, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Танымдық, репродуктивтік, шығармашылық әрекеттердің жүзеге асырылу тәжірибесі және көңіл-күй құндылықтарының қатынасы шынайы оқытылатын әрекеттердің қатынасы бойынша қызмет тәсілдеріне сәйкес: табиғатқа, мәдениетке, техникаға, әлеуметтік коммуникацияларға және білім саласының басқа да шынайы объектілеріне қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |