1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Логопедияның пәні, оның білімнің интерактивтік саласы ретіндегі қалыптасуы



бет21/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
арнайы пед. сессия

24.Логопедияның пәні, оның білімнің интерактивтік саласы ретіндегі қалыптасуы.
Логопедия - бұл сөйлеудің бұзылуы және оны арнаулы оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде анықтау, түзету және алдын алу әдістері туралы ғылым. Логопедия неврология, невропсихология, нейролингвистика, психология, педагогика және т.б. ғылымдар нсгізінде жұмыс атқарады. Бұл ғылыми пәндер логопедияға сөйлеудің бұзылуының механизмдері мен құрылымда- рын ғылыми түрде нсгіздеуге, сөйлеуді дамыту, түзету мен қайта қалпына келтірудің ғылыми әдістерін жасауға және қолдануға мүмкіндік береді.
Сөйлеу патологиясын зерттеу жәнс түзсту жұмыстары XIX ғасырдың орта шенінен бастап жүргізіле бастады. Мұның өзі сол кездерде сөйлеу қызметін қамтамасыз ететін негізгі анатомиялық, физиологиялық механизмдер жүйесі- нің зерттелуімен және айқындалуымен түсіндіріледі.
Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер - есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу ап- паратының негізгі үш бөлімінің - дем алу, дауыс және артикуляция бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады. Сөйлеу қызметінде негізгі рольді мидың доминантты жарты шарында (оңқайларда сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу- ссту және сөйлеу-қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизика- лық жалпы дамуы процесінде қалыптасады.
Сау балада 1 жастан 5 жасқа дейін біртіндеп фонематикалық қабылдау, сөздің лексикалық-грамматикалық жағы қалыптасып, нормативтік дыбыстау дағдылары дамиды. 5-6 жас шамасында балада дыбыстық анализ бен синтез жасау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бірқалыпты даму балаға келесі этапқа - жазу мен жазу тілін үйренуге өтуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі кезенде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың дұрыс, мағыналы сөйлеуінің маңызы зор екені түсінікті жағдай. Өйткені балалар оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды. Ол басқа балалардың немесе үлкендердің сөйлеу мәнеріндегі қателіктерге өте сезімтал болады. Отбасында баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, ол мектепке келгенде қиналмай, сабақты жақсы үлгеріп кетеді. Бұл жастағы балалардың ана тіліндегі сөздік қоры шамамен 4500-ге дейін жетуі мүмкін. Мектепке дейінгі баланың сөйлеуі, негізінен, тек қарым-қатынас қызметін атқаратын болса, мектепте тіл білім жүйелерін меңгерудің негізгі құралы бола бастайды. Мектепте бала ана тілін арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан) оқып- үйренеді. Ана тілін жақсы, дұрыс меңгеру арқылы балада тек сөйлеу ерекше- ліктері ғана емес, бүкіл жеке басының қасиеттері, дүниеге деген көзқарас- тары жетіліп, дами түседі.
Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептерін анықтап, сонымен қатар сақталған функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет