1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Аутизм жағдайдағы тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі



бет35/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
арнайы пед. сессия

Аутизм жағдайдағы тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі

«Аутизм» термині шын өмірден алыстау, өзімен-өзі болу, сыртқы ортаның эсерлеріне реакцияның, қарым-қатынастың болмауы, ал болған жағдайда аса ренжігіштік дегенді білдіреді.
Аутизммен ауыратын балалардың интеллектуалдық дамуы қайшылықтарға толы. Бұл салада да ғалымдар өз зерттеулерінде әлі де болса ортақ шешімге келе алмай отыр. Олар күрделі абстракциялық тапсырмаларды оңай орындай отырып, қарапайым нақты арифметикалық есептерді шығара алмауы мүмкін. Бірақ интеллектуалдық кемістік те бұл ауруға біржақты тән сипат емес. Бала кезінде анық байқалған аутистикалық диагнозы бар адамдардың белгілі бір ғылым саласында үлкен жетістіктерге жеткен жағдайлар да кездеседі. Мысалы, Т. Грандин (АҚШ) - Солтүстік Колорадо университетінде биология профессоры, Д. Уильямс (Австралия) - жазушы, ал И. Юханссон (Швеция) -мемлекет қайраткері.
Ресей білім беру академиясы (РАО) жақындан коррекциялық педагогика институтының мәліметтері бойынша, дер кезінде көрсетілген дұрыс коррекциялық көмек жағдайында сырқат балалардың 60%-ының жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім алуға; 30%-ының арнайы мектеп бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндігі бар екені анықталған. Ал 10%-ы отбасы жағдайында қоғамға бейімделеді. Коррекциялық жұмыс жүргізілмеген жағдайда 75% сырқат бала әлеуметтік тұрғыда мүлдем бейімделмейді; 20-23%-ы салыстырмалы түрде бейімделеді, бірақ тұрақты көмекке мұқтаж; тек 2-3%-ы ғана қанағаттанарлық деңгейде қоршаған ортаға әлеуметтік тұрғыдан бейімделеді.
40. Ерте жастағы аутизм туралы түсінік Оларға клиникалық – психологиялық – педагогикалық сипаттама
«Аутизм» термині шын өмірден алыстау, өзімен-өзі болу, сыртқы ортаның эсерлеріне реакцияның, қарым-қатынастың болмауы, ал болған жағдайда аса ренжігіштік дегенді білдіреді.
Аутизм психикалық аурулар кезінде жиі кездеседі, ал кейбір жағдайларда дерттің белгілері балада өте ерте көрініс береді де, баланың жалпы психикалық дамуына қатты кері әсер етеді. Бұл жағдайды «ерте дамыған балалар аутизмі синдромы» деп атайды.
Ерте дамыған балалар аутизмі кезінде оларда кейбір психикалық функциялар тежеледі де, кейбіреулері, керісінше, патологиялық жылдамдықпен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет