Көрмейтін және нашар көретін балаларга арналған мектептердіц ерскше- ліктері: • Балалар дамуының жалпы және жеке ерекшеліктерін ескеру;
• Оку жоспарлары мен бағдарламаларын жаңартып отыру; оқыту мерзімін ұзарту және оқу материалдарын ыңғайлап қайта құру;
• Сыныптар мен тәрбие топтарындагы бала санын азайту, жіктеу; жұ- мыстың арнайы әдістері меи түрлерін қолдану; көрнекі құралдар мен қызықты кітаптарды жэне жаңа тифлотехниканы қолдану;
• Оқу сыныптары мен кабинеттерін жабдыктау, санитарлық-гигиеналық жагдайлар жасау, емдеу-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру;
• Еңбек жэне элеуметтік бейімдеу жұмыстарын күшейту, соиыц нәтижесінде түлектердің өмірден өз орнын табуын қамтамасыз ету.
Көру қабілеті бұзылған балаларды орта мектепте оқыту үш кезеңге бөлінеді:бастауыш, негізгі жэне орта мектеп. Барлық деңгейде де оқыту арнаулы б^дарламалар және оқу жоспарлары арқылы іске асырылады. Бастауыш мектепте оқыту - есту, иіс сезу, сөйлеу жэне мүмкіндігінше көру қабілеггерін дамытуға бағытталады.
Толық емес орта немесе нсгізгі мектепте жалпы білім мен еңбекке дайындықтың негізі салынады.
Мектептегі білім берудің ІІІ-ші децгейінде жалпы орта білім беру жэне дифференциация негізіндегі кэсіби оқыту аяқталады.
Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды кәсіби бағдарлау, кәсіби оқыту.
Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы.
Көру қабілеті бұзылган адамдарды кэсіби багыттау ісі олардың медициналық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.
Арнаулы кэсіби-бағыттық картада оқушының медициналық жэне психологиялық-педагогикалық зерттеу мэлімеггері жүйелі түрде тіркеліп отырады. Орта мектептің соңгы кезеңінде балалардың қызығушылыгы, элеуметтік-психологиялық бейімделуі есепке алына отырып, оның еңбек ете алатын саласы анықталады. Осы мақсатта мамандар балаларга оқу жоспарына түрлі багыттагы факультативтік сабақтар, үйірмелер ұйымдастырып, еңбек сабақтарында түрлі кэсіптер негіздеріне үйретеді жоне мектеп бітіргеннен кейінгі мамандықтарын таңдауга ақыл-кеңес беріп отырады.
Соқыр адамдардың ішінде талантты ойшылдар, жаңалық ашушылар да кездеседі. Мысалы, гылымга зор үлес қосқан Грекия философтары Демокрит (б.э.д. Ү-ІҮ гг.), Диодот (б.э.д. I г.); көрнекті математиктер Дидим (Алексан дрия, б.э.д. ІҮ г.), Н. Саундерсон (Шотландия, ХҮ11І г.), Д. Гофф (Англия, ХҮІІІ г.), орыс-кеңес профессоры А.М. Щербина, т.б. атауга болады.
Орыс-кеңес галымдарының ішінен 40-тан астам доктор, 200-дей гылым кандидаттары шыққан. Атакты физик-математиктер —Л.С. Поитрягин, А.Г. Витушкин, В.И. Зубов та көру қабілетінен айрылган адамдар. Сондай-ақ көрнекті галымдар қатарында тифлопедагогика меіі арнаулы педагогиканың дамуына өз үлестерін қосқан педагогика гылымдарының докторлары, профессор Б.И. Коваленко мен В.С. Свердлов бар.