№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


IV ТАРАУ. ТҰЛҒАНЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН



Pdf көрінісі
бет31/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

IV ТАРАУ. ТҰЛҒАНЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН
 ЗЕРТТЕУ
Тұлға теориялары. Тұлға психологиясы дамуының негізгі кезеңдері. Антикалық
философтардың еңбектеріндегі тұлға мəселесі. Х
I
Х ғ-да (клиникалық кезең) тұлға
мəселелерін зерттеу. Р.С.Немов бойынша тұлға теорияларын зерттеу. Тəжірибелік тұлға
теориялары. Фрейдизм жəне неофрейдизмнің тұлға теориялары (З.Фрейд, К.Юнг,
А.Адлер, К.Хорни, Г.С.Салливан). Гуманистік психологиядағы тұлға мəселесі (К.Роджерс,
Г.Олпорт, А. Маслоу).
Тұлғаны эксперименттiк зерттеудің əдістемесі. Тұлға туралы тəжірибелік
ақпаратты жинау жолдары. Тұлға қырларын факторлық тұрғыдан бағалау.Типологиялық
көзқарас.Тұлға 
теориясының 
психодинамкалық 
бағыты. 
Тұлға 
дамуындағы
психоаналитикалық бағыт.Тұлға теориясындағы когнитивті,диспозиционалдық бағыт,
мінез-құлық теориясы.
§ 1. Тұлға теориялары.
Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың
өзіндік тарихы бар. Тұлға психологиясы дамуының 3 кезеңі келесідей: философиялық-
əдеби, клиникалық жəне тəжірибелік.
Зерттеулердің бірінші кезеңі көне ойшылдардың жұмысынан басталып, Х
I
Х ғ-ң
басына дейін жалғасқан. Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мəселелеріне
адамның өнегелік жəне əлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Тұлға туралы
алғашқы анықтамалар айтарлықтай ауқымды. Ол анықтамаларға адамның бойындағы
бар нəрсе, оның жеке басыныкі деп саналатынның бəрі жатқызылған: биологиясы,
психологиясы, мүлігі, мінез-құлқы, мəдениеті жəне т.б. Тұлға туралы осындай түсінік
кейінгі уақытқа дейін сақталыпты. Нақты мазмұнға толы, тұлғадан бөлек көптеген
басқа да түсініктер мен ғылыми категориялары бар психология үшін мұндай анықтама
өте кең болып табылады.
Х
I
Х ғ-ң бірінші он жылдығында тұлға писхологиясының мəселелерімен
философтармен қатар дəрігер-психиатрлар да айналыса бастады. Олар ең бірінші рет
клиника жағдайында науқасқа тұлға ретінде жүйелі түрде байқаулар жүргізіп, оның
жүріс-тұрысын, өзін өзі ұстауын жақсырақ түсіну үшін өмір тарихын зерттей бастаған.
Психикалық ауруларды диагностикалау жəне емдеумен байланысты кəсіби
қорытындылар ғана жасалып қоймай, адамзат тұлғасының табиғаты жөнінде жалпы
ғылыми қорытындылар да келтірілген. Философиялық-əдеби кезеңмен салыстарғанда
клиникалық кезеңде тұлға - ерекше құбылыс деген түсінік мағынасы таратылған.
Психиатрлардың аса мəн бергені - əдетте науқас адамнан табылатын тұлғаның
ерекшеліктері. Дəрігерлер тапқан ерекшеліктер барлық дені сау адамдарға тəн
болғанымен, науқастарда олардың көріністері гипертрофияланатыны (асыра білінетіні)
анықталды. Мысалы, күйгелектік пен ригидтілік, тежелу мен қозғыштық.
Қалыпты, патологиялық жəне акцентуацияланған (норманың шекті варианты)
тұлғаны сипаттауға мүмкіндік беретін терминдерді дəрігерлер тұлғаға анықтама беру
үшін қолданған. Алайда мұндай көзқарас психология үшін жеткіліксіз деп танылды.
Өйткені, қалыпты тұлғаны тұтас сипаттау үшін ол анықтамалардың мазмұны тар,
ондай анықтамаларға шектен тыс көрініс бергенімен кез келген жағдайда “қалыпты”
деп саналатын тұлға қасиеттері (мысалы, түрлі қабілеттердің болуы, адамгершілік
қасиеттер) енгізілмеген.


ХХ ғ-ң басына дейін тұлға философиялық-əдеби жəне клиникалық тұрғыдан ғана
зерттелсе, кейін бұл іске таным процестері мен адамның күйін зерттеумен
айналысқан психологтар кірісті. Ғасыр басында психологияда тəжірибелік зерттеулер
қарқынды дамып, гипотезаларды нақты тексеру жəне айқындалған фактілерді алу
мақсатымен психологтар зерттеулерге мəліметтерді математикалық-статистикалық
өңдеу əдістерін енгізуге тырысқан. Осыған байланысты психологтар ұзақ жылдар
бойы қалыпты тұлғаны сенімді жəне валидті тесттер арқылы зертеу тəсілдерін
жетілдіруді өз алдарына мақсат етіп қойған.
Келесі кезектегі əңгіме неғұрлым əйгілі тұлға концепциялары мен теориялары,
олардың жіктелуі жөнінде болады.
Ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарында тұлға концепциялары мен
теорияларының əрқалай жіктелуі келтіріледі. Р.С.Немовтың ессебі бойынша 48 тұлға
теориясы бар, олардың əрқайсысы 5 параметр бойынша бағалануы мүмкін.
Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша барлық тұлға теорияларын
психодинамикалық, социодинамикалық жəне интеракционистік деп бөлуге болады.
Психодинамикалық теориялар психологиялық, немесе ішкі, сипаттамаларына орай
тұлғаны сипаттайды, адамның жүріс-тұрысын түсіндіреді. Ал социодинамикалық
теориялар бойынша тəрбие детерминациясындағы басты роль сыртқы жағдайларға
беріледі. Интеракционистік теориялар сыртқы жəне ішкі факторлардың өзара
əрекеттесу принципіне негізделген. Ондай өзара əрекеттер адамның өзекті əрекеттерін
басқарады.
Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі - тұлға туралы мəліметтер алу жолы.
Осы тұрғыдан барлық теорияларды эксперименталды жəне эксперименталды емес деп
бөлуге болады. Эксперименталды теорияларға тəжірибе барысында жинақталған
мəліметтерді сараптау жəне жалпылау арқылы құрастырылған теориялар
жатқызылады. Эксперименталды емес теориялардың авторлары эксперимент жасамай-
ақ өмірден алған байқауларға сүйеніп, теориялық талдап қорытады.
Тұлғаға құрылымдық жəне динамикалық құрылым деген көзқарастағы авторлар тұлға
теорияларын басқаша жіктейді. Құрылымдық теория үшін басты мəселе- тұлға
құрылымын жəне оны сипаттауға көмектесетін ұғымдар жүйесін анықтау. Негізгі
тақырыбы - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы болып
табылатын теориялар динамикалық деп аталады. Сонымен қатар, бірқатар теориялар
жас кезеңдік жəне педагогикалық психология шеңберінде пайда болған. Олар тұлға
дамуындағы шектелген жас кезеңін қарастырады, мысалы, туылғаннан орта мектепті
бітіргенге дейінгі, яғни нəресте болудан ерте бозбалалық шаққа дейінгі. Кейбір басқа
теориялардың авторлары тұлға дамуын бүкіл өмір бойында бақылайды.
Тұлға теорияларын жіктеу кезінде көңіл бөлінетін нəрселер: ішкі қасиеттер,
тұлғаның қырлары мен қасиеттері немесе олардың сыртқы көріністері, мысалы,
мінез-құлқымен жасаған іс-əрекеттері. Осылай қасиеттер теориясын бөліп қарастыруға
болады. Бұл топ теорияларының қағидаларына орай барлық адамдар бір-бірінен жеке,
тəуелсіз қырларының жиынтығы мен даму дəрежесі бойынша ажыратылады, бірнеше
адам бір адамның мінез-құлықтарын, қырларын байқап, оларды жалпылау арқылы
тұлғаға біртұтас сипаттама бере алады. Тұлға қырларын бағалаудың екінші жолы
барлық адамдарды типологиялық топтарға біріктіруді жорамалдайды. Мұндай бір
топқа кіретін адамдардың психологиялық сипаттамалары бір-біріне жақын, мінез-
құлықтары ұқсас. Сонда əрбір типологиялық топтың психологиялық сипаттамалары
өзгеше, басқаға ұқсамайды деген сөз.
Тұлға теорияларының жіктелуін қарастырған тек Р.С.Немов қана емес. Б.В.Зейгарник
теорияларды пайда болу жəне даму жағдайларына тəуелді мазмұнды-мағыналық жəне
тарихи аспектілерде қарастырған. Ол келесі теория топтарын бөліп көрсетеді:
фрейдизм мен неофрейдизмнің тұлға теориялары, гуманистік тұлға теориялары,
экзистенциальді психологияның тұлға теориясы, француз əлеуметтік мектебінің тұлға
теориялары жəне т.б. Осылардың кейбіреулерін жалпы түрде қарастырайық.
Қазіргі кезде тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теориялары дамыды. Əрбір бағыт өзінің
теориясымен жəне де өзінің əдісімен, құрылымымен ерекшелінеді.
Тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Қазіргі кезде психологияның ерекшелігі
психиканы зерттеуші бағыттың көптігімен, тұлға теориясының кеңдігімен мəселенің
күрделілігі психологияның алдында тұрған теориялық міндеттерге жəне ғылымның
дамуының ішкі қажеттіліктеріне байланысты.
Тұлға – психологиялық сипаттамасы,бірқалыпты жоғарғы даму жүйесі, индивидуалды
қажеттіліктермен қамтамасыз ететін, уақытша жəне белгілі бір жағдайларда адамның
тұрақты жүріс-тұрысы.
Тұлға теориясы – бұл болжамдардың жиынтығы немесе тұлға дамуының табиғаты мен
механизмінің болжамы.
Тұлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай, ол адамның жүріс- тұрысын
сипаттайды (А.Хьелл, Д. Зиглер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет