№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 2. Қабылдаудың физиологиялық негiздерi



Pdf көрінісі
бет59/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 2. Қабылдаудың физиологиялық негiздерi
Қабылдаудың (бейне қалыптастырудың) физиологиялық негiзi болып, П.К. Анохин
бойынша, функционалдық жүйе жұмысына бiрiгетiн көптеген психофизиологиялық
жүйелердiң үйлесiмдi жұмысы. Оған шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру
схемасы да кiредi.
Қабылдау да, түйсiк тəрiздi – рефлекторлық физиологиялық процесс. И.П.
Павловтың көрсетуi бойынша, қабылдаудың негiзiнде рецепторларға қоршаған дүние
заттары мен құбылыстарының əсер етуi нəтижесiнде үлкен ми сыңарларының қабығында
пайда болатын уақытша жүйке байланыстары, яғни шартты рефлекстер жатады. Заттар
мен құбылыстар комплекстiк тiтiркендiргiштер ретiнде сипатталады. Анализаторлардың
қабықты бөлiмдерiнiң ядроларында осы комплекстiк тiтiркендiргiштердiң күрделi анализi
мен синтезi жүредi. Анализ қабылдау объектiсiн фоннан бөлiп алуды қамтамаыз етедi.
Анализдiң (немесе талдаудың) негiзiнде қабылдау объектiсiнiң барлық қасиеттерiн тұтас
бейнеге келтiру жүзеге асады. Түйсiктермен салыстырғанда, қабылдау - ми қабығының
күрделi аналитико-синтетикалық iс-əрекетiнiң ең жоғарғы формасы.
Қабылдаудың негiзiнде екi түрлi жүйкелiк байланыстар жатады: бiр анализатордың


шегiнде қалыптасатын байланыстар жəне анализатораралық байланыстар. Бiрiншiсi
организмге бiр модалдықтағы комплекстiк тiтiркендiргiштiң əсер етуi нəтижесiнде пайда
болады. Мұндай тiтiркендiргiш ретiнде белгiлi-бiр əуендi алып қарастыруға болады. Оның
өзi есту анализаторына əртүрлi жеке дыбыстардың ерекше үйлесiмi ретiнде əсер етедi.
Осының нəтижесiнде үлкен ми сыңарлары қабығында интеграция мен күрделi синтез
процесi жүредi.
Байланыстың екiншi түрi əртүрлi анализаторлардың шегiнде пайда болатын
байланыстар. Осы ретте, И.М. Сеченов зат пен кеңiстiктi қабылдауды көру,
кинестезиялық, сипап сезу жəне т.б. түйсiктердiң ассоциациясымен түсiндiрдi. Бұл
ассоциацияларға, сонымен қатар, берiлген зат немесе кеңiстiктiк қатынас белгiленетiн
сөздiң есту бейнесi де қосылады.
Қабылдаудың негiзiнде жататын уақытша жүйкелiк байланыстар сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының қасиеттерiнiң объективтiк байланыстары негiзiнде
қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет