№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет58/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 1. Қабылдау туралы жалпы ұғым


Бiздiң сезiм мүшелерiмiзге əсер ететiн сыртқы құбылыстар субъектiнiң
қабылданатын əсерге ешбiр қайта жауабынсыз, белсендiлiгiнсiз түйсiктер түрiндегi
субъективтiк эффектiнi тудырады. Түйсiнуге деген қабiлеттiлiк тек бiзге ғана емес,
сондай-ақ жүйке жүйесi бар барлық тiрi организмдерге де тəн. Ал дүниенi бейнелер
түрiнде қабылдау тек адамдар мен жоғары жануарларда ғана кездеседi. Бұл қабiлеттiлiк
оларда өмiрлiк тəжiрибе барысында қалыптасып, жетiлiп отырады.
Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен
сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида
тұтастай бейнеленуi болып табылады. Сондықтан қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi
заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей əсер етiп, тұтастай заттық түрде
бейнеленуi.
Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттерi мен
бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Түйсiктерден ерекшелейтiн қабылдаудағы бұл процесс
объективация деп аталады.
Егер түйсiктер қандай да бiр анализаторға ңбайланып қалғанң сияқты болып, жəне
шеткi органдары – рецепторларға стимул əсер еткенде олар бiрден пайда болатын болса,
ал қабылдау нəтижесiнде пайда болатын бейне бiрден бiрнеше анализаторлардың өзара
əрекеттесiп, 
үйлесiмдi 
жұмыс 
атқаруының 
нəтижесiнде 
қалыптасады. 
Осы
анализаторлардың қайсысы едəуiр белсендi жұмыс атқарып, едəуiр мəндi қасиеттер
жөнiнде ақпаратты көп берсе, соған байланысты қабылдау түрлерi де ажыратылады: көру,
есту, терi жəне қозғалыстық қабылдаулар.
Қабылдаудың түйсiктерден едəуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi,
егер, түйсiктердiң нəтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк,
суықтық, дыбыстың жоғарылығы жəне т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың
негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты
түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады.
Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың
маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың
адамның сыртқы сезiм мүшелерiне тiкелей əсер етiп отыруы керек.
Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едəуiр күрделi əрi жоғарырақ сатыда
тұрған психикалық процесс. Қабылдауға түйсiктермен қатар, ой элементтерi де, елестер
мен ұғымдар енiп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсiнiп,
қабылдаумен бiрге бiз ол заттардың қайдан пайда болғанын, олардың қасиеттерiнiң
қандай екендiгiн елестетiп, түсiнiгiмiздi, ұғымымызды кеңейтiп отырамыз. Сондай-ақ,
анық жəне жақсы қабылданған заттар ғана түсiнiктi болады.
Түйсiну мен қабылдау процестерi болмайынша, дүниедегi заттарды бiлу мүмкiн
емес. Адам дүниедегi заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бiрiмен-бiрiн
салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы
қасиеттерiн ажыратып отырады. Осының нəтижесiнде ғана, адам қабылдау процесiнен
жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты күрделi психикалық процестерге көшiп отырады.
Қабылдау басқа психикалық функциялар сияқты, дүниедегi объективтiк заттардың
адамның санасында субъективтiк бейнеленуi болып табылады. Əр адам айналасындағы
заттарды өзiнше қабылдайды. Адам қабылдауының мазмұны түгелiмен сыртқы дүниедегi
заттардың жəне құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Бiрақ сонымен қатар қабылдау
тек сыртқы дүниедегi заттардан тəуелдi болып қоймай, адамның физиологиялық
əрекеттерiмен де байланысты.
Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тəжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл
ерекшелiктi апперцепция деп атайды.
Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Жалпы, адамның қабылдауы
эволюциялық жолмен дамып, қоғамдық тəжiрибе əсерiнен жетiлiп, күрделенiп, кеңейiп,
мазмұны жағынан байып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет