1-көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий 2-ұрттың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы


Механикалық тұрғыда-химустың жылжуын қамтамасыз етеді



бет12/15
Дата09.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#135474
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Механикалық тұрғыда-химустың жылжуын қамтамасыз етеді.

Препаратта аш ішек берілген.Аш ішек асқазанның жалғасы,3 бөлігі бар.Олар:он екі елі ішек,ащы ішек,мықын ішек.Аш ішектің қабырғасы шырышты қабықшадан,шырышасты негізден,бұлшықет және сірлі қабықшалардан құралады.Аш ішектің ішкі беткейі айналмалы қатпарлар,бүрлер және криптілер тәріздес құрылымдарымен ерекшеленеді.Осы құрылымдар аш ішек беткейін ұлғайтып,астың қорытылуына жағдай жасайды.Ішек бүрлері мен криптілері аш ішектің шырышты қабықшасының негізгі құрылымдық қызметтік бірлігі.Айналмалы қатпарлар шырышты қабықшадан және шырыш асты негізден тұрады.Ішек бүрлері аш ішек қуысына қарай орналасады.Пішіндері жапырақ тәріздес,шырышты қабықшаның өсінділері.Бүрлердің саны өте көп.Ішек криптілері шырышты қабықшаның меншікті табақшасында орналасқан түтікшелер тәрізді эпителийдің тереңдемелері.Криптілердің сағалары бүрлердің арасына ашылады.
Ішектің шырышты қабықшасы 1 қабатты бағаналық жиекшелі эпителийден ,шырышты қабықшаның меншікті және бұлшықет табақшасынан тұрады.Эпителийлік қабатында бағаналы эпителиоциттер,бокал тәрізді экзокриноциттер,Панет жасушалары,микроқатпарлы эпителиоциттердің жасушалық дифферондары кездеседі.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасына ретикулярлы талшықтар тән.Олар тығыз торлар құрайды.Ал бұлшықетті табақшасы 2 қабаттан тұрады:ішкі айналмалы,сыртқы бойлай бағытталған.Шырышасты негізі-құрамында май тіндерінің бөлікшелері жиі кездеседі.Мұнда тамырлар мен шырышасты жүйкелік өрімдер орналасады.
Бұлшықетті қабықшасы 2 қабаты бар:ішкі айналмалы,сыртқы бойлай.Екі қабат арасындағы борпылдақ талшықты дәнекер тінде бұлшықет ішекті жүйке өрімдері мен тамырлар орналасады.

Сірлі қабығы-аш ішекті сыртынан барлық жағынан жабады.Он екі елі ішек алды-ішпердемен,қалған бөлігі дәнекер тіндік қабықшамен тысталады.






17. Тоқ ішек. Бояуы - Гематоксилин-эозин




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет