1. Малшылардыц қоңырау аспабын қолдану мақсаты


-мәтін Алтай туралы аңыз



бет4/4
Дата23.05.2023
өлшемі39,79 Kb.
#96303
1   2   3   4
4-мәтін
Алтай туралы аңыз
Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың дәулеті шағын болғанымен, ақыл-парасатқа, ойға бай адамдар екен. Солардың жан дегенде жалғыз баласы бар екен. Уақыт өз дегенін алмай қоя ма?! Жасы жетіп қартайған шал мен кемпір күндердің бір күнінде ауруға шалдығыпты. Бірте-бірте аурулары меңдеп, асқынып, екеуі де төсек тартып жатып қалады. Жанталасқан жалғыз баласы көрші ауылда тұратын бір емші ақсақалга барып, аурудың емін сұрайды. Сырқаттың жай-күйімен сырттай танысқан емші өзінің өмір тәжірибесіне сүйене отырып, аурудың сырын ашыпты. Сөйтіп, ол ұзақ ойланып барып жігітке былай дейді:
- Шырағым, Бұл оңайлықпен жазылатын жеңіл-желпі сырқат емес. Егер шынымен ата-анаңа жаның ашыса, күннің шығысына қарай сапарға аттан. Күн жүрерсін, түн жүрерсің, ай жүрерсің, сөйтіп биік таулы бір өлкеге жетерсің. Сол жерлерге барғанда бір үңгірді мекендеген, қабағын ағаштың бұтақтарымен көтеріп қойып қарайтын, бурыл сақалы беліне түскен бір қарияға тап боларсың. Ол менің ұстазым, мың жыл ғұмыр кешіп келе жатқан адам. Аурудың емін сол кісі ғана айта алады.
Осы әңгімеден кейін жас жігіт ата-анасына ем іздеп жолға шығады. Емші айтқандай, араға көптеген айлар салып, қарияға жетеді. Қария оң жақ қабағын ағаштың бұтағымен көтеріп қойып жігітке:
- Қарағым, қадамың құтты болсын! Келгенің дұрыс болыпты. Ол ауру "безгек" деп аталады. Оны емдейтін шөп осы өлкеде ғана өседі. Ата-анаңньщ дертіне ем болсын, - деп бір түйнек шөпті жігіттің қолына ұстатыпты.
Қуанышы қойнына сыймаған жігіт еліне қайтып оралады. Әлгі шөпті қайнатып ішкізіп, әкесі мен шешесін емдепті. Аз ғана уақыттың ішінде сырқат кісілер дертінен айығыпты. Кейін осыны естіген маңайындағы дертті жандар әлгі жерге барып емдік шөпті алып келу үшін жаңағы жігіттен жолды сұрапты. Сонда жігіт:
- Күннің шығысына қарай алты ай жүріп жетесіңдер, қайтарда алты ай жүріп келесіңдер, депті.
Сонан жаңағы таулы өлке "Алтай" деп аталып кетіпті.

13. Мәтін мазмұнынан алшақ мақал-мәтел
A) Күтсең ата-анаңды, кешірер атаң қатаңды.
B) Ана алдында - құрмет, ата алдында - қызмет.
C) Ата-ананың қарызы - ұрпақтың өмірлік парызы.
D) Көргенсіз бала - көкірек, өнерсіз бала - өкірек.
E) Атаның құны, ананың сүті.
14. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
A) Кемпір-шал неше күн ауырады?
B) Алтайға неше ай жүру керек?
C) Кемпір-шалдың дерті қалай аталады?
D) Емдік шөп қайда өседі?
E) Қария жігіттің қолына не ұстатты?
15. Таулы өлкенің Алтай деп аталуының сыры
A) алты айлық жерге байланысты
B) қарияның жасына байланысты
C) өсетін шөпке байланысты
D) емшінің үңгіріне байланысты
E) баланың қажырлығына байланысты
16. Көрші ауылдағы емшінің емдей алмау себебі
A) баланы сынап көрмекші болады
B) емшінің «безгек» ауруы туралы білмегені
C) дерт меңдеп кеткендіктен
D) аурудың емін айтқысы келмеді
E) емдік шөп тек Алтай өңірінде өседі
17. Емшінің жігітке нұсқаған бағыты
A) шығыс
B) батыс
C) оңтүстік
D) түстік
E) солтүстік
18. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Бір түйнек шөптің қасиеті.
2. Үңгірді мекендеген мың жасаған қарт.
3. Көрші ауылдағы емші кеңесі.
4. Асқынган ауруға ем іздеу.
A) 3,4, 2,1
B) 1,2, 3,4
C) 1,2, 3,4
D) 2, 1,4, 3
E) 4, 3, 2, 1
19. Мәтінге қатысы жоқ нұсқа
A) дертті жандар
B) емші ақсақал
C) көрші ақсақал
D) емші жігіт
E) сырқат кісілер
20. Үңгірдегі қарияның түр-сипаты
A) ақыл-парасатқа бай
B) кең пейілді, көңілді
C) қара шашты, ақ басты
D) бурыл сақалы беліне түскен
E) кәріліктен бүкшейген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет