56-билет. Кәсіби білім беру психологиясы пәні, міндеттері. Кәсіби білім беру психологиясы педагогикалық психологияның саласы ретіндегі кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмін,мамандықты меңгеру механизмдерін зерттейді.
«Кәсіби білім беру «ұғымы арнайы білім берумен теңестіріледі және ол кәсіби техникалық,арнайы және жоғары білім беру мекемелерінде алынады. Кәсіби білім алу нақты мамандық бойынша белгілі білім алу және қалыптастырумен байланысты.
Е.А. Климовтың пікірінше, еңбек психологиясы дегеніміз – іс-әрекет ретіндегі еңбектің аясындағы психологиялық білімдер жүйесі және оның негізгі зерттеу өрісі адамның еңбек субъектісі ретіндегі рөлі. Е.А. Иванов бойынша, еңбек тек қана кәсіби іс-әрекет контекстінде ғана қарасты- рылады. Адамның жетекші және негізгі іс-әрекеті болып әлеуметтік шартталған, саналы түрде сезілетін және мақсатқа бағытталған белсен- ділігі – бұл еңбек және оның негізгі сипаттамасы кәсіби іс-әрекетінде көрінеді.
Ал Н.С. Пряжниковтың айтуынша, еңбек психологиясының пәні ретінде сол еңбекті атқаратын субъектінің өзі, яғни адам болып табылады. Осы субъект заттық-практикалық іс-әрекеттің және танымның басты иеленушісі, яғни жүзеге асырушы болып табылады. Осы көзқарас бойынша еңбек объектісіне нормативті түрде қарастырылатын нақты еңбек процесі жатады.
Жалпылағанда еңбектің келесі жақтарын бөліп шығаруға болады: 1) Іс-әрекет немесе еңбек;
2) Еңбек пәні;
3) Еңбек құралы;
4) Еңбек нәтижесі.
Еңбек психологиясының міндеттері:
– шаршап-шалдығудан және қажудан сақтандыру;
– кәсіби аурулардан сақтандыру;
– өндірістік жарақаттардан сақтандыру;
– тұлғаның кәсіби деформацияларын алдын ала болжау;
– еңбек өнімділігін жақсарту және арттыру;
– жұмысшының жан-жақты дамуына жағдай туғызу.
57. Мамандықтардың жіктелуі. Кәсіптену жолдары. Мамандық-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі,тіршілік көзі болып табылады.
Мамандық-белгілі адамға тиесілі білім,іскерлік және дағды жүйесі ретінде де сипатталады.
Мамандықты суреттеудің жалпы схемасы 4аспектіні қамтиды:
• әлеуметтік-эканомикалық(мамандықтың қысқаша тарихы,оның халық шаруашылық жүйесіндегі орны,мамандарды даярлау туралы мәлімет,перспективасы,еңбек жалақысы,мамандықтың мәртебесі).
• өндірістік-техникалық(технологиялық прцесс,объект,еңбек құралы,жұмыс орны,еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер).
• санитарлық-гигиеналық(климат жағдайлары туралы мәлімет,жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар,еңбек режимі мен ритмі,медицинаға кері көрсеткіштер).
• психофизикалық(мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне қоятын талабы).
*Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі(А.Н.Леонтьев бойынша):
-биономикалық(табиғат);
-техномикалық(техника);
-сигномикалық(белгіліер);
-артономикалық(көркемдік бейнелер);
-социономикалық(адамдардың бірлесіп әрекет етуі немесе өзара қатынасы)
*Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы
1.»Адам -Табиғат»(аграном,зоотехник,ветеринар,микробиолог,биолог…);
2.»Адам-Техника» (слесарь,техник-механик,техник-технолог,инженер-электрик,электрослесарь);
3.»Адам-Белгі»(программист,математик,картограф);
4.»Адам-Көркемдік бейне»(суретші,балет әртісі, актер, архитектор);
«Адам-Адам»(дәрігер, мұғалім,әлеуметтік қызметкер,сатушы,шаштараз).
-«Адам-Табиғат» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: дамыған қиял,көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі,байқағыштық,өзгермелі табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті,маман шыдамы,табанды болуы керек; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзір,кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да,т.б.
— «Адам-Техника»мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:қозғалыстың жақсы координациясы,нақты көру,есту,вибрациялық және кинестезиялық қабылдау,дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял,зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы,байқағыштық.
-«Адам-Белгі жүйесі» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: жақсы опперативті және механикалық ес,зейінді ұзақ уақыт бойы шоғырландыру қабілеті,зейінді бөлу және ауыстыру,қабылдаудың нақтылығы,шартты белгі астарын көре білу іскерлігі,ынталылық,шыдамдылық,логикалық ойлау.
-«Адам-Көркемдік бейне»мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:көркемдік қабілеттер,көру есі,көре отырып қабылдау,көрнекі образдық ойлау,шығармашылық ойлау,шығармашылық қиял,адамға эмоционалды әсер етудің эмоционалдық заңдары туралы білім.
-«Адам-Адам»мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:қарым-қатынасқа ұмтылыс,танымайтын адамдармен қарым-қатынасқа жеңіл түсу іскерлігі,адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жаұсы сезіну,жақсылық тілеуші,елгезектік,шыдамдылық,эмоциясын тежей алу шеберлігі,адамдардың және өзінің мінез-құлқын саралау қабілеттілігі,басқа адамдардың ой -ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну,кикілжіңді шеше біліу іскерлігі,ойша өзінің басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі,басқа адамды тыңдай білу,оның ой-пікірімен санасу іскерлігі,сөз,мимика, жесті орынды қолдану,әр түрлі адамдардың тілін табу,адамдарды сендіре білу,жинақылық, тиянақтылық,дәлдік,нақтылық,адамдар психологиясы туралы білім.
Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары(Е.А.Климов бойынша)
-Оптант фазасы. Адам мамандық таңдауға қам жеген кейіп танытады. Бұл фазаның нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты жоқ,өйткені олар тіршілік жағдайы мен мәдениеттің дамуымен байланыстырылады.
-Адепт фазасы-мамандықты меңгеру үстіндегі адам.
-Адаптант фазасы. Жас маман өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді,шығармашылық міндеттерді шешуге үйренеді.
-Интернал(немесе интервал)фазасы. Өз ісін тұрақты,жақсы көретін,негізігі кәсіби функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.
-Шебер-жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен кәсіби аймақта кең де терең біліммен ерекшеленеді. Оған қайталанбайтын,ерекше іс-әрекет стилі тән,оның жұмыс нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына негіз бар.Өз біліктілігінде формальды көрсеткіштерге ие.
-Авторитет-өз ісінің шебері,көпке танымал(белгілі салада,салааралық деңгейде,мемлекетте).Кәсіби міндетін мол тәжірибесі,іскерлігі,жұмысын ұйымдастыру шеберлігі арқасында шешеді.
-Үйретуші-беделді,өз ісінің шебері,шәкірттерін,ізбасарларын үйретуге әзір.