1. Сөз өнерінің табиғаты


Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері



бет18/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
47.Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Экономикалык өрбуі, соған байланысты мәдени дамуы өткен ғасырда Ресеймен бір арнаға түсе бастаған Казакстандагы қолтума коғамдык ой, оның ішінде эстетикалык пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Шоқан Уәлиханов- тың (1835-1865), атакты ағартушысы Ыбырай Алтынсарин- нің (1841-1889), ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) алатын орындары айрыкша, биік.

"Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан" (Веселовский) Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы гылымга катысты енбектері екі сала (ауыз әдебиетін жинау және жинаган нускаларын өзінше парыктау) екені мәлім. Бұл ретте, Шоқанның өзі "Дала Илиадасы" деп бағалаған әйгілі кыргыз эпосы "Манастын" бір тарауын ("Кокетай ханнын асы") тұңғыш жазып алуы, өз халкынын ұланғайыр өлең-жырларын ел аузынан іздеп тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келіп: "Дала өмірін жырлаган поэзия болгандыктан, бұл екі елдін поэзиясы бір- біріне өте-мөте ұксас, екеуінің де сюжеті дала өмірі тәрізді Үнемі біркелкі болып келетінін "*, бірақ қазақ поэзиясы саф таза сулу поэзия екенін, казак тілі араб тіліндей бояма, кулдібалам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі соншалык байсалды, парасатты, ғылым тургысынан әбден піскен, кәмелетті пікір.


"Мен Аякөзді сүйемін және оны таң-тамаша көремін, деп жазды Шокан "Ыстықкөл сапарының күнделігінде".


Бәлкім, бұған бір кезде осы өзеннің бойында ғұмыр кешкен сулу Баянның алтын айдарлы Қозы Корпешке ғашықтығы жайындағы тамаша аныздын да әсері аз емес- ті "**. Бұл ойларынан ақынжанды сергек, сезімтал адамнын өзін қоршаған әлемнен алған әдемі, кызык әсері ғана емес, ғұлама ғалымның шынайы сұлулық туралы түсінігі, аса нәзік, терен эстетикалык талғамы танылады. Сондықтан болуға тиіс, "Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы жайындағы" жазбаларында Шоқан мынадай орасан кызык топшылаулар жасайды: "Дала көшпелілерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі - жасыл майса дала, ашык мөлдір аспан, көші-қоны кеп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл?


Ш.Уалихановтың бұл айткандары - туған әдебиетіміздің тарихы мен сынына катысты пікірлер болса, оның поэзияны жалпы журттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың коркем тарихы, халык тагдырынын сырлы шежіресі ретінде байыптап, сол аркылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен манызын белгілеуі, сондай-ақ казак поэзиясын бес түрге (жоктау, жыр, өлен, кара өлең, кайым елен) беліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме беруі

Әдебиет теориясына қатысты толғамдар. Казактын болашақ әдебиет туралы ғылымынын алғашкы


кірпіштерін Шоқан Уалиханов осылай калаган еді. Ы.Алтынсариннің әдебиеттануға коскан үлесі журтка мәлім ағартушылық еңбектерімен сабактас. Осы ретте ерекше атап айтарлык нерсе улы педагогтың тарихта тұңғыш рет орыс алфавитімен жазып, бастырып шығарған "Казак хрестоматиясы" (1879). Бүл казактын өткен ғасырдағы әлеуметтік тіршілігінде болған ірі оқиға, мәдени кубылыс. -


Ы. Алтынсарин кітабының жазылу максаты белгілі, осы туралы автордын өзі "молдалар оқытып жүрген татар, араб, парсы кітаптарының барлығы да адам баласын дұрыс ойдың бәрінен адастырып, кері кетіретінін" айта келіп, казактарга діни фанатизмнің зиянды ыкпалын тигізбеу туралы былай деп жазады: "Ондай ыкпалдан куткару үшін, бірте-бірте, бірақ шын кұтқару үшін, мазмұны балалардың білімін көтеретін, такырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асыкпай, бірақ алған беттен қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардын өздеріне таныс әріппен шығара білу керек", Бул арада Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалык әрекет- теріндегі прогресшіл сипат кана емес, онын әдебиетші ретін- дегі калыптаскан эстетикалык принциптері жатыр.


Әдебиет окулығын жасау қамында жүріп Ыбырай казак- тын ауыз әдебиетін жинау, жариялау ісіне көп енбек сіңірді. Бұл әрекетке де окымысты педагог өзінің катал эстетикалык талғамдары тұрғысынан келген еді. Н. Ильминскийге жазған хатында Ыбырай ауыз әдебиетіндегі идеялык-көркемдік жагынан нәрі шамалы жеңіл-желпі нәрселерді кітапка "енгізгісі келмейтінін, өйткені катаң тұрмыста өскен казак- тарга будан гөрі мәндірек әңгімелер керек "** екенін айтты.


Кыскасы, Ыбырай Алтынсарин іс жүзінде казактын әдеби тілінін тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті.


Казак әдебиетінің ұлы классигі Абай Кунанбаев, әрине, озінін эстетикалык көзкарасын жүйелейтін ғылыми трактат жазып калдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Әйтсе де, онын тамаша творчестволык принциптері, сөз өнері хакындагы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері барлык коркем шығармаларының өн бойында желі тартып жатыр.

Абай - шыншыл акын. Ендеше, ол өзінін бүкіл акындык өнерімен қазақ әдебиетіндегі реализм принциптерін бұлжытпай, мейлінше ұтымды жүзеге асырды. Әдебиеттін халықтығын ту гып кетерді; поэзия, берінен бұрын, халык өмірінің айнасы болуын, поэзияда, бәрінен бұрын халыктык мәні бар келелі шындыктар суреттелуін талап етті. Осындай Мыкты реалистік принцип тұғырында тұрған ұлы ақын езі өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін жіті танып, казак даласындагы тап қайшылыгын кору дәрежесіне дейін шыркап барды. Сондықтан Абайдын өз өнеріне де, өзге өнер иелеріне де кояр эстетикалық талап-талғамы бұл ортада бурын-сонды болмаған биікке шалкып котерілді. Сонда онын акындык кредосы мынадай болып шыкты:


Мен жазбаймын өленді ермек үшін,


Жок-барды ертегіні термек үшін. Кокірегі сезімді, тілі орамды,


Жаздым үлгі жастарга бермек үшін.


Осынын өзі көркем шығарманын ен асыл һәм ардакты касиетін онын эстетикалық және тәрбиелік мәнінен тапкан Дана акыннын "соктыкпалы, соқпақсыз жерде есе" турса да, туған әдебиетінің келешек даму жолдарын керемет көрегендікпен болжап байкауы болатын.


Абай - сыншыл ақын. Ендеше, ол өзінің бүкіл акындык өнерімен әдебиеттің қоғамдык өзгертушілік күшінің өлшеусіз мол екенін танытты. Ақынның әлеуметтік бітімін, кайраткерлік міндетін белгіледі; онын өзі өмір сүріп отырған ортадағы кеселді, кертартпалықты, әділетсіздікті көріп кана коймай, оған өз қолымен үкім шығарып, өзгелердін ыза- кегін шакыруды, "кыранша карап Қырымға, мұң мен зарлы колга алуды; кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғануды" талап етті. Егер біз, Белинскийше айтканда, сатираны "кексіз күлкі, жеңіл мазак, усак кылсак деп түсінбей, масқара болған қоғамның кұрыскан кегінін, Нажағайлы рухынын айбары деп танысак", Абайдын бул саладағы енбегінің көркем сөз табиғатын терен талдап- тексеруде, оның идеялық өрісін байыптауда қандай маңызы бар екенін түсіну киын емес.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет