1. Сөз өнерінің табиғаты


Сөз өнерінің образдылық – суреттілік табиғаты



бет21/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
50.Сөз өнерінің образдылық – суреттілік табиғаты
Образдың қазақшасы - көркем бейне. Бұл – кеңірек ұғым. Ең қарапайым мағынасында образ - суретті сөз.
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр нені.
(Абай).
Осы жолдарды оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат емес, әлдебір тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, құбылыс елестеп кетеді. Аспан жай тұрған жоқ, езу тартып, "күлімсіреп" тұр. Жер жай жатқан жоқ, әлгі бір жадырап, жайнап күлген аспанның қылығына елтіп, бір түрлі "ойланып" жатыр. Осының бәрін біз көзімізбен көріп, көкірегімізбен сезінетін секілдіміз. Аспан күлімсіреп тұр дегенде Абай, әрине, аспанның ашық, нұрлы екенін айтып отыр. Бірақ аспан ашық деген сөздің әсері аспан күлімсіреп түр дегендей болмас еді. Өйткені алдыңғысы әншейін хабар, ауызекі айтыла салған сөз ғана да, соңғысы - сөзбен салынған сурет. Бұл әрі нақты, әрі затты. Бұл - бедерлі бейне, көркем образ. Сөз зергерлері көркем сөз арқылы бұлайша өрнек төгіп, айшық жасамаса, әдеби шығарма да тумас еді. Бұл ретте образ тіпті тар мағынасының өзінде әдеби тілдің жалпы сөйлеу тілімізден, сондай-ақ көркем әдебиеттің жалпы "әдебиет" атаулыдан айырмашылығын да, артықшылығын да қоса танытып тұр. Әдеби шығарма, оның ішінде өлең арқылы жасалған көркем бейне болмаса, мысалы, даланың селеуі, шеңгелі мен шиі дәл мынадай тірлікке, әрекетке ие бола алмас еді:
Елсіз жер… еңіреген інгенде күй,
Селеулер жел оятқан билеген би.
Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.
(I.Жансүгіров).
Жансыз табиғатқа жан бітірген ғаламат сурет! Кең дала күйге толы. "Еңіреген інгеннің" қасіретін, "зар тыңдаған қоянның" қайғысын өз алдына қойғанда, өлі ұйқыдан елгезек "жел оятқан селеудің биін", әрі назға, сазға елтіп, әрі ойға, мұңға батып, тым-тырыс "тұқырып қалған шеңгел мен шидің" күйін қараңыз… Лириканы әркім өзінше ұғып, оңаша тұшынбаса, оны ежіктеп түсіндіріп жату ағат. Өлеңге қара сөзбен комментарий беру келіспейді. Тек мынаны білу керек: көркем әдебиеттің оқыған адамды баурап алар, оның жан дүниесіне әсер етер құдіретті күші осынау образдылығында жатады.
Образдылық - суреттілік, сөздегі сурет. "Әр сөз, - дейді Потебня, - қалай болғанда да, өзінің поэтикалық шығарма қалпын бастан кешіреді"*. Бұған қарағанда, әр сөздің түп төркіні - зат, сурет, образ. Қазақ сөздерінің қай-қайсысы да, Потебня айтқандай, бір кезде
өзінің бейнелі "қалпын бастан кешіргені" даусыз. Айталық, тулау деген сөз әлгі қорғау деген сияқты әншейін бір ұғым ғана. Ал осының түп төркінін байқасақ, жылқының әбден торалып, семіріп, тусырауы екен. Ту жылқы жалына қол апартпайтын мінезсіз, асау болатын көрінеді. Сөйтіп, тулау деген ұғым да затты, нақты бейнеден шыққан. Осындай түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда, бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық-өрнегі, сурет-сәулесі түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.
Гималай - көктің кіндігі,
Гималай - жердің түндігі.
(I.Жансүгіров).
Бұл - метафора тәсілімен жасалған сурет: екі нәрсе қатар қойылып, бір-біріне (силлогизмдегідей бағындырылмай) баланады, өзара "сәуле түсіреді", сол арқылы оқырманның көз алдына үшінші нәрсенің суреті жайылады. Байқап қарасақ, образдылық дегеннің өзі әр сөзге оның о бастағы заттылығын қайтып беретін секілді, сөйтіп, затты сөзді нақты суретке айналдыратын тәрізді. Бұл - аса қызық процесс және П.В.Палиевский айтқандай, дәлелдеуге келмейтін, анықтауға көнбейтін* аса қиын процесс.

31.Орыс және қазақ («Абайдың ақындық мектебі») әдеби мектептері


Абай мектебі деген ұғымды екі мағынада алып қарастыру бар. Бірі - кең мағына, яғни Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы өкілдерінің дені ақынның әдебиеттегі дәстүрін ұстанушылар, демек поэзия жолындағы шәкірттері. Екінші - мектеп ұғымы тар, әрі нақты мағынада. Бұл тұрғыдан келгенде Абаймен күнделікті қарым-қатынаста болған, ақынның алдын көріп, тәрбиесін алған ақын шәкірттерге қатысты айтылады. Жалпы «Абайдың ақындық мектебі» концепциясына қатысты 1950 жылдардағы даудың негізгі себебінде саяси астар жатқанмен, әдеби айтыстың өршіп кетуінің екінші бір себебі «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға қай тұрғыда келу керектігінің нақты межесі анықталмағандығында да жатыр. Дәлірек айтқанда әлгі кең мағына мен тар мағынада қарастырудың ара жігі сақталмай, араласып кетті. Тағы бір әсер еткен фактор «ақындық мектеп» деген батыс пен орыстың әдебиетіндегі ұғымды Абай мен оның айналасындағы ақын шәкірттерге қатысты қоданудан барып туындағанын да ескерте кету керек.Әдебиеттану ғылымында әдеби мектеп ұғымы жалпы мағынада алынып, оның аясында ағым, бағыт, ұйым, топ, бірлестік категориялары да қарастырылады. Орыс зерттеушісі В.И.Кулешов «бағыт», «ағым», «мектеп» ұғымдарын біртектес ұғым ретінде қарайды....[1]. Ағым-бағыт пен мектеп бір ұғымның аясында немесе синонимдік қатарда қолданыла беретіні тағы бар. Көркемдік әдіс туралы пікір білдіруші Л.Тимофеев пен С. Тураев былай дейді: « ...мы говорим о художественных методах как наиболее общем понятии, о направлениях и о течениях как о его различных историко-литературных проявлениях и о школах и группах как наиболее частных его формах» [2, 90-б.]. Абайдың айналасына шәкірт жинауы әлемдік әдебиеттану үрдісінде табиғаты жағынан әдеби топ, үйірмелерге жақын
32.Төл әдебиетіміздегі көркемдік дәстүрлер.
Әдебиет тарихын дәуірлеу әдеби-көркем дамудың бірқатар компоненттерін ғылыми-теориялық тұрғыдан саралауды қажет етеді. Осылардың ішінде дәстүр мен жаңашылдықтың алатын орны ерекше. Дәстүрсіз даму, дамусыз жаңашылдық болмайтыны белгілі. Жаңашылдық әдеби-көркем дамудың белгілі бір фазасында құнарлы дәстүрден барып өркен жаяды. Сондықтан да біз әдеби дәстүрді өткен дәуірде жасалған жалпыұлттық, жалпыадамзаттық маңызы бар бүгінгі заманның рухани қажеттіліктері мен сұраныстарын өтей алатын, көркемдік қуаты айрықша құндылық деп санаймыз. Яғни, әдеби дәстүр – өткен дәуірлердің бүгінгі күнге жарайтын, өзектілігімен ерекшеленетін құндылығы. Таратыңқырап айтсақ, ілгері дәуірлерде қалыптасқан дәстүр жаңашылдықтың өзегіне айналуы үшін оның бойында өзекті идея, өміршең көркемдік болуы шарт. Философиялық тұрғыдан алғанда адамзаттың даму жолы дәстүр мен жаңашылдықтың үздіксіз сабақтасып тұруымен байланысты. Уақыт пен кеңістік ауқымында дамитын өзге де рухани үдерістер секілді әдеби-көркем үдеріске де диалектиканың үзіліссіз және үзілмелі қозғалысы ретінде қарауымыз қажет. Жалпы тіршілік диалектикасындағы осы үзіліссіз және үзілмелі қозғалыстың сипаты әдеби көркем дамудың кезеңдік табиғаты болатындығын және ол әдеби дамудың ажырамас әрі міндетті құрамдас бөлігі екендігін аңғартады. Диалектика заңдылығы бойынша қандай да болмасын рухани үдерістің басталуы, шарықтау шегі, дағдарысқа ұшырауы, өзге бір келесі кезеңге өтуі, яғни алмасуы болмақ. «Бәрі де өзгереді...» - дейді дүниенің даму дидарын түсінген ақылмандар. Өмір өзгерістер арқылы дамып, тіршілік сипаты алмаса отырып дүние дөңгелемек.
33.Әдебиет – сөз өнері
Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы-шындық. Жазушы өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды, оны өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын, қаламасын-бәрі бір белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (М.Горький). Демек, әдебиет-таптық.
Әдебиеттің таптығы әдеби шығармадағы шындықтың шынайылығына, қаламгердің шеберлігіне тікелей байланысты.
Әдебиеттің таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы.
Әр ұлттың тарихи тағдырына сай, туған топырағына, өсіп-өркендеген табиғи ортасына лайық мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы қалыптасатыны мәлім. Мұны бәрі әр ұлттың өзіне тән өзгешеліктерін-сыртқы түріндегі ғана емес, ішкі сырындағы айрықша сипаттарын белгілейтіні хақ. Дегенмен, ұлттық сипат халықтық сипатқа нық байланысты бола тұра оған дәлме-дәл келе бермейді, оған балама бола алмайды, оның орнын ауыстыра алмайды. Ұлттықтың ең таңдаулы сипаттары ғана-халықтық
Ілгерішіл әдебиет пен өнер-әрқашан өмірдің мектебі; шындықтың шежресі, сәулетті болашақтың болжаушысы.
34.Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы
Классицизм ХУІІ ғасырда Италия әдебиетінде туып, француз әдебиетінде кең қанат жайған ағым.Классицизм теориясының негізінде мәңгілік туралы ілім, әдемілік идеалының кемелдігі туралы түсінік жатыр. ХІХ ғасырда Стендаль «Расин және Шекспир» атты памфлетінде классицизмнің принциптерін терістей отырып, осы ілімді керіге шығарады. Ол әдемілік ұғымының қатыстылығын, өзгермелілігін, тарихилығын дәлелдейді Әдеби жанрлардың да қатаң деңгейленуі (эпопея, трагедия, комедия және т.б.) осы ілімнен туындады. Әрбір жанрдың нақты шекаралары, оның ерекшеліктері көрсетіліп, әрбір жанрға тиесілі тілі мен кейіпкерлері бекітілді (трагедия үшін – биік патетикалық тіл, асқақ сезімдер, батыр тұлғалар; комедия үшін – төмендетілген тірліктегі персонаждар, ауызекі сөйлеу тілі т.б.), себебі классицистердің пікірінше, әрбір жанрдың үлгілі шығармалары әу-баста дүниеге келіп қойған, ал жаңа кезеңдердің еншісі тек (біржола) табылған кемел идеалдардың ізімен жүру.Француз классицистерінің теоретигі Н.Буало болды. 
35.Г.В.Плехановтың жаңа әдебиет, өнер жайлы ойлары.
Г.В. Плеханов адам қоғамының сәбилік дәуірінде өнердің қалай пайда болғаны жайлы мынадай тұжырым жасайды: «Тапқа бөліну дегенді білмейтін алғашқы қауымдық қоғам тұсында адамның өндірістік қызметі оның дүниетанымы мен эстетикалық талғамына тікелей әсер етеді. өрнек өнері өз бедерін техникадан табады, осы қоғамның ең басты өнері тәрізді би әншейін еңбек үстіндегі қимылдарды қайталаумен тынады. Бұл жайт біз білетін экономикалық даму атаулының ең төменгі сатысында тұрған аңшылар қауымынан, әсіресе айқын аңғарылады. Ал тапқа бөлінген қоғамда осы қызметтің идеологияға тікелей әсері соншалық анық аңғарыла бермейді».Біліктің Ленин ашқан «сәулелену теориясы» - маркстік философиялық материализмнің ең қымбат қазынасы. Бұл теорияға сүйеніп, психиканы ленинше түсіну – идеализм, фидеизм, попшылдық атаулының бәріне қарама-қарсы, Мах пен Кантқа, қала берсе, кантшыл Плехановтың иероглифтер теориясына қарама-қарсы, - адам баласының түйсігі объективтік дүниенің субъективтік бейнесі деп білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет