13 дәріс Тақырып: Әлеуметтік психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы Дәрістің мазмұны



бет4/9
Дата10.12.2023
өлшемі49,44 Kb.
#135828
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ынтымақтастық оппоненттердің конфликтідегі барлық жақтың мүдделерін қанағаттандыратын шешімді бірлесіп іздеуге бағдарланумен сипатталатын мінез-құлықтың ең тиімді, кооперативті стратегиясы. Оппоненттердің проблеманы конструктивті талқылауға бағыттылығын, екінші жаққа қарсылас ретінде емес, шешім іздеудегі одақтас ретінде қарауды шамалайды. Мынадай ситуациялар ең тиімді: оппоненттердің өзаратәуелділігі; күшті болғанда; екі жақ та биліктегі айырмашылықтарды елемеуге бейім болғанда; шешімнің екі жақ үшін де маңызды болғанында; қатысушылардың күні бұрын кесіп-пішіп қоймауы кезінде.
Басшы мен бағынушы арасындағы конфликтілерді шешуді зерттеу олардың үштен бір бөлігі ымыраға келумен аяқталатынын көрсетті. Осы конфликтілердің үштен екісі көнумен көбінесе бағынушының аяқталады. Конфликтілердің тек 1-2%-і ғана ынтымақтастық жолымен аяқталады.
Енді конфликтіні шешудің ең конструктивті тәсілдері ретінде ымыраға келу мен ынтымақтастықтың негізгі технологияларын қысқаша сипаттап өтейік
Ымыраға келудің негізінде «жақындасуға жол беру» немесе тағы да «саудаласу» деп аталатын технология жатыр.Ымыраға келудің кемшіліктері бар деп есептеледі, әсіресе мынандай: позицияға байлнысты таластар қысқарған келісімдерге әкеледі; айла іздеуге негіз пайда болады; қатынастардың нашарлауы мүмкін, өйткені қауіп-қатер, қысым байланыстардың үзілуі болуы мүмкін; бірнеше жақтардың болуы ке кезінде саудаласу күрделене, қиындай түседі және т.с.с. Лоуэллдің пікірінше, «ымыраға келу-жақсы қолшатыр , бірақ нашар төбе; қандай да бір уақытқа ол пайдалы; көбінесе партиялар арасындағы күреске қажет, және мемлекет басқарушыларға ешқашан қажет емес.
Манипуляция – айла, амал, басқалардың өзіне қатысын реттеп отыру.
Фромм жеке тұлғаның жетекші қасиеті ретінде оның әлеуметтік мінез-құлық көрсетуі деп тауып, осы қасиетті типологияға негіз ретінде анықтаған.
Ал Э.Шострдың ең танымал еңбегі «Анти-Карнеги» деп аталады. Осы еңбегінде «Манипулятор» (айлашыл, қулықпен күн көретін) деп аталатын адамның әлеуметтік ортадағы көрініс беретін қасиетінің ішіндегі өзгелермен қатынас жасау ерекшелігіне байланысты типологияны келтірген. Бұл типтегілер қалау да болса жағдайды өзіне бағындыру жолдарын іздейді.
Э.Шострдың айтуы бойынша адам Манипулятор болып туылмайды. Нарықтық қатынасқа икемделу барысында әр адам өзін қоршағандарды қулықпен алдап-арбап, өзіне бағынышты етіп алуға тырысады. Сондықтан, қарым-қатынастағы Манипулятордың негізгі мақсаты басқаларға өзін беделді етіп көрсету және оларға өз өкімін жүргізу. Сонымен қатар өзі де беделділерге бағынғанды қажетсінеді. Манипулятор көрсеткіштері әрқайсымызда жеткілікті. Оның қайсысы басым екенін байқап көрейік. Оған қарама-қарсы бағыттағыларды актуализаторлар – мән берушілер деп атаған.
Манипулятор типтері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет