1. Көрімдік беру дегеніміз не? Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын»



Дата14.03.2023
өлшемі18,85 Kb.
#74045
түріДиплом
Байланысты:
9 ұяшық


9 ұяшық
1.Көрімдік беру дегеніміз не?
Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан келген құдаларға болашақ келіндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады. 
2,Ерулік беру дегеніміз не?
Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
3.Қонақкәде айту дегеніміз не?
Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа салатын болған. Ол - өлең айтыңыз, күй тартыңызөнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай. Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа салатын болған. Ол - өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай.
4. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын - сауық құрады)
5.Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар). 
6. «Айдар» деген не? (Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, өріп қояды. Ер балаға жасалады).
7. «Базарлық» деген не? (Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі).
8.Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері (шілдехана, сүндет той, тілашар).
9. Енші деген не?
қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесі. Еншіні үлкен ата, әке, олар жоқ болса, ұлдың үлкені бөледі. Қара шаңырақ пен ата-ана кенже баланың қолында қалады. Дәстүр бойынша ұлдың үлкені әке дәулетінің үштен біріне, кенже екіден біріне, ортаншылар төрттен бір үлесіне ие болады.
1.Мақалды жалғастырыңыз. Әке көрген оқ жонар..... (шеше көрген тон пішер)
2.Мақалды жалғастырыңыз. Баланың ұяты әкеге.....( қыздың ұяты шешеге)
3.Мақалды жалғастырыңыз. Балапан ұяда не көрсе..... ( Ұшқанда соны іледі)
4.Мақалды жалғастырыңыз. Астың дәмін тұз келтірер..... (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5.Мақалды жалғастырыңыз. Әдепті бала - арлы бала..... ( Әдепсіз бала – сорлы бала)
6.Мақалды жалғастырыңыз. Атаңның баласы болма.....( адамның баласы бол)
7. Мақалды жалғастырыңыз. Ақыл – тозбайтын тон,...(Білім – таусылмайтын кен.)
8. Мақалды жалғастырыңыз. Қарағайға қарап тал өсер,...(Құрбысына қарап бала өсер.)
9. Мақалды жалғастырыңыз. Сумен ойнама, батарсың,...(Отпен ойнама, жанарсың.)
«Инабатты Ару»
«Өнерлі Ару»
«Сымбатты Ару»
«Зерделі Ару»
«Көрікті Ару»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет