1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет17/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
жұмыс кҿп. Бірақ олар кісі қанағаттанарлық дҽрежеде емес. Сондықтан да 
пайғамбарлар тарихынан толыққанды Кітап жазылуы қажет-ақ. Осы бектің 
ҿтініші бойынша Қаршы қаласының қазысы ... 709 жылы Насыр Бурхан-ад-
Дин ... осы кітапты жазуға кіріседі. ...жыл бойы жұмыс жасап 710 жылы 
кітапты аяқтайды» [5, 128-б]. 
Екі ғалымның «Рабғузи қиссаларына» автордың жазған алғысҿзі 
жҿніндегі пікірлерін беріп отырған себебіміз: барынша толық кҿлемді болып 
басылып шыққан кейінгі нұсқаны салиқалы ғылыми алғысҿзбен, толыққанды 
ғылыми түсініктермен жабдықтап, ең бастысы шығарма авторы Насраддин 
Рабғузидің ҿзі жазған алғысҿзді сол қалпы жариялау қажет еді. Бұл – қазақ 
ҽдебиеті тарихының ҿткен дҽуірлерін түгендеп, кемістігін толтырып жатқан 
бүгінгі уақыт қажеттілігі. Кітаптың сол дҽуірдегі алғашқы келбетінде бүгінгі 
ұрпақпен қауышуы үшін автордың мұсылман ҽлемі ақын, жазушы, 
ғалымдары сопылық ілім дҽстүрінде алғысҿз алдында жазған Алла Тағаланы 
мадақтаған, Мұхаммед Пайғамбарды ұлықтаған, оның тҿрт шариярын 
дҽріптеген дҽстүрлі мадақ жолдары да міндетті түрде бүгінгі басылымда ҿз 
орнында тұрғаны еңбектің құндылығын арттырар еді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында кітаби ақындар 
қаламынан туған кҿптеген діни шығармалар «Қиссасу-л-ҽнбиямен» 
сабақтасып жатады. Кітаби ақын Шҽді Жҽңгірұлы «Ибраһим Пайғамбардың 
хикаяты» атты еңбегінде пайғамбарлар туралы жырлай келіп: 
«Абзалы баршасының расул Хұда, 
Ат қойды «Хайру-л-Бҽшар» деген мұңа. 
Аршы – ағла айуанына атын жазып
Алладан Хабибім деп болған ниде», - деп Мұхаммед Пайғамбар 
туралы ерекше толғайды. Ең соңғы ҽрі ақырзаман пайғамбары аталса да, 
Мұхаммедтің ҿзге пайғамбарлардан айрықша екендігіне ден қояды. Тіпті 
қаншама пайғамбардың атасы болған Ибраһимнің ҿзін: «Екінші Ибраһим-дүр 
Ҽзҽрұғлы, Бір Хұда Халимім деп нидҽ қылды, - деп береді [8, 6-б]. 
Шҽді кітаби нҽзирашыл ақын ретінде ҿзі жырлап отырған Ибраһим 
Пайғамбар оқиғасының бұрынғы кітаптарда кҿп сҿз болғанын, ҿзінің соларды 
негізге ала отырып шығармашылық етіп отырғанын сҿз етеді. 
«Қиссасы «Сиярмен» «Қисаста» кҿп, 
Болмайды айтмағыма бҽрін бірден. 
Кҿңілімде қиял ойлап талап еттім
Халилнің рух шҽріпін тебірентем деп, - берілген бір шумақ ҿлеңде 
шайыр Шҽді бізге біршама мағлұмат беріп отырғаны аңғарылады. Ақынның 
«Сияр» деп беріп отырғаны - Мұхаммед Пайғамбардың қайраткерлік ҿмір 
жолын сҿз ететін арап ҽдебиетіндегі «сира» жанры туындылары. Мысалы, 
ғалым Э.Наджип «Нахжу-л-Фарадис» жҿнінде туындының сира жанрына 
жататынын айтып ҿтеді. Демек, ХХ ғасыр басында орыс патшалығы қол 
астындағы түркі тектес мұсылман халықтары ҿмірінде, ислами руханиятында 
үлкен орын алған «Назым Сияр Шҽриф» шығармасының да түп негізі,


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет