ұйымдастыра білгенін көрсетеді. Сондай-ақ, аз әскермен қарасы мол жауды жеңу үшін
дұрыс тактиканы қолдануы. Уақытша шегіну арқылы ол өз ұлысын жау қолына берсе де,
оларды сырттай бақылап, жау әскерінің бейқамдығын туғызады. Барлаушы мәліметі жау
әскерінің бейқам болғандығы сондай, күзет қоюды қаперіне алмағанын баяндайды. Қасым
хан қарсылас арасында үрей туғызу әдісін қолдану арқылы жау әскерінің соғысқа
дайындалуына мүмкіндік бергізбейді және де қазақтар орасан көп әскермен таяп қалды
деген жалған ақпарат тарату арқылы мауереннахрлықтар арасында бей-берекетсіздік
туғызады. Қасым хан өзінің негізгі күшін тосқауылға қойып, қашқан жаудың қақ
маңдайынан соққы береді. Мұндай соққыны күтпеген жау әскерінің қарсылық көрсетуге
шамасы жетпей, аман қалғандарының қашуға ғана дәрмені жетеді. Бүкіл соғыс
барысындағы шешуші ұрыс Мұхаммед Шайбани хан басқарған топпен өтеді. Алғашқы
ұрыстардан соң әбден үрейленіп, берекесі қашқан жау әскерінің қалдықтары Шайбани
ханға келіп қосылады. Бірақ жалпы үрей басылмай жатып-ақ Қасым ханның өзі басшылық
еткен қазақ әскерлері Сыр бойында келесі соққыны береді. Нәтижесінде Абдаллах
Балхидың жазғанындай, Мұхаммед Шайбани хан ірі жеңіліске ұшырайды. Осылайша,
қазақ жерін жаулауға келген қарсылас жақтың әскеріне Қасым хан қолданған шебер
әскери стратегия мен тактиканың, керемет қолбасшылық өнердің арқасында тойтарыс
беріп қана қоймай, оларды тас-талқан етіп жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: