іс жүзінде жоңғарлардың бақылауында болды. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында
қонтайшының ордасы орналасты. Қазақ хандығына жоңғар шапқыншылықтарының жаңа
толқыны Галдан-Бошохту ханның есімімен байланысты.
ХVІІ ғасырдың 80-жылдары қазақтарды жоңғарлар Жетісудан ығыстырып шығарды.
Қазақтар мұнда отырықшы орталықтарын, құнарлы жайылымдарын жоғалтты.
Қазақстанның оңтүстігі ойраттарды қатты қызықтырды. Орталық Азияның тарихындағы
көне кезеңнің өзінде бұл аймақта орасан көп қалалар пайда болды, олар көшпелі және
отырықшы тайпалар сауда байланыстарының орталықтары болатын.
Тараз, Сайрам, Отырар, Түркістан және тағы басқа қалалар Сарыарқаның көшпелі
тайпалары үшін игілік көзі еді. Қарапайым тұрмысқа қажетті бұйымдардан бастап, матаға
дейін осы қалалардан сатып алынатын. Бұл отырықшы өңірге саяси үстемдік оларға билік
құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті алым-салықтарды жинауға мүмкіндік
берді.
1717-1718 жылдары жоңғарлардың қазақ хандығына басып кіруі ішкі қайшылықтарға әкеп
соқты. 1718 жылы жоңғарлар Жетісудан өтіп, Арыс, Бөген, Шаян өзендеріне дейін
жорыққа шықты, басты мақсаты хан орталығы Түркістанды жаулап алу еді.
1722 жылдың аяғында Қытайдың маньчжурлік билеушілерімен бейбіт келісімге келген
жоңғарлар 1723 жылы көктемде Қазақстанға жойқын шабуыл жасауды жоспарлады. Бұл
жорық қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен
қалды.
1723 жылы Жоңғар шабуылының нәтижесінде қазақ тайпалары өздерінің ғасырлар бойы
мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды, халық аштықтан қырылды. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» — адамдар жаяу жүргеннен табандары қажалған, көлдің
жағасында әл-күштері жоқ, құлап, шаршаған деген мағынада сөз қалған. Осы кезде
қазақтың зарлы «Елім-ай» әні дүниеге келді.
ХVІІ ғасырдың аяғы — ХVІІІ ғасырдың басында хандықтың ішкі саяси жағдайы өте ауыр
болды. Тәуке хан өлгеннен кейін жоғарғы билікті басқаратын лайықты адам болған жоқ.
Қайып хан мен Әбілқайыр ханның жоңғарларға қарсы күресі нәтижесіз аяқталды. Екі
билеушінің арасында қайшылықтар мен келіспеушіліктер орын алды. Сондай-ақ,
хандардың орталықтанған мемлекет құру, ұлыстар мен жүздерді біріктіру жөніндегі
ойлары жүзеге аспады.
Қазақ хандығына жоңғарлардан басқа батыс жақтан Еділ қалмақтары, солтүстіктен сібір
казактары, башқұрттар, оңтүстіктен ортаазиялық мемлекеттер жиі жорықтар жасап
отырды. ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары қазақтардың өмірінде өте ауыр кезең басталды. Бұл
ауыр жағдайдыңболуы соғыспен және жұтпен байланысты болды. Ол қазақтардың
шаруашылығына көп нұқсан келтірді.
Қазақтар жоңғарлардың қысымынан батысқа қарай ығысты. Ұлы жүз Ходжент арқылы
оңтүстікке жылжыды. Орта жүз Самарқанға және Бұхараға қарай бет алды. кіші жүз Хиуа
мен Еділ бойына ығысты. Ташкент, Түркістан бастаған 32 қала жоңғарлар қолында қалды.
Бұл ауыр жағдайдан шығудың басты жолы ұйымдасқан түрде жауға қарсы төтеп беру,
яғни жоңғарлардың батысқа қарай жылжуын тоқтату еді
Достарыңызбен бөлісу: