болып сайлануы, Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ сұлтандары мен
старшындары арасында жік туғызады. Осыдан кейін Сырымның екі жақты – Орал
казактарымен өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді.
1794 жылы Ералы ханның өлімі,1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі — Есімнің хан болып
сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне
қарсылығын бұрынғыдан да өршітті.
Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, Есім ханның
өлтірілуімен тынды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы
болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі — Нұралы ұлы Қаратай хан
сайланса, екіншісі Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық
еткен хан кеңесі. Оның құрамына Нұралы ханның ұрпағые кіргізген жоқ, себебі осылай
патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысты. Бірақ олар қателесті.
Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті.1797 жылы
сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.
1802 жылы белгісіз себептермен Сырым Хиуа хандығында дүние салды.
Достарыңызбен бөлісу: