тапсырылды, онда Тәуекелге қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын
хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі
мынадай тілек айтады: Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және
біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған
сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын
боласыздар».Тәуекелдің елшілері Мәскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп
күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тәуекелге
жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші орындалды.Құлмұхаммед елшілігіне жауап ретінде
1595 жылдың наурыз айында Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов
жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: