1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет11/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

7.Өлең және ұйқас түрлері
Өлең шумақтары. Шумақ деп өлең сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін айтады.Қазақтың бір ауыз өлең дейтіні бір шумақ болады. Шумақта тармақ екеуден кем болмайды.Өлең тармағы түрлі-түрлі. Қара сөзде бір шумақ өлең мағынасын бір абзацқа тіркескен сөйлем таптарымен салыстыруға болады. .Мысалы: «Сенің Отаның» өлеңін талдап көрейік.
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене? 1-шумақ
Оның тұлға, түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?

Отан - сенің ата-анаң,


Отан – досың, бауырың, 2-шумақ
Отан - өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Бұл жерде өлеңнің екі шумағы ғана беріліп тұр, негізінде өлең төрт шумақты.
Өлең шумақтары қазақ өлеңдерінде екі тармақтан бастап, он – он бес тармаққа дейін жетеді. Он –он бес тармақ, әсіресе, ауыз әдебиетіндегі шұбыртпалы ұйқаспен жырланатын батырлар жырында, термелерде жиі ұшырасады.
Сондықтан бастауыш сынып оқулығына енген өлеңдердің құрылысын талдап, үлгісін қарастырайық.Мысалы:
1. Екі тармақты шумақ
Жанған шамым, шам шырағым,/
Сенсің менің атқан таңым!//
(Бесік жыры.)
2. Үш тармақты шумақ
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын жанамын,
Күнге ғана бағынам.
( М.Жұмабаев.)
3. Төрт тармақты шумақ:
Кемедей көшіп комбайн,/
Алтын дария егінді.//
Сүзіп жүр маржан бидайын,/
Күзіміз неткен көңілді! //
(Т.Жароков.)
4. Бес тармақты шумақ
Көңілі – дария, ойы – аспан,/
Асқар шыңнан бойы асқан.//
Ай, күнімен аспанның /
Әзілдескен, сырласқан/
Ұшқыш болғым келеді! //
( Қ.Аманжолов.)
5. Алты тармақты шумақ
Ауыл көшті қыстаудан,
Әпке, апамдар қой сауған.
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты,
Егіндерін жыртыпты.
(І.Жансүгіров.)
6. Жеті тармақты шумақ
Қолымыздан іс алып,/
Мойыныңа күш алып,/
Бізді бағар ма екенсің?//
Құрығыңды майырып,/
Түнде жылқы қайырып, /
Жаудан жылқы айырып,/
Жігіт болар ма екенсің?//
(Бесік жыры.)
7. Сегіз тармақты шумақ
Қыстың күні болғанда,/
Қыстауға ауыл қонғанда,/
Тары көже пісіріп,/
Қотарып қазан түсіріп, /
Апаң қабын сөккені,/
Салдыратып төккені,/
Шым-шым суға шомылып,/
Құрттың жібіп бөккені. //
( І.Жансүгіров.)
8. Он тармақты шумақ
Аласұрып тиін жүр,/
Құдды үйірілген құйын бұл.//
Қағып қойып таңдайын,/
Ысқырады әрдайым.//
Қарғып шырша-шыршаға/
Мазаланды мұншама.//
Қазір боран соғады;/
Қырдың долы бораны,/
Тиін байғұс тоңады,/
Сол боранға обалы.//
(М.Әлімбаев.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет