« Редиф. Шығыс халықтарының поэзиясында өлең тармақтарына жалғас қайталанып отыратын жеке сөздер, сөз тізбектері, редиф көбіне балаларға арналған өлеңдерде жиі кездеседі. Редиф қосымша түрде ұйқастық қызмет атқарады. Ұйқас ырғағын, өлең әуенділігін, мелодиясын толықтыра, күшейте түседі. Мұндай өлеңдер оңай жатталады, балалардың айтуына ыңғайлы келеді. Редиф өлең ұйқастарының соңында ылғи бөлініп қалмай айтылады. Өлең ұйқастары өзгергенмен редиф өзгермейді, өз қалпын сақтайды. Балаларға арналған ауыз әдебиеті үлгілерінің жазба әдебиет үлгілерінен бір айырмашылығы осы редиф арқылы байқалады.
Әлди әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой-тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем, -
дегендегі өлең ұйқастарынан соң әлденеше рет қайталанып айтылатын «бөпем» - редиф. Мұнда өлең ұйқастары «қой, сой, той» сөздеріне аяқталған да, «бөпем» соған жалғас қосарлана қайталанған.
Немесе:
Айналайын, балам-ай,
Айналсын сенен анақ-ай, -
дегенде де дәл солай. Мұндағы «бөпем», «ай» деген сөздер өлең ұйқастыру үшін қолданылған емес, көбіне әуен сазын, ән сазын, өлең мелодиясын толықтыру, күшейту үшін қолданылған.»/2/
«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп,- деп жазады академик Қ.Жұмалиев,- бірақ негізгі және көп қолданылатыны мыналар:1) қара өлең ұйқасы; 2) шұбыртпалы ұйқас; 3) ерікті ұйқас; 4) кезекті ұйқас;5) шалыс ұйқас; 6) егіз ұйқас; 7) аралас ұйқас; 8) осы күнгі ұйқастар.
Өлеңді өлең ететін ырғақпен қатар ұйқас. Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі өзара ұқсас, дыбыстас естілуі.
Сарғайды (тоғай)
Сап-сары (маңай)
Соңғы әнін (айтып),
Құс кетті (қайтып).
Өлеңнің алғашқы екі тармағы бір ұйқаспен, соңғы екі тармағы бір ұйқаспен үйлескен. «Тоғай, маңай» сөздерінде де, «айтып, қайтып» сөздерінде де буын саны бірдей. Мұндай ұйқасты әдебиетте егіз ұйқас дейді.
Ғалымның тұжырымын құптай отырып, осы түрлердің үлгілерін ұсынамыз.
Қара өлең ұйқасы – бірінші, екінші, төртінші тармақтағы соңғы сөздері ұйқасады.
Туған тілде сыры терең жаным бар, - а
Туған тілде әнім менен сәнім бар. – а
Туған тілім тіл болудан қалса егер, - б
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар. – а
( Д.Әбілов.)
Достарыңызбен бөлісу: |