1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет35/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

30-Балалар әдебиетіндегі проза жанрының дамуы.
Проза (лат. prōsa) — әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).[1]
Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан – коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.

қазақ прозасының көркемдік өсуі мен дамуы деңгейіне, талаптық жағынан өсуіне көз жүгіртіп, 1960-1980 жылдардағы қазақ прозасының әр жанрына көз салмақпыз, сонымен қатар тарихи тақырыптардағы прозалық шығармаларды кезең-кезеңімен бөліп, қарастырып салыстыра талдауға талпынбақпыз [5, 10].Қазақ романы замананың үлкен шындығын, терең астарлы алуан құбылысын кеңінен суреттеп, халыққа эстетикалық тәлім, идеялық тәрбие таратуда бағалы қызмет атқарып келеді. Оларда халқымыз бастан кешірген ірі оқиғалардың өмір мен істі, сана мен мінездегі түбірлі өзгерістердің, сілкініп жаңарулардың, өктем өрлеулердің ұзақ шежіресі шертілген. Қазақ жазушылары ел тарихында елеулі рөл ойнаған оқиғалардың бірсыпырасын өз романдарында негіз етіп алды.Қазақ романы советтік ауыл алдындағы мерзім жүктеген тарихи міндеттердің шежіресі болған. Солардың ішінде 1960-1980 жылдар аралығында жарық көрген М. Әуезовтың «Өскен өркен», Т. Әлімқұловтың «Ақ бозат»,


С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», Ж. Молдағалиевтың «Торғай толғауы»,
Г. Тоқтаровтың «Бақыт», Қ. Исабаевтың «Сұңқар самғауы», З.Шашкиннің «Сенім» романдарын ерекше атап өтуге болады. Бұл романдарда өмір орнықтырушы, жасампаз адамдардың жаңа кезеңдегі істері суреттеледі.
Мәселен, Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» (1961) романнының тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның қазақ ауылындағы жаңғырығы. Осы арқылы жазушы соғыс кезіндегі ел бейнесін, ел намысын қорғаған адамдардың адамдық кейпі жайлы мәселе қозғайды.Романның өзіндік әп-әдемі формасы бар. Ондағы оқиғалар Еркіннің әңгімесі арқылы өрбиді. Романның үш дәптерді (әр бөлімі бір-бір дәптер) оның өмірінің үш кезеңі ретінде алынады. Жазушы ашқан өмір шындығы мен адамдар тағдыры нанымдылығымен бағалы. Роман кейіпкерлерімен де стильдік суреткерлік ерекшеліктерімен де ешкімді қайталамайды, өзіндік өнерін танытады.Казақ романы ішінде біздің замандастарымыздың бейнесін олардың өндіріс орындарында істеп жүрген мамандығымен, ондағы өзіндік қарым-қатынастары арқылы көрсетуді мақсат еткен шығармалар аз емес. Өндіріс Қазақстанның экономикасын көтеріп, кен орындарын игеру, онда жаңа қалалар тұрғызу сияқты үлкен жұмыстардың орталығы. Романдарының қатарына
З. Қабдоловтың «Жалын» (1975) Ш. Мұртазаның «Қара маржан» (1976),
М.Сәрсекевтың «Жаңғырық» (1979), А.Жақсыбаевтың «Егес» (1975), «Қорған» (1991), «Бөгет» (1981), Р.Сейсенбаевтың «Өмір сүргің келсе» (1978) атты романдары осындай мәселелерді қозғайды. Бұл романдарда тартыс негізінен өндірісінің төңірегінде өрбиді.
Бұрын С.Сейфулиннен бастап отыз жыл бойы созылып келген жұмысшы тақырып арқауы З.Шашкиннің «Теміртау» романынан кейін аз уақыт үзіліп қалғандай еді. Тек 1965 жылы жас жазушы Ш. Мұртазаның «Қара маржан» атты романы жарияланды. Оның геройы – инженер – рационализатор әдебиетте өзінің жаңа тың бейнесімен көз тартты. Бері келе ғылыми техникалық революция жағдайында ең маңызды моральдық – адамгершілік проблема көтеріп, СССР профсоюз премиясын алған З.Қабдоловтың «Жалын» романы және тағы да басқа көптеген романдар жарық көреді. Бірақ, өкінішке орай, бұлар жұмысшы тақырыбындағы үзілісті толтыра алмады. Көрнекті сыншы, ғалым әдебиетші, академик М.Қаратаевтың «.....қазақ әдебиеті, әсіресе оның прозасы жұмысшы табының алдында әлі де болса қарыздар, жұмысшының тұлғалы, толық қанды, жаны жайсаң образдарын жасау әлі де алда тұрған, кезек күттірмейтін абыройлы міндет» деген осыған дәлел бола алады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет