4. Кезекті ұйқас Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз.
Мысалы:
Сәулең болса кеудеңде, Танымассың, көрмессің,
Мына сөзге көңіл бөл! Қаптаған соң көзді шел.
Егер сәулең болмаса, Имамсыздық намазда
Мейлің тіріл, мейлің өл! Қызылбастың салған жол т.б. (Абай)
Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің
бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдарыболады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдарыұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.
5. Шалыс ұйқас Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір
түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол
ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды.
Мысалы:
Шаң шығармас жол дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
(Абай)
Шалыс ұйқас тек қана 7-8 буынды өлең емес, 11 буынды өлеңдерден де
кездеседі.
6. Егіз ұйқас Абайдың көп өлеңдерінде ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең
ұйқастарынан өзгеше түрлерін кездестіреміз.
Мысалы:
Алыстан сермеп, Қисынын тауып,
Жүректен тербеп, Тағыны жетіп қайырған;
Шымырлап бойға жайылған; Толғауы тоқсан қызыл
Қиуадан шауып, тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл!
Бұл
- Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлеңі.
Бір шумағы 8 жолдан құралады. 1-2 жол: «сермеп - тербеп» болып ұйқасады да,
3-жолдан ой бітпей: «шымырлап бойға жайылған» болып ашық қала тұрады. 4-5- жол «шауып - тауып» болып бір ұйқасады. Ой бітпей, уақытша ашық қалған 3-жол 6-жолмен ұйқасады. 7-жол 8-жолмен ұйқасады да, ой бітеді.
7. Аралас келетін ұйқас Біз келтірген ұйқастардың бірнешелерінен жиналып кеп жасалған ұйқастар бар.Бір шумақтың бірнеше тармақтары шалыс ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы ұйқастан, не егіз ұйқас, не басқа ұйқастардан құралады. Сөйтіп, бір шумақтың өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызады. Осы сықылды ұйқастарды аралас келетін
ұйқас деп атайды.
Мысалы:
Ата-анаға көз қуаныш -
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ержетті,
Не бітті?
(Абай)
Бұл үзіндінің өзі бір шумақ, 7 тармақтан тұрады. Ұйқас түрлері жоғары біз
келтірген өлең ұйқастарынан бөлегірек. Әйтсе де байланысы бар. Бұл шумақтың алдыңғы 4 жолы шалыс ұйқастан, соңғы 3 жолы шұбыртпалы ұйқастан құралған. Шалыс ұйқас пен шұбыртпалы ұйқастан жаңаша ұйқасты өлең жасалып отыр.Жалғыз ғана бұл екі ұйқас емес, басқа ұйқастардың да осылай араласып келуі мүмкін.